Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодезия билеттин жауаптары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
239.62 Кб
Скачать

30.География бойлық дегеніміз не? Оның олшем бірлігі

Географиялық бойлық дегеніміз- бастапқы меридиан мен жердің беттік жазықтығынан қалап алынған нүкте В арқылы өтетін жазықтықтардың арасындағы екі жақты бұрыш L б.т. Геодезиялық бойлық атауы бастапқы меридианнан бастап, батыс н/е шығыс бағытында есептелінеді де, сәйкес түрде батыстық және шығыстық бойлықтар д.а. өлшем бірлігі 0ᵒ-180ᵒ аралығында өзгеріп отырады.

31. Бағдарлау дегеніміз – белгілі бір ауданда таңдап алынған жергілікті белгіге қатысты, басқа белгілерге қарағандағы бағыттарын анықтау болып табылады. Геодезияда бастапқы таңдап алынған белгілі бағыт ретінде:

- нүктенің астрономиялық немесе геодезиялық меридианын

- Гаусс - Крюгер проекцияларындағы осьтік меридиан болып табылатын тікбұрышты координата осьтерінің абсцисса осіне параллель бағытталған сызықтарын немесе магниттік меридиан атауларының бірін алуға болады.

32. Футшток дегеніміз – Балтық теңізінің шығанағындағы көпір тіреуінде гранитпен бекітіліп, нөл белгіден басталып тең бөліктерге бөлінген мыс рейка.

33. Геодезияда қолданылатын өлшем бірліктер:

Өлшемдер атауы негізінен, белгілі өлшемді шаманы, өлшем бірлігі ретінде алынған, аттас, екінші өлшемді шамамен салыстыру бағытындағы сипаттамаларды анықтайтын ағым болып табылады.

-жергілікті аудандарда берілген нүктелердің ара қашықтығын анықтаудағы – сызықтық өлшемдер

-Жер бетінде белгіленген нүктелер бағытындағы көкжиектік жөне тікелік бұрыштарының мәндерін анықтайтын – бұрыштық өлшемдер

-таңдар алынған нүктелерге қатысты, олардың биіктіктерін өлшеу нәтижелеріндегі, яғни санақ жүргізілетін беттік жазықтықтан берілген нүктелерге дейінгі қашықтықтар айырмасын анықтайтын - биіктік өлшемдер

34. Профиль дегеніміз

Кейбір жағдайларда, алдын ала топографиялық жоспар белдігі болып, жоспардағы берілген бағытқа сәйкес, жергілікті ауданның профиль деп аталатын тікелік қимасы алынады. План мен профиль инженерлік-құрылыс жұмыстарын жүргізудегі бірден-бір алғашқы іс-қағаздар болып табылады.

35.Мензулалық түсіріс- мензула мен кипрегель арқылы жүргізілетін жұмыс. Бұл түсірудің нәтижесінде қашықтықтың горизонталь проекциясымен биіктік өсімшесі анықталады. Сондықтан план тікелей далада сызылады.

36. Буссоль - магниттік азимуттармен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап.

Штатив - бір ұшы арнайы түрде қозғалмалыбекітіліп істелінгенүш тағанды қарапайым құрал.

Теодолит құрамында буссоль, штатив тіктеуіш сияқты құралдар әрдайым бірге болуы қажет.

37. Теодолиттік жүрістер деп тұйықталған не тұйықталмаған сынық сызықтар жүйесінен тұратын полигондарды атайды. Теодолиттік жүрістердің бірнеше түрлері бар:

1) Тұйықталмаған жүрістің басы мен аяғы геодезиялық пунктерге жанасады;

2) Тұйық жүріс (полигон) геодезиялық негізгі пунктке байланыстырылған тұйықталған көпбұрыш

3) Бір жағы байланыстырылған аспалы жүрісте сынық сызықтардың бір жағы тірек пунктіне жанасып, екінші жағы бос болып келеді

38. Топографиялық карта – белгілі бір аудандарда, табиғаттың және әлеуметтік - экономикалық жағдайларды ескере отырып, нақты құрылыс жұмыстарын жүргізудегі ұтымды жобалау шешімдерінің алуан түрлі мәліметтерге толы анықтама беру көзі болып табылады.