Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАРКЕТИНГ ТЕОРИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
70.89 Кб
Скачать

13. Тауар саясатының ролі, мақсаты және міндеті.

Тауарлық саясат.

Тауар саясаты тауар өндірушінің іс-әрекеттерінің нақты бағытын немесе рыноктағы мінез-құлық ұстанымдарының жиынтығын бетке ұстайды, бұлар оған бәсекелестік басымдылық береді.

Анық-айқын тауарлық саясат тауарлық ассортиментті жаңарту үрдісін оңтайландырып қоюмен қатар іс-әрекеттердің жалпы бағытталуының сілтемесі де бола алады.

Тауар саясаты - фирманың шаруашылық және маркетингтік саясатының құрамдас бөлігі. Тауарлық саясатты өңдеу (қалыптастыру) болашақтағы өндіріс, өткізу және экспорттау мақсаттары туралы, фирманың өндірісті өткізушілік қызметінің стратегиясы туралы, рынокті жақсы білу және оның талаптары туралы, қазіргі уақытта және болашақтағы өз мүмкіндіктері және ресурстары (зерттеушілік, өндірушілік, өткізушілік және т.б.) туралы айқын мағлұмат талап етеді.

14. Тауар ассортименті және оның негізгі көрсеткіштері.

Тауар ассортиментін жоспарлау, құру жәнебасқару маңыздылығы тауар өндірущілер өздерінің өндіріс мүмкіндіктеріне қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттардыру үшін керек кезде нақты тауарлар жиынтығын ұсынуға бығытталған. Ассортимент – өндіруші – кәсіпорын нарыққа ұсынған белгілі тауардың жиынтығы.

Тауар түрі функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай ассортименттік топтарға бөлінеді. Әр топ топтастырудың төмен сатысын көрсететін ассортименттік позициядан тұрады.

Тауар ассортименті көрсеткіштерімен сипатталады: ені, тереңдігі, салыстырмалдығы. Ассортимент ені – ассортиметтік топтардың саны. Ассортимент тереңдігі – әр ассортимент топтағы жайғасым саны. Ассортимент салыстырмалдығы – тұтынушылар көзқарасынан, түпкі қолдануға, тарату арналарына және бағаға байланысты ұсынған ассортименттік топтардың арақатынасы.

Ассортиментті құру арқылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке сериаларының мәселелері, «ескі» және «жаңа» тауарлар, арақатыгасын анықтауға болады. Ассортименті құру кезінде баға, сапа, кепілдеме, сервистік қызмет мәселелері пайда болуы мүмкін.

Ассортимент құрудың алдында фирма ассортимент құғидасын өңдейді. Ассортименттік қағида мақсатыфирманы нақты тұтынушылар сұраныстарының түрлері мен құрылымна сәйкес тауарларды өндіруге бғыттау болады.

Ассортименті жоспарлау жұмысы қажетті анықтаудан, немесе нарықты зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым қалыптасқаннан кейін басталады.

15. Жаңа тауарды жасау кезеңдері.

Жаңа тауар – қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиетерімен ерекшеленіп рынокқа ұсынылған жаңа өнім.

Жаңа тауар өңдеп және рынокқа шығару инновациялық саясаттың принциптері мен әдістеріне сәйкес іске асырылады.

Жаңа тауарларды маркетинг тұрғысынан былай жіктеуге болады:

1. Тауар – жаңалық, мұның рынокта ұқсасы жоқ, бұл жаңа ашылымдар және өнертабыстары негізінде дүниеге келеді. Американдық ең ірі фирмалардың өнімдері ішінде мұндай тауарлар 10 %-да кездеседі.

2. Ұқсас тауарлардан салмақты сапалық басымдылығы бар тауар (дәстүрлі грампластинкаларды алмастырушы лазерлік дисктер).

3. Рыноктік жаңашыл тауар, яғни тек белгілі рынокта ғана жаңа (кабелдік теледидар батыста кемелденген кезеңінде, ал Қазақстанда – бұл қызметтің жаңа түрі).

Жаңа тауар өңдеу үрдісін идеялардың (ұсыныстардың) мүмкіндігінше көп санын жинаудан бастайды.

Бұдан соң идеяларды алғашқы бағалау өткізіледі, мақсат олардың ең тиімділерін таңдап алу.

Таңдалып алынған идеяларды, потенциалды тұтынушылардың талап –сұраныстарын ескере отырып, концептуалды сараптауға салады. Нәтижесінде ең тиімді және іске асырылымды идея қалдырылады. Осыдан бизнес- жоспарлардың бірінші (жұмыстық) нұсқасы жасалынады.

