Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

25. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері.

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындғы қастынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін обектіге қарай азаматтық құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:

Мүліктік қатынастар

Мүліктік қатынастармен байланысты мүлктік емес өзіндік қатынастар

Мүліктік қатынастарымен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.

Мүліктік қатынастар екі түрде болуы мүмкін:

Тауар ақаша қатынастары.

Тауармен байланысты бірақ ақша орын алмайтын тігінен пайда болатын қатынастар.

Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастарға жеке тұлғаның жеке басымен байланысты қатынастар.Мысалы:аз есімі,абройы,іскерлік беделі т.б.Мүліктік емес құқықтық қатынастар азаматтық құқықпен реттелінеді егер де;

Басқа құқық салалрымен реттелінбесе;

Егер жеке мүліктік емес қатынастарға мәніне қайшы келмесе;

Азаматтық құқықтық қорғау құралдарымен қорғалуы.

Мүліктік қатынастарымен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастарға авторлық құқықты жатқызуға болады.

26. Заттарды азаматтық құқықтардың объектісі ретінде классификациялау.

Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

Затты заңдық жағынан классификациялау көбіне көп оның табиғи қасиетіне (физикалық немесе экономикалық) немеесе қоағмдық маңызына негізделеді және әр құқық субъектілерінің белгілі бір заттың түріне қастысты әрекет етуін айқындайды.АК 117 бабына сәйкес заттарыдың өзі жылжымалы және жылжымайтын болып екіге бөлінеді.Затты жылжымайтындар қатарына жатқызу екі жағдайда,яғни материалдық жағынан затты жерден аыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты.Кейбір жағдайларда заң қозғалатын мүліктерді тап айтқанда,әуе және теңіз кемелерін,ішкі суда жүзу кемелерін ,өзен теңіз жүзу кемелерін,ғарыш объектілерін жылжымайтын түрге жатқызады.Жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілер тізімі тоық еместігін еске сала кеткен жөн АК те заң актілері бойынша жылжымайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.Жылжымайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады.Заң бойынша кәсіпорын термині екі мағынада кәсіпоырн деп аталады.Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қжетті деген барлық мүлік түрлері енеді.Соның ішінде үйлер,ғимараттар,құрылыстар,құрал жабдықтар,шикізаттар,өнімдер,жер учасксіне құқық,талап ету құқығы,борыштар,сондай ақ атауын белгілейтін белгілер егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе әне тағы басқа айрықша құқықтар болады.

АК тің жүз он алтыншы бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын,айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.

Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән нәрсе.Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айырылады.Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнен(өзінің шаруашылық мақсатын ) жоғалтып алады,сондай ақ құжаттарында көрсетілгендей,бөлуге жатпайтын заттар кездеседі(мәселен ескерткіш).Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік.Егер әр текті заттар бірігіп,бір мақсатқа пайдаланылса,әрі бүтін бір затты құрайтын болса,олар бір зат деп қаралады.Оған мысал ретінде:кітапхана,пошта маркаларының коллекциясын және т.б. айтуға болады.Ак те затты басты және керек жарақ (қосалқы) деп бөледі.Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады.Керек жрақ зат басты затқа қызмет етеді,өйткені,олардың шаруашылық мақсаты бір болады,егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе,басты затқа ілесіп жүреді.(мәселен құлыптың кілті,скрипканың қыл шыбығы.АК те жемістер,азық түлік және табыс деген заттар да қаралған.Бұл затты пайдалану нәтижсінде алынған түсім.Жемістер деп отырғанымыз малдың төлі,жеміс ағатарының жемісі және т.б.,ал табыстар азаматтық айналымда пайда түсіреді.,оған жалдамалы ақы,пайыздар және т.б.АК жануарларды да объект ретінде қарастырады.Ерекше объектілерінің бірі заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады.Азаматтық құқық лбъектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар.Ақша төлемнің заңды құралы болып табылады:ақшаға шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болын ақша тлемі етуге болады.Азаматтық құқық объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады.АК тің жүз жиырма тоғызыншы бабында оған мынадай анықтама берілген.белгіленген нысан мен мндетті реквизиттерді сақтай отырып,жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады.Мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация,консамент,акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]