
- •22. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қарым-қатынасы мен ұйымдастырушылық негіздері
- •9.«Мемлекеттік орган», «мемлекеттік аппарат», «мемлекет механизмі» ұғымдарының ара қатынасы
- •12. Қр мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының сызбасын бейнелеңіз
- •13.Мемлекеттік басқару стилі және оның тәжірибеде қолданылуы
- •15. Конституциялық кеңестің негізгі функциялары
- •16. Орталықсыздандыру үрдісі және түрлері
- •19. Қр Үкіметі және оның негізгі функциялары
- •20. Мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік категориясы және оның мемлекеттік басқарудағы орны
- •22.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік билік: байланысы, ара қатынасы
- •27.Мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс Кодексінің негізгі ережелері
27.Мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс Кодексінің негізгі ережелері
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі:
1. Жалпы ережелер; 2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары; 3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы; 4. Көпшілік алдында сөйлеу; 5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы бөлімдерінен тұрады.
1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары Кодекс талаптарының орындалуын, Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметшілер:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
2) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
3) қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге;
4) мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
5) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға міндетті.
28.ҚР-ғы атқарушы билік органдарының сызбасы. Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б ҚР Үкіметі министірліктер мен агенттіктерден турады. МЫНАНЫ СЫЗБА ЕТІП СЫЗЫҢДАР ӨЗДЕРІҢ, СИМАЙДЫ МЫНДА!!!!!!!!!!!!
Әдiлет министрлігі
Байланыс және ақпарат министрлігі
Бiлiм және ғылым министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Iшкi iстер министрлігі
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Қаржы министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Мәдениет министрлігі
Мұнай және газ министрлігі
Сыртқы iстер министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігі
Экономикалық даму және сауда министрлігі
Агенттіктер:
Бәсекелестікті қорғау агенттігін (Монополияға қарсы агенттік
Дін істері агенттігі
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
Статистика жөнiндегi агенттiк
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Ұлттық ғарыш агенттігі
29.ҚР-ғы заң шығарушы билік органдарының жүйесі. Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді. ҚР заң шығарушы органы ПАрламент б.т.
Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
30.ҚР-ғы сот билігі органдарының жүйесі.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Конституцияның 55-бабының 3)-тармақшасында белгіленген жағдайда, — Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
1 блок
«Басқару» категориясының мәні және оның қоғамдағы ролі
Мемлекеттік басқарудың спецификасы мен мәні
Мемлекеттік құрылыс формалары
Мемлекеттің қоғамдық функциялары
Мемлекеттік басқарудың объективті негіздері
Мемлекеттік басқару функциялары
Мемлекеттің экономикалық функциялары
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы
Мемлекеттік басқару қағидалары
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу
Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігінің критерийлері
ҚР мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуының құқықтық және экономикалық негіздері
Мемлекеттік басқарудың негізгі көрсеткіштері
Мемлекеттік басқарудағы заңдылық және тәртіп
Мемлекеттің негізгі сипаттары мен типологиясы
2 блок
Мемлекеттік билік түсінігі
Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралы ретінде
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі формалары мен әдістері
ҚР аймақтық басқару ерекшеліктері
Жергілікті басқарудың даму тарихы, муниципалдық менеджменттің әлемдік модельдері
Орталық және аймақтық басқару органдары: жауапкершіліктің бөлінуі мен өзара әрекет ету қағидалары
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қарым-қатынасы мен ұйымдастырушылық негіздері
ҚР жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару дамуының экономикалық механизмі
