Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

19. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері.

Азаматтық құқықтық қатынастар – азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және қатысушылары өзара субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын мүліктік және мүліктік емес қатынастар.

Элементтері:

  1. Азамат-қ құқықтық қатынастардың субъектілері-субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие құқықтық қатынас қатысушылары.Олар:

  • Қазақстан азаматтары, шет елдік азаматтар, жеке азаматтығы жоқ тұлғалар

  • Қазақстандық жеке шет елдік  заңды тұлғалар

  • Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер

2. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері – пайдалануға не қорғауға субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер бағытталған нақты игіліктер. Құқықтық қатынастардың объектілері құқылы тараптардың мүддесімен байланысты болады және оның билігіндегі, мемлекет қорғауындағы игіліктер болып табылады. Оларға: заттар, ақша, бағалы қағаздар, материалдық емес игіліктер, жұмыс, қызмет т.б. жатады.

3. Азаматтық құқық мазмұны субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерден құралады. Суб-к құқық-құқық нормаларында қарастырылған мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Заңды міндет-құқық нормаларында қарастырылған қажетті жүріс-тұрыс шамасы. Құқылы не міндетті тараптардың бірі болмаса, құқықтық қатынас та болмайды.

20. Мәмленің нысандары.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.

Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.

Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

21. Шаруашылық серіктестіктердің түсінігі және олардың ерекшеліктері.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне(салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серікстестік деп танылады.Құрылтйшылардың салымдары есебінен құрылған ,сондай ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.

Шаруашлық серіктестіктер және оның түрелері:Шаурашылық серіктестіктерді құру мен олардың қызметі 1995 ж 2мамырда қабылданған ҚР Президентінің «Шаурашылық серіктестіктері туралы» Заң күші бар жарлығымен реттеледі.Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заі актілерімен қаралуы мүмкін.Ал олардың нормалары АК ке сай келуі тиіс.Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған;Толық серіктестік;Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; Сенім серіктестігі.ШС нің құрылтаушылары тіркеуден өткеннен кейін қатусушы мәртебесін алады.Шаруашалық серіктестігінің құрылтаушылары жалпы ереже бойынша заңды тұлға да,жеке тұл,а да бола алады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.Азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады.

Серіктестің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктестіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар,серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік Сенім серіктестігі деп танылады.

Бір немесе бірнеше адам құрған,жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны шектелмейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды.

Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады. . Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi жарғыда көзделедi.Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]