Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Банктегі есеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
404.48 Кб
Скачать

5.Депозиттік операциялар туралы түсінік. Депозиттердің түрлері, олардың есебін жүргізетін шоттарға сипаттама

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн: банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебiнен аударулар; басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер; депозиттік операциялар.

Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.

Д-о-ды жүргізу кезiнде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi ережелерге негiзделедi:д.о. банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;д.о-ды ұйымдастыру үдерiсiнде депозиттік операциялар субъектiсiнiң ар түрлiлiгiне және деп-дің әр түрлi нысандардың үйлесiмдiлiгiне ұмтылыс болады;д.о-ды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелiк салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;д.о-ды ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк депозиттерге ерекше назар аударған жөн;д.о-ды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің ең аз болуына талпынуы керек;деп-дi тартуға әсер ететiн банктiк қызметтерді дамыту және қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн жоғарылату шараларын қарастырған жөн.

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

Халықаралық банктiк тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлiнедi: мерзiмдi депозиттер;талап етiлмелі депозиттер;жинақ салымдары. бағалы қағаздар.

Бiрiншi топ — талап етiлмелi депозиттер, олар сондай-ақ чектiк депозиттер деп те аталады. Талап ету депозитi түрiнде қаржы тарту кезiнде банк пен салымшы арасында келiсiмшарт жасалады .Чектiк депозит — бұл міндетті түрде өтелуге тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық беретiн шот. Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауiпсiздiгiмен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсiндiрiледi. Сонымен катар олар бiрiншi талап бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк бередi. Чектiк депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемi керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгiлейдi. Бұл кезде төлем мөлшерi бiр ай көлемiнде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруiмен өзгертiледi. Егер салымшы бiр ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткiлiктi баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбiр кездерде бұл төлемдердi алудан бас тартады.

Талап ету депозиттік шотының ерекшелiктерiне мыналарды жатқызуға болады:ақшаны салуға немесе алуға шектеудiң болмауы;ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы мүмкiн;шот иесi банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек үшін коммисия төлеуі;Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзiмдiк депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.

Депозиттік шоттардың келесi түрі — автоматтық аудару шоттары (АТS-шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретiн, чектердi жабу үшін чектiк депозиттерге пайыз әкелетiн депозиттің түрі. Депозиттің келесi тобы — жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келiсiм (1 -қосымша) негiзiнде ашылады. Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің басты типi жинақ кiтапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.

Жинақ кітапшаларындағы шоттар — бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетiн чектiк емес депозиттерОлардың ерекшелiктерiне мыналар жатады:кiтапшалы жинақ салымында тұрақты мерзiмiнің болмауы; банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;шоттың жоғары шегiн белгiлеу мүмкіндiгi; салым иесiнің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргiзiлген операциялардың барысы жазылатын жинақ кiтапшасын ұсыну міндеттемесi.

Депозиттік операциялар жүргізгендегі бух-к жазбалар

1.Депозиттерді кіріс құжаттары негізінде, қолма қол ақша негізінде тарту кезінде келесі шоттар корреспонденциясы құрылады: Дт 1001 “кассадағы нақты ақша” Кт 2211 -2223 “ тартылған салымдар” Депозиттер - заңды түлғалардан депозит қабылдау кезінде: Дт 2203 “ клиенттердің есеп айыру шоты ” Кт 2211 -2223 “тартылған салымдар” Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден депозит тарту кезінде тиісті ақша қаржылары корреспондент шоттар арқылы түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады: Дт 1051-1052 “ корреспонденттік шоттар ” Кт 2211-2223 “ тартылған салымдар

2.Депозиттер бойынша тартылған каржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады: Дт 2211-2223 “ тартылған салымдар” Кт 1001 “ кассадағы нақты ақша” 2203 “ клиенттің ағымды шоты Банк тартылған депозиттерді қайтармаған жағдайда мерзімі өткен депозиттер қатарына жатқызады,оған келесі өткізбе жатады: Дт 2211-2223 “тартылған салымдар” Кт 2224-2226 “ клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз” Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шот корреспонденциясы жасалады: Дт 2224-2226 “клиентт қарызы бойынща мерзімі өткен қарыз” Кт 1001 “ кассадағы нақты ақша ” 2203 “ клиенттердің ағымды шоттары”

Жай пайыз формуласы: 8 = Р х (1+1хt/K)

Күрделі пайыз формуласы: 8= Рх(1+1xj/K)