ҚР мемлекеттік органдарының түрлері
Мемлекеттік басқарудағы заң шығарушы билік пен оның органдарының ролі
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік
Экономика саласындағы мемлекеттік басқару
Мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының мазмұны
Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі
Мемлекеттік басқару субъектілерінің жіктелуі
3 блок
ҚР Конституциясы және оның негізгі ережелері
«Қоғам дамуындағы мемлекеттің ұйымдық-функционалдық құрылымының ролі» тақырыбында эссе жазыңыз
ҚР-ғы нормативтік-құқықтық актілердің жіктелуі
ҚР мемлекеттік қызмет және оның құқықтық базасы
ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізгі ережелері
Мемлекеттік басқару қағидаларының қолданылуы, мысал келтіріңіз
Мемлекеттік органның құрылуының сызықтық әдісі
Мемлекеттік органның құрылуының функционалдық әдісі
«Мемлекеттік орган», «мемлекеттік аппарат», «мемлекет механизмі» ұғымдарының ара қатынасы
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі ережелері
ҚР-ғы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдірудің бағыттары
ҚР мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының сызбасын бейнелеңіз
Мемлекеттік басқару стилі және оның тәжірибеде қолданылуы
Парламент және оның конституциямен анықталған қызметі
Конституциялық кеңестің негізгі функциялары
Орталықсыздандыру үрдісі және түрлері
Жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарының аймақ дамуындағы рөлін анықтаңыз
Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлемдік модельдерін сипаттаңыз
ҚР Үкіметі және оның негізгі функциялары
Мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік категориясы және оның мемлекеттік басқарудағы орны
Адам мемлекеттік басқару объектісі және субъектісі ретінде
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік билік: байланысы, ара қатынасы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі
Мемлекеттік басқарудағы жариялылық және оның іске асырылуы
Мемлекеттік рәміздердің идеологиялық мағынасы
ҚР-ғы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары
Мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс Кодексінің негізгі ережелері
ҚР-ғы атқарушы билік органдарының сызбасы
ҚР-ғы заң шығарушы билік органдарының жүйесі
ҚР-ғы сот билігі органдарының жүйесі
24.Мемлекеттік басқарудағы жариялылық және оның іске асырылуы. Жариялылық - мемлекеттік және басқа да институттардың іс-әрекеттерінің ашықтығы, ақпараттың кең таралуы, ұйымдар, мекемелер мен лауазымды тұлғалардың азаматтарға ашықтығы, қоғамдық пікірді анықтау және есептеу, қабылданған шешімдерді жариялау.Сот ісін жүргізу барысында қолданылатын барлық заңнама актілерінің басты құндылығы адам және оның құқықтары мен бостандығы болып табылатын демократиялық мемлекеттің конституциялық принциптерін сабақтастыра іске асыруға бағытталған. Осыған байланысты соттарға жариялылықты заңсыз шектеу жағдайларына жол бермеуге, барлық мүдделі адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттеледі. Сот отырысындағы жариялылықтың негізгі мақсаты - процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен танысуын, сот шешімінің көпшілікке жариялануын, тараптардың процеске қатысушы басқа адамдардан түскен шағымдармен танысуын және олар туралы хабардар болуын, соттың кез келген сатысында істің қаралатын уақыты мен орны туралы және қабылданған сот актілерінің орындалуы туралы құлағдар болуды қамтамасыз ету болып табылады. Жариялылықтың өзі судьялар мен бүкіл сот жүйесінің ашықтығы мен көрнекілігін білдіреді.Жариялылық сондай-ақ заңда көрсетілген жағдайларды сақтай отырып сот отырысы кезінде тікелей хабар жүргізуді, киноға және суретке түсіруді және бейнетаспаға жазып алуды көздейді.Азаматтық іс жүргізуде жариялылықты шектеу мемлекеттік құпияны қорғау және Конституцияның 18-бабында көзделген әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына, салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ заңда тікелей көрсетілген жағдайларда ғана мүмкін болады.
25.Мемлекеттік рәміздердің идеологиялық мағынасы Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бөлігі бола, елдің рухани дамуына, идеалдық-адамгершілік мәдениетіне және тәуелсіз идеясының дамуына әкеледі. Мемлекеттік рәміздерді өзінің Отанына қызмет етуге, ізгілікке, тарихты құрметтеуге және халықтың дәстүрлерін сақтауына бағытталған.
