Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
socio EK11K!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
173.03 Кб
Скачать

30.Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні

саясат социологиясы дегеніміз - саяси институттар мен процестерді әлеуметтік құбылыс, қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ретінде, басқа да әлеуметтік процестермен өзара әрекеттесудің факторы ретінде зерттейтін социологиялық ғылымының (білімінің) саласы. Маманданған сала ретінде саяси социология (саясат социологиясы) ХХ ғасырдың 30-50 жылдары орныға бастады. Саяси социологияның алғы шарты - саясаттану ғылымы жеке академиялық пән ретінде бұрынырақ қалыптасты: оның алғашқы кафедралары Батыс Еуропада және АҚШ-та ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Саясаттың пәндік саласы мен социологиялық көрісі ежелгі грек ойшылдары, атап айтқанда, Платон, Аристотель тарапынан айқындалған еді.

Саяси социологияның объектісін саяси институттар, жүйелер, адамдардың осы шеңбердегі іс-қимылдары, саясатқа адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың, топтардың әсер етуі құрайды.

Саяси социологияның зерттеуінің пәндік сапасы: қоғамның саяси өмірінің әлеуметтік аспектілері, саяси биліктің әлеуметтік феномен ретінде саяси саланың қоғамның басқа салаларымен әлеуметтік өзара әрекеттесуі. Саяси социологияның негізгі пәні: саяси билік, оның қызмет етуінің әдістері мен формаларын және индивидтердің, әлеуметтік топтардың, этникалық қауымдастықтардың саяси санасын, мүдделері мен іс-қимылын нақтылы және жеке-жеке жіктеп зерттеу.

Саяси социологияда саяси субъектілер - саяси қатынастар генераторы және саяси қатынастардың иеленушілері ұғымдарына жіктеледі. Бірінші жағдайда - субъект шешім қабылдайды, оның орындалуын қадағалайды, өзінің қабылдаған шешімдеріне жауапты болады. Екінші жағдайда - бұл негізінде саяси субъектілердің объектісі болып табылатын азамат.

Саяси социология жалпы әлеуметік саяси қатынастардың төрт деңгейін зерттейді:

1. Саяси-әлеуметтік жүйелердің қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын, саяси іс-әрекетті, оларды тұтастай алғанда зерттеуіне жауапты жалпы саяси социологиялық деңгей.

2. Жекелеген елдердің әлеуметтік-саяси қатынастарын талдайтын және сипаттайтын елтану деңгейі.

3. Жекелеген әлеуметтік-саяси процестерді және саяси іс-әрекеттердің түрлерін, мысалы, сайлау компаниясын зерттеуге бағытталған іс жүргізу деңгейі.

4. Нақтылы социологиялық зерттеулер арқылы қоғамдық пікірді анықтау және талдаудың сарапталу деңгейі.

31

Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз

Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы [1]. Дәл осы көзқарастан социология ғылымы әлеуметтік жанжалдың табиғатына жақын келеді.

Жалпы жанжалды шешуді үш сатыға бөлуге болады.

1. Бірінші саты - дайындық, жанжалға “диагноз” қою керек болғанда, оның типін, күрделілік дейгейін анықтау керек, тереңдігі мен себебін көрсету керек. Сонымен бірге жанжалды басу үшін, ресурстарды зерттеу керек, жанжалға билік, БАҚ сияқты сыртқы факторлардың әсерін бағалау қажет. Әрі қарай жанжалды шешудің бірнеше нұсқаларын жасап, оларды шешу салдарын болжау қажет, жеңістің немесе жеңілістің бағасын анықтап, содан кейін келісімге дайындалу керек. Келісімнің мақсаты істің қиялы емес, берлігі болуы тиіс.

2. Екінші саты - келісімдердің өзі. Ол ұзақ болуы мүмкін.

Міндеттер келесіден тұрады:

1) Келісімге қатысушылардың қысымын жою, сонымен бірге баспасөзді де;

2) Сенім атмосферасын үнемі қолдау;

3) Басым проблемаға назар аудару;

4) Соңғы көзқарастарды бейтарап қалдыру;

5) Қатысушылардың әрқайсысы өзінің пікірін айта алуы үшін және қорытынды құжаттарды дайындауға қатыса алуы үшін өзінің дәлелдері мен ұсыныстарын ынталандыру.

