Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАРКЕТИНГ ТЕОРИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
70.89 Кб
Скачать

27.Өткізуді ынталандырудың мәні мен құралдарының түрлері.

Тауарды сатуда өтімді ынталандыру үшін қысқа мерзімде түрткі шаралар пайдаланады. Келесі жағдайда қолданылады:

1)рынокта ұқсас тұтыну қасиеттерімен бәсекелес тауарлар сатылған кезде;

2)рынокқа жаңа тауарды ұсынғанда, немесе фирма жаңа рынокқа шыққан кезде;

3)тауар «құлдырау» өмір кезеңінде келген кезде;

4)төмендеген сұранысты жандандыру үшін;

5) ұсынған тауарларға тұтынушылардың ақпараттығын күшейту үшін.

Өтімді ынталадырудың ерекшеліктері:

Тауарға деген тартымдылықты күшейту-ол үшін әлуетті тұтынышылар арасында лотерея,купондар таратылады және сол арқылы оларды қызықтыру.

Сатып алуға шақыруларды көбейту- ол үшін тез арада сатып алуға шақырулар әдісі қолданылады.

Сатып алуға тұтынушыларды талаптандыру –ол үшін тұтынушыға құнды болып табылатын жеңілдіктер ,кепілдемелер, бағаны төмендету әдістері қолданылады.

Өтімді ынталандырудың 3 әдісі:

1)Делдалдарды ынталандыру.Бұл жол жанама өткізу арналарын пайдаланылады.Делдалдарды ынталандыру үшін : баға жеңілдіктері, біріге жанама жүргізу, сауда жарыстарын жүргізу, тауарды тұтынушыға жеткізу.

2) Өткізумен айналысатын фирма жұмысшыларын ынталандыру. Жұмыс сапасын жақсарту мақсатымен уәждеме қолданылады. Мысалы, ақшалай, заттай сыйлықтар, қосымша демалыс уақыттарын беру т.б.

3) Тікелей тұтынушыларды ынталандыру. Мұнда тұтынушыларға баға жеңілдіктері, купондар, кепілдемелер, тауармен ресми таныстырулар өткізіледі.

28. Стратегиялык жоспарлау процесі.Стратегиялық жоспарлау процесіфирманың мақсаты мен әлуетті мүмкіндіктері арасындағы стратегиялық сәйкестікті келтіруді және оны қолдауды басқару үшін жүргізіледі. Стратегиялық жоспарлау:

1) ұйым жұмысының бағытын анықтауға және маркетинг зерттеулерді құрылымын ,тұтынушыларды зерттеу, өнімді жоспарлау үдерісін жақсы игеруге мүмкіндік береді.

2) фирманың жалпы мақсаты мен оның бөлімшелерінің міндеттерін дұрыс үйлестіруді қамтамасыз етеді.

3) фирманың және бәсекелестердің мықты және әлсіз жақтарын бағалауға мүмкіндік береді.

4) қолдана алатын баламалы әрекеттерді анықтауға жағдай жасайды.

5) фирма қорларын дұрыс бөліп пайдалануға негіз жасайды.

Стратегиялық жоспарлау келесі тараулардан тұрады:

1.Мекеменің мақсатын белгілеу тарауы. Фирма мақсатын орындау нәтижесінде қандай тұтынушылар тобына қызметтер көрсетілетіні, қандай қызметтер түрлері орындалатыны және қандай өндіріс үдерістері қолданылатыны анықталады.

2) Стратегиялық шаруашылық бөлімшелерін құру.(СШБ) СШБ- фирма құрамындағы белгілі рынокқа әрекетін шоғырландырып және барлық іс-қимылын бір стратегияға бағындырып, толық байланысты жұмысын жүргізетін тәуелсіз фирма бөлімшелері болады. Жалпы сипаттамалары: нақтылы белгілі әрекетке бейімделуі; дәл мақсатты рынок игеру,өз ресурстарын өздері бақылауы;жеке өзінің стратегиясының болуы;анық белгіленген бәсекелес тердің болуы; өзіне тән ерекшеліктердің болуы.

3) Маркетинг мақсатын белгілеу тарауы. Әрбір СШБ өзінің маркетинг мақсатын белгілейді. Ол мақсаттар сан және сапа көрсеткіштерімен анықталады.

4)Жалпы фирма жағдайын талдау. Маркетинг мүмкіндіктері және кездесетін мәселелері анықталады. Бұл тарауда екі сұраққа жауап беру керек. Фирманың қазіргі жағдайы қандай? Және Ол қандай бағытта өзгеруі мүмкін?

5) Маркетинг стратегиясын дайындау тарауы. Марткетинг стратегиялары мақсатты рынокты тауарға қалай қызықтыруға, оның қажетін қалай қанағаттандыруға және фирманың мақсатына жету үшін маркетинг кешенін қалай қолдануға болатынын анықтайды.

6) Тактиканы қолдану тарауы. Тактика- қаблыданған маркетинг стратегиясын іске асыру үшін орындалатын нақты әрекеттерді қамтиды.

7) Нәтижелерін орындалуын бақылау тарауы. Жоспарланған көрсеткіштер белгілі бір мерзім аралығында қол жеткен нәтижелермен салыстырылады. Ол үшін қаржының жұмсалуы, жұмыс кестесінің орындалуы, тауарды өткізу мәліметтері мен шығындар талданылады.Егер жұмыс жоспары орындалмаған болса, фирма оның себептерін анықтап тиісті шаралар белгілейді.