Рәміздер Қазақстан қоғамының үлгісі ретінде дүниежүзілік түпмәтінде қалыптастырған. Қазақстанда жаңа мемлекеттік рәміздерінің индивидуалдық жаңғарту процесі болып жатыр. Бұл заңдылықтын керектігі, мемлекеттік рәміздердің ресми жариялану тарихының тұруы адам санасының қалыптасыуына тән. Рәміздер Егемендік Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттің идеологиясын, оның тарихи дамуын, ойланумен философиясының негізгі бағыттарын айқындайды. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев белгіленгендей «Барлық уақытың және барлық халықтың мемлекеттік рәміздері мемлекеттің тәуелсіздігі мен шоғырлану негіздемесі болған. Бізде шамалы, идеалы елтаңба, ту және әнуран бар». Мемлекеттік рәміздердін құрметтелуі конституциялық нормалардың маңызды қатарына жатады. 2007 жылдың 4 шілдесінен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңында айтылған, оның территориясында тұрған, барлық тұлғалар, ту, Елтаңба, әнуранды құрметтеуге міндетті. Ту әр мемлекеттің рәміздерінің бірі, оның бірқалыптылық пен егемендігін көрсететін. Мемлекеттік ту өзінде ұстайтын ағаш дұрыс геометриялық матаны жабдықталған, көгілдер түсті ортасында күнін көзі мен күн сәулелері астында – бүркіт бейнеленген. Күннін көзі ұлттық ою сатылас орналысқан. Күннін көзі, оның сәулелері, бүркіт және ұлттық ою-алтын түсті суреттелген.
Елтаңбатану дәстүрі бойынша әр түс өзінің мағынасын бейнелейді. Сонымен, алтын билікті, күштілікті, байлықты, бірқалыптастылықты, біліктілікті, үмітті, әділеттілікті, ізгілікті, рақымшылықты, адамдылықты білдіреді. Көгілдір түс адамдылықты, мақсаттылықты, мінсіздікті білдіреді. Сонымен қатар, бұл түс аспан мен ауаға лайықты.
Ескі заманнан ту еліміздің халқын бірігу және нақты сауаттылық жүйесінің функциясын атқарады.
Елтаңба әлем бойынша тыналған маңызды мемлекеттік символ. «Елтаңба» термині неміс тілінен «мұра» немесе «өнілі» деген мағынаны білдіреді және айрықша мемлекеттік белгі болып табылады. Тарих бойынша, Қазақстан территориясында мекендеген сақ тайпасы өзінді ерекше белгімен рәміздеген – «төтеммен» сонымен «тамға» деген мағынаны алды. Алғашында бұл термин түрік қағанатымен қолданылған.
Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік елтаңбасыоралым форма түрінде және көгілдер түсті шанырақ, одан шығатын уық күн көзінің сәулелері түрінде таралатынын белгеленген. Оң және сол жағында мифтік қанатты тұлпарлар бейнеленген. Үсті жағында бес бұрышты жұлдыз, ал астынғы жағында «Қазақстан» атауы жазылып тұр.
Шанырақ, киіз үйдің негізгі бөлімі, форма бойынша аспан күмбезі сияқты, адамдардың санасында өмірлік маңызды элементінің бірі болып табылады. Сонымен, шанырақ өзінді далалық уақыт - күн қозғалыс жылдамдылығының көрсеткіші, себебі шанырақтын белгілері бойынша күннің уақытын білуге болады.
Республика елтаңбасының шанырақ бейнесі – біздің ортақ үйіміздің бейнесі, Қазақстанда мекендейтін, ортақ халықтың Отаны. Әр адамның бахыты өзіндік ырысынан, шанырақтың біріктілігі уықтардың күдерлігіне байланысты болады.Мемлекеттің болашағы,азаматтардың бірлік пен татулық,орта береке ортақ үйге күшін салады.
Мифтік қанатты тұлпарлардың бейнесі-тұлпар күштілік пен қайраттылық мағынасын береді.Қанаттар Қазақстаның көпхалықтық мемлекеттін күштілік пен даму арманың белгісі.Олар таза ойды және қарқынды,қоғамдағы табиғат пен әлемдік цивилизациялы үйлесімдігіне,жоғарғы мақсатқа және дамуына жету болады.
Бесбұрышты жұлдыз-өмір бойы әкелеттін,күштілік пен жарық дүниенін белгісі.Ол нақты жарықтың «Таң жұлдызы» деген мағынада.
Әнұран-еліміздің азаматтарының әлеуметтік-саяси консилидациясы мен этностық мәдениет идентификациясының маңызды мәнін білдіретің дыбыстық рәміз.