3. Үшінші сатыда делдалға қатысушының жанжалды жағдайдан шығуын іске асыру қажет. Ол үшін:

1) қатысушылар келісіммен қанағаттанғандарын айтып білдіру қажет және ол туралы бір-біріне хабарлау керек;

2) жанжалды шешу үшін болашаққа тиімді жасалынған ережені мойындау керек;

3) қабылданған келісімді іске асыру үшін бақылаудың әдістерін бекіту қажет;

4) қарсыластық ынтымақтастыққа айналу үшін қабылданған шешімдермен бақылауға қатысу керек.

Жанжалды шешу процесін олардың қатысушыларының стратегияларынсыз түсіну мүмкін емес. Сондықтан стратегиялар қатарын қолданады. Бірінші - “страус” стратегиясы - жанжалдың бар болуын мойындамау. “Страус” қабілетті болатын ең үлкен нәрсе ол - “иә, жанжал бар” деп айту. Бірақ өзі оны шешу үшін ештеңе істемейді.

“Көгершіндер” стратегиясында жеңілісті қолдау позициясы көрініс береді және екі жақтың біреуі жеңілген жағдайында пайдаланылады. Мұндай жағдайда жанжалды шешудің жиі жалғасы болмайды.

“Қаршыға” стратегиясы қарсыласын міндетті түрде жеңуге ұйғарады. “Қаршыға” өзінің сызығында мықты тұрады және қарсыласынан көнуді талап етеді.

“Келісім беру” стратегиясы. Оның құндылықтарының бірі - келісім процесінің өзі. Сондықтан көну жеңіліс ретінде емес, проблеманың шешімі ретінде қабылданады.

Жанжалдың жағымды және жағымсыздығына қатысты әр түрлі көзқарастар бар, осы жағдайда сөз жанжалдың жағымды және жағымсыз қызметтері жайында болады. Жабық сипаттағы ұзаққа созылған жанжалдар, адамның психикасын бұзады, үнемі шиеленіс күйінде ұстайды, сондықтан қарсылас жақтарды ашық соқтығысуға алып келетін күтпеген оқиға, жағдайларды бәсеңдетеді, психологиялық қызушылықты төмендетеді, дұрыс

32

Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?

Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді, біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір формаларын заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт. Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты қызметтерінің қатарына жататын - мағыналық пайымдау қызметі жатады, ол Вебер, Дюркгейм және басқа қазіргі заманғы діни социологтардың түсінігінде діннің негізгі қызметі болып табылады. Дін - адам өмірін саналы қылатын нәрсе, ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі “мағынасымен” қамтамасыз етеді. Бұл діннің дүниенің (ғарыштың, универсумның) бейнесін беруінің арқасында болады, онда әділетсіздік, қайғы-қасірет көру, өлім, “менің өмірімді” қайғылы сәтсіздікке алып келетіннің барлығы үмітті үзуші, “менің тағдырымды бұзады, ол тіпті басқаша болуы мүмкін еді”, міне осының бәрі “соңғы немесе түпкі нақтылық” перспективасында басым мағына мен мәнге айналады, ол жерде дін дүниені өз бейнесінде ұсынады. Егер қайғыру және өлім мағынаға ие болса, егер адам оның мәні неде екенін білсе, онда қайғыруды жеңе отырып, адамда өмір сүруге деген жігер пайда болады. Адам не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған кезде, оның әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан жағдайға түседі. Сол сияқты, егер адам, оның кездейсоқ жолы болып өзінің бақытты жеребиі үшін еңбегі сіңгенін сезбесе, онда өмір мағынасыз болады. Осы жағдайда да өмір мағынасыз болады, өйткені барлық іс соқыр кездейсоқтықтан болып, ешнәрсе сенімді емес.

Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып, өздерінің кім екенін түсінуге көмектеседі. Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті әрекет етті. Мысалы, американдық дінтанушы-социологтар плюралистік американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі діндер бұл мақсатты орындай алмай отырғанын айтады. Әлеуметтің сипатымен бірге өзгеруінен дін де өзінің қызметімен өзгеруде. Сондықтан діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда ең бір маңызды болып сақталуда, бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен формаларын өзгертуде.

Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерді орындау үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың осы тиым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан көпшілік діндер қайта орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын амалдарға ие - тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін бәсендеуі немесе оны артуы мүмкін.

Парсонс діннің мәдени таратушы қызметі саласына жатқызады, өйткені ол саясатқа немесе құқыққа қарағанда адам жүріс-тұрысын оның нақтылы мақсаттар мен жағдайларға қатысты жекеліктің, партикулярлықтың шеңберінен шығатын нәрселердің ара қатынасын белгілеу арқылы, - оны “соңғы” немесе “түпкі” нақтылықтармен ара қатынасын белгілеу арқылы реттейді. Қандай да бір нормалардың дұрысына немесе бұрыстығына сілтеме жасау жеткіліксіз. Діннің міндеті - қандай да бір норманы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін қабылдау.

33

ХХ ғасырдың І жартысындағы шетелдік классикалық әлеуметтануға қай әлеуметтанушылар жатады, олардың негізгі идеяларына талдау жасаңыз

Огюст Конт-француз философы, социологы, ғылым методологы,философиядағы позитивтік мектебін құрушылардың бірі.

Адамзат тарихында Конт бірнеше тамаша афоризмдердің авторы болып қалды, олар мыналар: “Тәртіп және прогресс”, “Болжай алу үшін білуің керек, бір нәрсе істеу үшін болжай алуың керек”, “Бір нәрсе істеу үшін білуің керек, іс-әрекет жасау үшін ойлау керек”.

Конт шығармашылығын үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең Конт бұл шығармаларды қосымша ретінде өзінің “Позитивті саясат жүйесінің” ІV томына қосады.Мұнда кейін Конт дамытқан бірнеше маңызды идеялар орын алған, соның ішінде жаңа қоғамда ғалымдардың ерекше рөлі туралы идея, адамзат дамуындағы басты екі дәуірдің: сындарлы және органикалық дәуірдің бөлінуі.

Екінші кезең- бұл алты томдық “Позитивті философия курсы” жасалып, басылып шыққан кемелденген кезең

Үшінші кезең, Бұл кезде төрт томдық “Позитивті саясат жүйесі немесе Адамзат дінін орнықтырушы социологиялық трактат”, “Позитивтік катехизис”жасалды. Осы уақытта Конт “субъективті” көзқарас пен “субъективті” тәсілге баса көңіл бөледі.

Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын - өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. 1) Теологиялық 2) Метафизикалық 3) Позитивті

Джон Стюарт Милль- ағылшын экономисі, философ,саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі.

Милльдің социология үшін аса маңызды болған еңбегі “Силлогистик және индукциялық логиканың жүйесі”деп аталады.

Бұл еңбекте социология үшін маңызды төрт тәсіл берілген:

1. Ұқсастық тәсілі 2. Өзгешелік тәсілі 3. Қалдықтар тәсілі: 4. Ілеспе өзгерістер тәсілі

Карл Маркс - неміс философы, социологы, марксизмнің негізін қалаушы. Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес оның тұжырымдауынша “тарихтың қозғаушы күші” болып табылады; бұл идея Маркстің творчествосын соншалықты терең баурап алғаны, батыс социологиясында маркстік теорияны кейде “конфликт теориясы” (conflіct theory) деп атайды; 5) Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.

Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын философы, социологы, психологы және инженер, социологияның негізін қалаушылардың бірі, социологиялық эволюционизмнің классигі.

Спенсердің басты еңбегі - “Синтетикалық философия” жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: “Негізгі бастамалар” (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), “Биологияның негіздемелері” (1864 - 1867), “Психология негіздері” (1879 - 1893), “Социология негіздері (3 томдық, 1876 - 1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері “Әлеуметтік статика” (1850) және “Социология зерттеу пәні ретінде” (1873).