Жоспардың концепциясы және өткізудің алға тартылмақ стратегиясы қолдау тапқан жағдайда тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар басталады.

Бұл кезең сынақтар өткізу және сатып алушыларға, олардың бәсекелік қабілеттілігі жөнінде пікірлерін білу мақсатында, ұсыну үшін өнімнің тәжірибелік үлгісін шығарумен аяқталады. Аяғында маркетинг жоспарын құру үшін қажет толық ақпарат жинап алу абзал.

Рынокқа сынақ үшін шығу сынақтық партияны өндіруді, оны өткізуді және рыноктың жаңа тауарды қабылдауын бағалауды мақсат тартады.

Оң бағалау болған жағдайда коммерциялық өндіріске кірісу туралы шешім қабылданады

16

.Фирманың тауар саясатындағы бренд және брендинг

Бренд- атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы сапасында беінген, нарықта танымал сауда маркасы, ал брендинг, ол тауарды әйгілі қылу процесі болып табылады. Бренд терминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ, ағылшын тілінен аударғанда ол таңба, мөр деген мағынаны білдіреді. Сатып алушы оны бәсекелес тауарлардан ерекше етіп көрсететін, өзіндік бейнесі ретінде түсінеді. Қазақстанда брендтің даму деңгейі батыс елдерімен салыстырғанда төмен. Оның негізгі себептері- тауарды өткізудегі бренд рөлін дұрыс бағаламау және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төменділігі. Кез келген тауар белгісі бренд бола алмайды, ол үшін тауар нарықта беделге ие болып, өнім жоғары сапасымен тұтынушының сеніміне кіруі қажет. Бренд құру үлкен шығынды талап етеді. Оны құруға көптеген елдерде 20-25 млн. доллар шамасында қаржы бөлсе,. Қазіргі заманда нарықта сатып алушылардың санасын жаулап алу үшін әйгілі тауар белгілрінің арасында қатаң күрес жүріп жатыр. Осыған байланысты отандық өндірушілерге тауар белгісі ғана емес, сондай-ақ маркетинг және жарнама құралдарын қолдана отырып, бренд жасау керек.

17.Тауарларды тарату арналары, түрлері, деңгейлері

Тауарды өткізу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделі шешімдерді қабылдауды талап етеді, өйткені ол маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін тікелей әсер етеді.

Тарату арналары дегеніміз-ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту үдерісінде қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы. Маркетингте тарату арналары көптеген қызметтер атқарады:

1.өндірілген өнімді тарату және өткізу қызметін.

2.өндіріс үдерісінде қажет шикізат және материалдар сатып алу қызметін.

3.маркетингті зерттеулер жүргізу жұмысын.

4. тұтынушылармен және түпкі сатып алушылармен байланыс құру келіссөз жүргізу жұмыстарын.

5. сауда келісімдерін дайындау және жасау, олардың сапалы орындалуын бақылау жұмыстарын.

6. тауарды тұтынушыға қарай тезірек және тиімді жылжыту

Арна деңгейі тауарды иеленеген түпкі тұтынушыға жеткізу жұмысына қатысқан деледардар санымен анықталады. Арна ұзындығы арадағы деңгей санымен анықталады. Тарату арналарын түрлері:

Нөл деңгейлі арна-тауарды тікелей тұтынушыға сататын өндірушіден құрылады.

Бір деңгейлі арна-өндіруші мен тұтынушы арасында бір ғана делдал қызмет жасайды. Тұтыну арналары рыногынде ол әдетте бөлшек саудамен айналысады, ал өнеркәсіп тауарлары рыногынде брокер не агент ретінде қызмет көрсетеді.

Қос деңгейлі арнада екі делдал әрекет жасайды. Тұтыну тауарлары рыногынде олар көтерме және бөлшек саудамен шұғылданады, ал өнеркәсіп тауарлары рыногынде дистрибьютор және дилер ретінде қызмет көрсетеді.

Үш деңгейлі арнада үш делдал әрекет етеді. Бұл жағдайда көтерме және бөлшек саудалар арасында ірі көтерем саудадан тауарды сатып алып делдалдар ұсақ көтерме саудасын жүргізеді.

Маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын компаниялардың алдында туындайтын күрделі мәселесі-ол осы арналардың өзіне тиімді деңгейін таңдап алу болып табылады.