Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

22. Субъективтік азаматтық құқықтар мен міндеттердің түсінігі.

Азаматтық құқықтық қатынастар барлық қоғамдық қатынас секiлдi тұлғалардың өзара қарым қатынасы болып табылады. Бұл қатынас бойынша субъектiлердiң әрқайсысы не құқыққа не мiндетке ие болады. Ал, кейбiр жағдайларда екi жақты құқықтық қатынас болуы да мүмкiн. Мұндай жағдайда суъектiлердiң екеуiнде де құқық та мiндет те болады,яғни бiр мезгiлде борышқор да несие берушi де бола алады.Азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi құрайды. Қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудi жүргiзу кезiнде, қатысушылары кейiннен олардың әрекеттерiн анықтайтын субъективтiк құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Құқықтық қатынаста өзара әрекет олардың қатысушыларының субъективтiк құқықтары мен оларға жүктелген мiндеттерге сәйкес жүзеге асырылады. азаматтық құқықтық қатынастың мазмұнын ашу үшiн субъективтiк құқықтар мен мiндеттердi қарастыруымыз керек. Субъективтiк құқық дегенiмiз- құқыққа ие тұлғаның заңмен анықталған әрекетi болып табылады. Құқыққа ие

тұлға белгiлi бiр әрекеттердi өзi жүзеге асыруы мүмкiн. Азаматтық заңға байланысты меншiк иесi өз мүлкiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығына ие. Субъективтiк мiндет дегенiмiз- мiндеттi тұлғаның заңда көрсетiлген тиiстi

әрекеттерi болып табылады. О.С. Иоффенiң берген анықтамасы бойынша, субъективтiк құқық дегенiмiз- мiндеттi тұлғалардың белгiлi бiр әрекеттерiн қамтамасыз ететiн амалы, ал құқық иесi үшiн қоғам өмiрiнiң материалдық жағдайымен нақтыланған, кепiлденген, оның өз әрекеттерiн

орындау мүмкiндiгi. Субъективтiк азаматтық құқық пен мiндеттердi тiкелей азаматтық құқықтық қатынастың мазмұнын құрайды, олар бiрлесiп азаматтардың әрекетiн реттейтiн бiрден бiр әдiс ретiнде, азаматтардың мүдделерiн қанағаттандыруды азаматтық құқық нормаларына

сәйкес жүзеге асырады.Субъективтiк құқық пен оған жауап беретiн субъективтiк мiндеттер субъектiлердiң мүмкiн және тиiстi әрекеттерiнiң сипатына байланысты ажыратылады. Құқыққа ие тұлға да белгiлi әрекеттердi өзi жасау мүмкiндiгi болған жағдайда, оған ешкiм кедергi жасамау керек, яғни мiндеттi тұлға енжар жағдайда, әрекетсiздiкте болады. Егер құқыққа ие тұлғаның құқығы белгiлi бiр әрекеттi талап теу мүмкiндiгi белгiлi бiр әрекеттi талап теу мүмкiндiгiнен туса, мiндеттi тұлғаның мiндетi сол әрекеттi орындау, яғни оның белсендi әрекетiнде. Барлық жағдайда да құқықтарды жүзеге асыру мiндеттердi орындау құқықтық қатынастың құқыққа ие субъектiнiң құқықтық мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталады.

23.Мәмілне жарамсыз деп танудың негіздері.

Мәміле заң фактілерінің бірі болып табылады. Мәмілелер – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге не тоқтатуға бағытталған әрекеттері.

Жарамсыз мәміленің түсінгі:Азаматтық кодекстің жүз елу жетінші бабында бұл туралы былай делінген:Мәміленің нысанына,мазмұнына және қатысушыларына ,сондай ақ олардың ерік білдіруінің бостаныдығна қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың тиісті мемлекеттк оргнанның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.Жарамсыз мәмілелердің түрлері:Азаматтық құққ теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:субъект ақауы болатын мәміле;ерікке қатысты ақауы бар мәміле;нысанның ақауы бар мәміле;мазмұнының ақауы бар мәміле.Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтін ке келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар.

Жарамсыз деп танудың негіздері:Қажетті лицензия алмай,не лицензияның қолданылуы күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле;АК тің жиырма үшінші бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле ;Есуастық немесе ақыл есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле ;Сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.Елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша;Алдау,қорлық,қорқыту ықпалымен жасалан мәмілені сондай ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені сот жәбірленішің талабы бойынша;Бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілені сот жәбірленуші тараптың талабы бойынша ;заңды тұлғаның осы кодексте,өзге заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы етіп жасаған,не оның оргнаның жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі,егер мәміледе басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе білуге тиіс болғаны дәлелденсе,заңды тұлғаның немесе оның құрылтаушысының мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамыз деп танылуы мұмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]