Спенсерді позитивизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.

34

Тұлғаның қазіргі кездегі қоғамдағы әлеуметтену жағдайлары

Қазіргі кезедегі жаһанданумен өте тығыз байланысты болып табылады деп айта салындар ғой.

Социологияның бірінші кезектегі проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.

Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының индивидтің рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.

Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.

Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай келетін адамның белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен қазіргі заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға болады. Соған сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (урбанизация мен ақпарат­тандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.

Әлеуметтену процесінің мазмұны кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды сыйлайтын азаматтар болуына (саяси әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі ретінде сипаттайды. Алайда адам әлеуметтену объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.

Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:

1)  ерте балалық шақ тәжірибесі - психикалық қызметтер мен әрекет- қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;

2)  әлеуметтік мекемелер - тәрбие, оқу, білім жүйелері;

3)   қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері.

35

Қазақстандағы қазіргі кездегі діншілдік деңгейі және дінге деген қызығушылық қандай?

Қазақстандағы қазіргі діни жағдайға баға беруден бастасақ?

- Бүгінгі таңда Қазақстандағы діни жағдай тұрақты. Дегенмен діннің қазіргі қазақстандық қоғамға айтарлықтай ықпалын атап кеткен жөн. Діни бірлестіктердің көбеюі, дін үйлерінің жаппай бой көтеруі осыған дәлел. Қазақстанда қазіргі кезде 4551 діни бірлестік бар (салыстыра кетсек: 1990 жылы олардың саны небары 670 болатын). Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі дінді этникалық мәдениеттің және ұлттық салт-дәстүрдің элементі ретінде қарастырады. Дәстүрлі діни институттардың ықпал ету аясы кеңеюде, халықтың діни ықпалға бой алдыруы жиілеуде, діни бірлестіктердің әлеуметтік функциялары күшеюде, діни білімнің рөлі артуда, діни миссионерлердің қызметі жандануда.

Осы факторлардың барлығы қазіргі қоғамдағы діннің ықпалының артып отырғанын айғақтайды. Біздің мемлекетімізде түрлі конфессия өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың арасында мұсылмандар, православтар, католиктер, протестанттар, буддистер мен иудеилер де бар. Мұнда ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар өзара ажырамас деген барабарлық логика жатыр.

Қазақстан Республикасы − 140 ұлттың өкілдері тұратын, 40-тан астам діни бағыттағы ұйымдар шоғырланған көп ұлтты, көп дінді мемлекет. Қазақстандағы діни сенушілердің 95% мұсылмандар мен православтықтардан құралған. Республикада барлығы 4362 діни бірлестіктер, оның ішінде 2640 мұсылмандық, 296 православтық, 85 католиктік, 1264 протестанттық, 28 иудейлік, 44 дәстүрлі емес, 5 буддистік, тіркелген. Қазақстанның дінаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты дінаралық сұхбатты дамытуға, толеранттылықты нығайтуға және дін саласындағы заң талаптарын орындауға бағытталуымен сипатталады. Қазақстанда дінаралық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін барлық жағдайлар бар. Ұлтаралық және дінаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастың тұрақтылығын қолдау Қазақстанның 2010-2020 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуының бес негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетілді.

Көп дінді Қазақстандағы қазіргі діни жағдай күрделі әрі үдемелі, үнемі сандық және сапалық өзгерістер болып жатады. Дәстүрлі діндер, ислам және христиандық, қазақстандық қоғамның қалыптасуында мәдениетті құраушы маңызды факторлардың бірі болды. Бүгінгі контексте олардың аса маңызды гуманистік бітімгерлік қарымы бар екенін және Қазақстандағы қоғам өміріне оң ықпал етіп отырғанын атап өткен жөн. Дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынастың конструктивті сұхбат жүргізу аясында дамуы қазақстандық қоғамдағы дінаралық және ұлтаралық келісімге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды факторы болып отыр.

36

Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.