6.Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру.Несиелік үрдістің ұйымдастырылуы келесідей кезеңдерді қарастырады:1.несиелік мәлімдемені қабылдау, қарастыру және талдау;2.несие алушының несиеқабілеттілігін бағалау және эксперттік қорытындыны дайындау; 3.несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуін бағалау және тексеру;4.заңгерлік қорытындыны дайындау;5.қауіпсіздік қызметін көрсету бойынша қорытындыны дайындау (банктің бөлек нормативті актілерімен айқындалған);6.несиені қолдау үрдісі және оны беру;7.несиелік мәлімдеменің заңгерлік қолдауы және келісім-шарттарға белгі қою;8.берілген несие бойынша мониторинг және оны өтеуді бақылау. 1.Несиелік мәлімдемені қабылдау, қарастыру және талдау. Несиелік мәлімдемені және кепілді ұсыну бойынша мәлімдемені қабылдау және қарастыруды банктің әрекет етуші үрдістеріне сәйкес жүргізу керек.Жағымды шешім қабылдау болжамды іске асырылатын жобаның орнын эксперттің қарауынсыз мүмкін емес,нәтижесінде активтер құрлымының нақты көрінісін, есептің және есеп айырысудың нақтылығы мен дұрыстығын және кепілдікке берілетін мүліктің сақталымын және құрамын көруге болады.Егер берілген кезеңде жағымды ой қалыптасса, онда аналитикалық жұмысқа көшуге болады, яғни қарыз алушының жалпы несиеқабілеттілігін бағалауға және мәлімдеме бойынша эксперттік қорытындыны құруға. 2.Несие алушының несиеқабілеттілігін бағалау ж-е эксперттік қорытындыны дайындау.Жобаны талдау және бағалау(несиені беру, кепілдіктерді және аккредетивтерді шығару)әрекет ететін типтік құрылымды сараптық қорытындыларға сәйкес жүргізіледі.Несиені беру туралы шешім қабылдау қаржыланатын жобаның мәртебесіне, шар.субьектісінің негізгі қарызды және сыйақыны өтеуге жететіндей тұрақты ақша ағымымен қамы-з ету қабілеттілігіне негізделу керек. 3.Несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуін бағалау. Несилік тәуекелді минимизациялау мақсатында несие зайымды өтеудің екіншілік көзінің - негізгі қарызды өтеуге жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету және барлық несиелеу кезеңі бойынша сыйақылар бар болғанында беріледі (банктің бөлек нормативті актілерімен қарастырған жағдайлардан басқа).Несиенің кепілді қамтамасыз етуді бағалау Қазақстан Республикасының заң актілерін есепке ала отырып жүргізілуі керек. 4-5.Несиелік мәлімдеменің заңгерлік жетелеуі және жоба бойынша заңгерлік қорытындыны дайындау. Заңгерлік жетелеудің негізгі мақсаты болып несиелік үрдіс кезінде болатын әрекет етуші заңнаманы бұзуы жайында ескерту, қарызды төлету кезінде Банк мүддесін қорғау үшін жағдай жасау, заң бойынша талаптарды сақтап, ауыртпалық түспеген мүлікті Банкпен кепілдікке алу табылады. Заңгерлік сараптау заңгерлік қызмет көрсету қызметкерлерімен несиелік жобаның Заңгерлік сараптауы жайындағы Жағдайға сәйкес жүргізіледі. Несиені заңгерлік сараптаусыз беруге болмайды (банктің бөлек нормативті актілермен қарастырылған жағдайлардан басқа). 6.Несиені беру және өтеу тәртібі. Несиені беру (кепілдікті, аккредетивті) Банктің Несиелік саясатының үрдісі мен жағдайының қатаң талаптарына сәйкес жүргізілуі керек. 7.Банк пен несие алушы арасындағы қарым-қатынас келісім-шарттық негізде құрылады, яғни несиелік келісімдер бекітілген түрде келісім-шарт түрінде толтырылады.Hесие алушыдан барлық керекті құжаттарды алу және барлық ескертулерді жою, қажетті қамтамасыз етумен иемдену, оның дұрыс толтырылуы мен бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуі. 8.Берілген несие бойынша мониторинг және оны өтеуді бақылау. Банктің Несиелік саясатындағы мониторинг түсінігіне несие алушы қызметіне күнделікті талдау жасау негізінде несиені өтеуді бақылау бойынша күнделікті жұмыс, зайым, кепіл келісім-шарты бойынша барлық талаптарды орындауды бақылау және несие сапасының нашарлауы кезінде несие алушыға әсер ететіндей шаралар қолдану жатады. Банктің несиелік үрдісін тиімді ұйымдастырудың негізгі мәселесі болып несиелеу үрдісі кезінде ішкі бақылау жүйесін жақсарту мен қайталауды болдырмау мақсатында құрылымдық бөлімшелер арасындағы қарым- қатынасты жетілдіру табылады.Несиелeу үрдісінде Банк бөлімдерінің (филиал) жүргізуші рөліндегі бөлімдерге мыналар жатады:фронт-офис - клиенттермен тікелей жұмыс істейді, тұрақты және табысты клиенттерді тартуға және іздеуге, банктік өнімдерді және қызметтерді сатуға, банк табыстылығын көтеруге жауапты; бэк-офис (сонымен қатар заңгерлік қызмет көрсету және қауіпсіздік қызметі) – несиелік тәуекелді талдайды және оларды минимизациялау бойынша шараларды қолданады, несиелік қоржынның сапасы үшін жауап береді және несиені қарастыру және беру бойынша барлық үрдістердің жүзеге асуына жауапты, несиелік операцияларды жүзеге асырады және берілген несиелерге мониторинг жүргізеді. Құрылған провизиялар есебінен баланстан несиені шығару мерзімі өтіп кеткен қарыз есебіне негізгі қарыздың сомасын шығарған күннен бастап санағанда 180-ші күнінде жүргізіледі, сонымен қатар мерзімі өтіп кеткен қарызды өтеу бойынша барлық банк филиалдары барлық шараларды қабылдау керектігін ұмытпаған жөн (несие алушымен, кепілдікпен, құқық қорғау органдарымен жұмыс істеу).