«Гимн» өзіндік термин «gimneo» грек сөзінен шыққан, «салтанатты ән» деген мағынада. Қазақстан Республикасының негізгі әнұраны «Менің Қазақстаным» атты отаншыл ән халықта кең тараған болып кетті.Халықтың әні болып кеткен,ән,халықтың дастаны ретінде қабылданды.Жалдықтар бойы әні Шәмші Қалдаяқовтың және сөзі Жұмакен Нажимеденовтың халықта өте әйгілі болды.Президент Н.Ә Назарбаев –Қазақстан әнұранының бірлесен авторы,оның сөздері нақты қазіргі уақытпен қосты.
Жалпы мемлекеттік рәміздер жас егеменді мемлекет пен тарихи дәстүр түрінде белгіленген.Бұл кен тараған мемлекеттік міндет,өз елінің әулиетті рәміздерін жастарды құрметтеуге ,жоғарғы адам құндылықтар үйлесімдігіне,көпұлттық республиканың дәстүрлері мен әдет-ғұрпына шақырады.Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу,оларды дұрыс түсінуге және мән беруге бағытталған.Мемлекеттік рәміздерінің тарихын және мәнін білуі халық тарихы туралы біліктілігі,жастардың азаматтық көз қарасын көтереді.
17. Жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарының аймақ дамуындағы рөлін анықтаңыз. Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды. Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi;
Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: “...Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз... Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген болатын.
Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің өздерінен жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы керек . Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді. Онда мәслихаттар туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық қатынастар проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты пайдалануды, басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар еді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеудің теориялық базасы Еуропа Хартиясы бекіткен муниципалды демократия мен муниципалды басқарудың әлем мойындаған құндылықтарынан тұратыны белгілі. Олар мыналар: жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық құрылыс негіздерінің бірін құрайды; азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқы тікелей жергілікті жерде жүзеге асырылады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шынайы биліктің үлес беруі; демократиялық жолмен құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы өзінің құзырына кіретін мәселелерді үй ішінен үй тіккендей бөліп алуы және оларды жүзеге асырудың тәртібін анықтап алуы керек және ол үшін қаржысы болуы қажет.
Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқаруды енгізу Қазақстанның бірнеше халықаралық саяси институттарға және үдерістерге қатысуына, бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрінуіне, ЕҚЫҰ-ны басқару мақсаттарымызға және Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыруымызға қызмет етуге тиіс.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының екі ерекшелігіне тоқталсам деймін. Біріншіден, онда халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесі нақтылы цифрлармен дәйектелген. Әсіресе, ана мен баланы әлеуметтік жағынан қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Екіншіден, Жолдауда жергілікті өкілетті органдардың жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамыту мәселесінің де қамтылғанына ризашылық сезімімізді білдіреміз. Бұл өзі еліміздегі саяси реформаны жүзеге асырудың заңды жалғасы деп білеміз. “Мәскеу бірден орнаған жоқ” деген қанатты сөз бар ғой. Сол секілді саяси реформаны жүзеге асыру әсіре науқаншылдықты, асығып, аптығуды көтермейді. Ол үшін, ең алдымен, тәжірибе жинақтауымыз керек. Мәселен, өткен жылы аудандық, қалалық деңгейдегі әкімдерді депутаттар корпусы арқылы сайлау басталды. Әкімдердің мәслихатта, депутаттардың алдында есеп беруі дағдылы іске айналды. Жергілікті бюджетті бекітіп, оны қадағалап отыру мәслихаттың құзырында. Міне, енді жергілікті мәслихатқа қосымша мүмкіндіктер беріліп отыр .
Елбасы айтқан қандай міндет пен тапсырма да еліміздің дәулеті мен Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт, тату-тәтті өмірін орнатуды мақсат тұтады. Ал оны жүзеге асыруда биліктің жергілікті органдарының тиімділігін, халықтың өзі сайлап қоятын мәслихаттардың рөлін арттыру керек. Ол орталықсыздандырусыз жүзеге аспайды. Мәжілісте сөз алған сенаторлар, Сенат жанындағы Жергілікті өкілетті органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің мүшелері қоғамды демократияландырудың бір жолы – орталықсыздандыру мен жергілікті өзін өзін басқарудың өзекті мәселелерін ортаға салды.