Жаһандану бұған дейін ешқашан адамзат тарихында осыншалық ерекше маңызға ие болып көрмеп еді. Сонымен қатар жер шарының барлық елдері мен әлем халықтарын кеңінен қамтымап еді. Ұлттық құндылықтар дағдарысының кең көлем алғаны соншалық, біздердің көпшілігіміз үшін ол ұлттың аман қалу мәселесі ретінде ұғылады. Бұл туралы Э.Эриксон: XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы әлемдік қарқынды өзгерістер ұлттық құндылықтар мәселесін мәселесін өршіте түсті деп көрсетті.Сондықтан да жаһанданудың бірқатар үдерістері ұлттық құндылықтар дағдарысына тікелей әсер етеді. Бұл үдерістер – демократияландыру, экономикаландыру, ақпараттандыру, мәдени стандарттау құндылықтарды әмбебаптандыру– сөзсіз ретте сан мыңдаған жылдардан бері сақталып келе жатқан, атадан балаға мұраға қалдырылған, былайша айтқанда, бабалар аманаты болып қалыптасқан ұлттық құндылықтардың табиғи дамуына тұсау болады. Мұнда алуан түрлі қақтығыстар орын алады, оның нәтижесі ұлттық құндылықтардың беріктігі немесе әлсіздігіне, жаңаны қабылдай алуы немесе оған тосқауыл болуына, ұлттық ерекшелік қасиеттерін өз бойында сақтай отырып, жаңасына бейімделуіне байланысты болады. Сонымен қатар ұлттық құндылықтар әлемдік экономикалық кеңістікті қалыптастыруға алып келетін экономикаландырудың қатаң қыспағына ұшырайды, ұлттық оқшаулануға негізделген ұлттық даму ерекшеліктеріне қауіп төндіреді, сондықтан осы қалыпnасып келе жатқан кеңістікке интеграциялану – ұлттық мүдделерді қорғаудың тиімді тәсілі болып келеді. Интеграциядан бас тарту – бұл толыққанды дамудан бас тарту деген сөз. Әлемдік экономикалық кеңістіктің бір бөлігіне айналмай, ешбір қоғам бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бұл фактор ұлттық дамуды қамтамасыз етуде геосаяси және геостратегиялық тетіктерге қарағанда, геоэкономикалық тетіктердің басым екендігін көрсетеді, өйткені атап айтқанда, осы геоэкономика әлемдік дамудың негізгі парадигмасына айналады. Алайда, мұндай интеграция бірқатар жағдайларда ұлттық ерекшеліктерді жоюға, экономикаландыру барысында оның сіңісіп жоқ болуына әкелуі де мүмкін.

Бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік ретінде қалыптасатын ақпараттандыру ғаламдық желілік қоғам орната отырып, адамдарға бүкіл рухани иігіліктер мен материалдық байлықтарға жол ашады, интеллектуалды ресурсын молайтады, соның арқасында тұрақты дамуға негіз болатын барлық ресурстарға жол ашылады. Басқа жағынан қарастыратын болсақ, ақпараттық технологиялар шексіз игілік көзі болып табылмайды: олар мемлекетаралық қарсы күрес аясында ақпараттық құралдармен өте жақсы қаруланған мемлекеттер тарапынан ішкі және сыртқы саясатқа қатты әсер ететін жаңа тиімді тетіктерге айналады, соның салдарынан ұлттық құндылықтарға қауіп төнетін болады. Сонымен қатар жаһандық ақпараттық ағындар ұлттық ерекшеліктерді жоюға әкеледі.

Жаппай мәдени жаһандану бұл жағдайларда ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзегінен де күшті болып шықты, мұнда тек мәдени фольклор ғана аман қалып қойды: испан корридасы, түрік исламы, мексиканың асханасы, аргентинаның тангосы. Барлық осы жағдайларда жаһандану ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзектерін талқандай алды.

37

Сауалнама сурау мен сұхбаттасуды әдіс ретінде салыстырыңыз

Социологиялық және маркетингтік тәжірибеде сұрау түрлерінің тым тармақталған жіктелімі қалыптасқан. Ең алдымен, біз сұрауды сауалнама мен сұхбатқа бөлеміз. Бірінші әдіс респонденттің сұрақнаманы жазбаша толтыруын, екіншісі - сұрақнаманы сұхбат алушының респонденттің сөздерінен толтыруын білдіреді.

