Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Банктегі есеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
404.48 Кб
Скачать

6.Банк кірістері мен шығыстарының бухгалтерлік есепте көрініс табуы. Қаржылық нәтижені анықтау

2-нысаны кірістер мен шығыстар жөніндегі есеп беру қорытынды айналымдарды және қаржылык есеп кестесін ескере отырып жасалған баланстың негізінде құрастырылады.

Банктің табыстары мен шығыстары жөніндегі есепті ашып көрсету немесе оның қаржылық есептілігіне ескертулер бухгалтерлік есептің басқа да стандарттардың талабына сәйкес ұсынылатын ақпаратқа қосымша оны келесідей шығыс және табыс бабтарын өздеріне қосуы тиіс, бірақ мұнымен шектеямеуі керск:

- сыйақы түріндегі жәнс ұқсас (аналогты) табыс;

- сыйақы түріндегі шығыс және ұқсас (аналогты) шығыс;

- дивидент тұріндегі табыс;

- комиссиондық және алым түріндегі табыс;

- комиссиондық және алым сомасын төлеу шығындары;

- шығындарды шегергендені бағалы кағаздарды сату нәтижесінде алынған табыс;

- шығындарды шегергендегі басқа да бағалы қағаз бойынша табыс;

- басқа да операциялық табыс;

- қарыз алумен байланысты шығындар;

- жалпы әкімшілік шығындар;

- басқа да операциялық шығындар.

Банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің алатын негізгі табыстарының түрлеріне сыйақы, қызмет көрсеткені үшін алым, комиссиондық және бағалы қағаздар операцияларының нәтижесі жатады. Табыстың әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек ашып керсетіледі.

Банктің банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын шығындарының негізгі түрлерінде сыйақы, комиссиондық қарыздар бойынша шығындар инвестицияның, баланстық құнының төмендеуімсн байланысты шығындар, сонымен бірге жалпы әкімшілік шығындар жатады. Шығындардың да әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек қарастырылады.

7.Лизингтік операциялар және олардың сипатамасы. Банктің лизингтік операцияларының есебі. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады. Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы. Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы – мүлік иесі (лизинг беруші), екінші – мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші – мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің барлық приципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне кайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие. Лизинг түрлері әр түрлі: 1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік төзу қарқыны өте жөғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады. 2. Қаржылық лизинг аңағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялык тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, кушін тоқтата алмайды. Онда мүліқті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіңдігі көрсетілген. 3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады. Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады. Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы – лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.

Есебі

1сатушыдан лизинг куралдарын алганнан кеин лизинг келисимшарттарын бойынша жалга беру

А негізгі куралдарды ДТ1656 Кт 2856

Б алынган негизги толемерди ДТ 2856 Кт 1050

В лзинг куралдарын лизинг алушыга келисимшарттарын кәсипкерлик мақсатта Дт 1305 1420 Кт 1050

Лизинг алушынын мерз кешиктирилмй толемдерди кайтарган лизинг беруші Дт 1050 Кт 1860

Мерзими откен марапаттау сомасы ДТ 1050 Кт 1731 1740

Негізгі карыз соммасы Дт 1050 Кт 1306 1424