
- •1.Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар.
- •15.Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16.Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17.Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18.Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19.Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20.Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері
- •21.Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Мәдениет әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжалды зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30.Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •38.Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
- •41.Қазіргі қоғамдағы маскүнемдік пен нашақорлықтың әлеуметтік мәселе ретінде алатын орнына сипаттама беріңіз
- •42.Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы не үшін қажет? Жауабыңызға дәлелдеме келтіріңіз
- •43.Қазіргі таңдағы қазақ отбасындағыы әлеуметтік мәселелерін атаңыз. Өз жауабыңызға талдау жасаңыз.
- •44.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •45. Зерттеудің сапалық және сандық әдістерін өзара салыстырыңыз
- •46. Тұлғаның әлеуметтенуі, кері әлеуметтенуі және қайта әлеуметтенуі түсініктеріне сәйкес келетін әлеуметтік сипаттама беріп, мысал келтіріңіз
- •47. Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •48. Қазіргі заманғы некенің формалары және оларға қоғамның қарым-қатынасы қандай?
- •49. Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •50. Аномия дегеніміз не? Қоғамға аномия қауіпті ме?
- •51.Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
- •52. Қазақстандық қоғамдағы жұмыссыздық мәселелері. Мемлекеттік жұмысбастылық бағдарламалары туралы пікіріңіз.
- •53. Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
- •54.Сауалнамалар қандай сұрақтардан тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •55.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •59.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өз пікіріңіз, нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •60.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.
Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі [8].
Социологияда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын динамикалық білім ретінде қарастырылады.
Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста қандай да бір нақтылы формада қызмет атқарады. Мәдениет болмысының бұл нақтылы формасын көрсету үшін социологияда субмәдениет түсінігі қолданылады. Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, өздерінің комплекстерімен, әдет-ғұрыптарымен, нормаларымен, ерекшеленетін автономды тұтастай білім. Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Социологияда субмәдениеттің пайда болуын қоғамдық субмәдени және мәдени қажеттіліктеріне жағымды жауап ретінде (кәсіби мәдениет) және қоғамда үстемдік етуші мәдениет пен әлеуметтік құрылымдарға жағымсыз әсер ретінде (деликвентті субмәдениет, яғни қоғамның қылмыстық топтар мәдениеті) қарастырылады. Ұлттық, дінаралық, кәсіби субмәдениеттерді, ұйымдар мен әлеуметтік топтар, т.б. субмәдениетін атап көрсетуге болады. Субмәдениеттің қалыптасуының әлеуметтік базасы жасы үлкен-кішілі топтар, әлеуметтік топтар, ірі бейресми бірлестіктер болып табылады. Субмәдениет түсінігі әлеуметік топтар қатарын мамандандыру, урбанизациялау әсерінен болатын мәдениеттің бірігу мен жіктеу процестерін және мәдени салт-дәстүрден ұзап кетуге әкелетін әлеуметтік мобильділіктің күшею процестерін зерттеп білуге көмектеседі.