Әлеуметтік және маркетингтік ақпарат жинау әдістері қатарында пошталық және баспасөздік сұраулар едәуір маңызды орын алуда. Бірінші жағдайда, сауалнама пошта арқылы жіберіледі, екіншісінде - бұқаралық ақпарат құралдарымен жарияланады.

Сұхбат ең алдымен, жеке және телефондық болып бөлінеді. Жеке сұхбат, өз кезегінде, пәтердегі сұхбатқа (жеке дара түрінде респонденттің жұмыс қабинетінде алынған сұхбаттың әдістемесі мен техникасы жағынан олардан айырмашылығы болмайды) және көшеде алынған (дүкенде, өзге қоғамдық орындарда) сұхбатқа бөлінеді.

Аталған әдістердің әрқайсысын оның зерттеу мүмкіндіктері, сондай-ақ экономикалық тиімділігі тұрғысынан қарастырайық.

Сауалнамашының қатысуымен және кеңес беруімен сауалнама жүргізу. Бұл әдіс сұхбатқа қарағанда арзанырақ, ақпарат жинауды бұл жерде тезірек жүзеге асыруға болады. Респонденттердің жауап беруден бас тартуы да шамалы. Бірақ, сауалнама жүргізу күрделі құрылымы бар сұрақтарды пайдалануға мүмкіндік бермейді, сауалнаманың ең жеңіл көрінісін ғана пайдалануға жол береді. Осының барлығының нәтижесінде ол сұхбатқа орнын берді.

Пошталық сұрау (жауабы төленген сауалнамаларды пошта арқылы жіберу) бүгінде, көбінесе сараптамалық сұраулар үшін пайдаланылады.Посткеңестік мемелекеттерде пошталық сұрау поштаның нашар жұмысына байланысты тиімді емес. Бұл әдістің артықшылығы - оның арзандығында, кемшілігі - көлемінің, құрылымы мен дизайнының шектеулігінде, ал ең басты кемшілігі -сауалнамалардың аса төмен қайтарымдылығында.

Баспасөздік сұраудың пошталық сұрау сияқты артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Сауалнамалардың кеміндегі қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін бұл жерде ынталандыру қажет. Мысалы - келіп-түскен сауалнамалардың нөмірлері бойынша лотерея.

Ең үлкен зерттеу мен ақпарат тиімділігін қазіргі таңда пәтердегі жеке сұхбат әдісі көрсетті.

Пәтердегі жеке сұхбат әдісіне қарсы болған жағдайға орай социологиялық және маркетингтік зерттеу ұйымдары көшеде сұрау мен телефондық сұхбат әдістемелерін кеңінен қолдануға тура келеді.

Көшедегі сұраулар аса шектелген зерттеу мүмкіндіктеріне ие. Сұрақнаманың көлемі бұл жерде өте қысқа. Іріктеудің репрезентативтілігіне қол жеткізу үлкен проблема туғызады. Сондықтан, бұл әдістеме көбінесе, күнделікті маркетингтік міндеттерді шешу үшін немесе қосымша ретінде пайдаланылады.

Телефондық сұраудың әлдеқайда үлкен перспективалары бар. Бұл әдіс жеке сұхбатқа қарағанда біршама арзанға түседі. Ол сұхбат алушының әрекеттерін тиімді бақылауға, әсіресе телефондық сұраудың қазіргі заманғы компьютерлік жүйесін пайдалану кезінде оны барынша бірегейлеуге мүмкіндік береді. Жеке сұхбатқа қарағанда, телефондық сұрауда сұхбат алушының респондентке беретін құпиялылық кепілдігі онша тиімді емес. Жеке сұхбатқа жарамды кейбір тақырыптар телефондық сұхбаттың тақырыбы бола алмайды. Сонымен ,сұрау түрін таңдау зерттеу мақсатына байланысты.Қандай сұрау түрі пайдалансын ол тиянақты,респондентке түсінікті,қарапайым,мән-мағынасы жоғары болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]