- •1. Геодезия пәні, оның мақсаты.
- •2.Теодолит құрылымы
- •3.Кеңістіктік координаталар жүйелері
- •4. Горизонтальдардың қасиеті
- •5.План туралы түсінік
- •6.Тірек торлар туралы түсінік
- •7.Бұрыштық өлшемдер
- •8.Меридиан немесе географиялық меридиан
- •10. Картадағы нүктелердің координаталарын анықтау
- •9.Масштабтар, олардың түрлері
- •11.Өлшеу түрлері
- •18.Геодезия тарихына қысқаша мәлімет
- •19. Румбылар.Дирекциялық бұрыштар
- •21.Нивелирлеу және оның түрлері
- •23.Ж ердің пішіні мен мөлшері
- •25.Проекция әдісі
- •26. Ситуация дегеніміз-
- •27.Нүктелердің биіктіктері бойынша горизонтальдарды сызу
- •28.Тура және кері геодезиялық есептер
- •29. Теодолиттердің топталуы Теодолиттердің жіктелуі
- •30.География бойлық дегеніміз не? Оның олшем бірлігі
- •33. Геодезияда қолданылатын өлшем бірліктер:
- •34. Профиль дегеніміз
- •36. Буссоль - магниттік азимуттармен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап.
- •39. Жер ситуациясын тусірудің қанша түрі бар;
- •42. Геодезияның халық шаруашылығындағы орны.
- •46. Дайындық жумыстары кезіндегі теодалиттік түсірістер
- •47.Нивелирлік рейкалар түрлері.
- •49. Далалық жұмыстардағы теодолиттік түсірістер.
- •50. Тд тахеометр
- •52. Өлшемдер нәтижелеріндегі қателіктер нешеге бөлінеді, оның қандай түрлері бар.
- •53. Бақылау түтікшелерінің түрлері мен құрылысы.
- •54. Теодолиттік журіс пунк координаталарындағы есептеу жұмыстары:
2.Теодолит құрылымы
Теодолиттің (40-сурет) лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегі бар, оның қиғаш шетіне 0°-тан 360°-қа дейінгі бөліктер түсірілген. Бөліктерді есептеу сағат тілінің бағыты бойымен дәл келеді. Лимбаның центрі өлшенілетін бұрыштың төбесі арқылы өтетін тік сызыққа орналастырылады. Лимбаның жазықтығына өлшенілетін бұрыштың жақтары проекцияланады. Бұл кезде лимб жылжымайтын әрі горизонталь болуы тиіс.
Лимбаның үстінде тік сызықтың төңірегінде айналатын теодолиттің жоғары бөлігі орналастырылған, бұл бөліктің ішінде алидада және дүрбі (4) бар. Дүрбі тұғырыққа (2) горизонталь болатын НН1 осінің төңірегінде айналғанда, онда коллимациялық деп аталатын жазықтықтары түсіріледі. Лимба мен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек, бұл арада алидаданың ҒҒ1 айналу осі аспаптың негізгі немесе вертикаль осі деп аталады.
Алидада да керсеткіш бар, ол алидаданың лимба шкаласындағы орнын белгілеуге мүмкіндік береді және санаудың дәлдігін арттыру үшін арнайы есептеу құрылғысымен қосақтала жасалған. Лимба мен алидада алидадаға бекітілген металл қаптамамен жабылған.
Теодолиттің
негізгі осі цилиндрлік деңгей (5) арқылы
үш көтеру винттерінің (1) көмегімен
вертикаль жағдайға келтіріледі.
Теодолиттің дүрбісі горизонталь осі
маңайында 180°-қа айналдырылуы, яғни
зенит арқылы ауыстырылуы мүмкін.
Дүрбінің айналу осінің бір жағында
вертикаль дөңгелек (3) бекітілген, ол
осьпен берік жалғанған әрі онымен бірге
айналады. Негізінде вертикаль дөңгелек
горизонталь дөңгелек тәрізді жасалған;
ол вертикаль бұрыштарды (көлбеу
бұрыштарды) өлшеуге
арналған.
Егер теодолитке окуляр
жағынан
қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбінің
оң немесе сол жағында орналасуы мүмкін.
Бірінші орны «оң дөңгелек» (ОD),
екіншісі
— сол дөңгелек» (СБ)
деп
аталады,.
Теодолит буссоль, штатив және тіктеуіштен тұрады. Буссоль магниттік азимутты өлшеу үшін колданылады. Үш сирақты штативтің бас жағы металдан жасалады. Теодолит штативтің басына стан винттің көмегімен бекітіледі. Тіктеуіш теодолитті нүктенің үстіне центрлеу үшін, яғни бұрыштың төбесіне орналастыру үшін қолданылады.
Теодолиттің айналатын бөліктерін қозғалмайтын жағдайға келтіру қысу винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу айналдыру микрометрлік (жетекші) винттермен жасалады.
3.Кеңістіктік координаталар жүйелері
Жер бетіндегі нүктелердің орындары координаталармен, яғни координаталар жүйесін анықтайтын бастапқы жазықтықтар мен сызықтарға қатысты ізделіп отырған нүктелердің орнын сипаттайтын шамалармен анықталады. Көпшілікке танылған біртұтас жүйе координаталардың географиялық жүйесі болып табылады. Координаталардың географиялық жүйесінің элементтеріне мыналар жатады (5-сурет): ЕЕ1—экватор
жазықтығы; РР1— экваторға перпендикуляр жердің айналу осі; РГГ0Р1—бастапқы меридияның жазықтығы.
Халықаралық келісім бойынша, бастапқы мередияан ретінде қазіргі кезде Лондон қаласы жанындағы Гринвич мериднаны қабылданған. А нүктесінің эллипсоид бетіндегі проекцияларының орны мынадай координаталармен: φ — геодезиялық ендікпен және λ, яғни Аг (φ, λ) — геодезиялық бойлықпен анық-талады. Геодезиялық ендік (φ) экватор жазықтығы мен берілген нүктедегі тік түзу арасындағы бұрыш. Ендік экватордан берілген нүктеге дейінгі АоА гео-дезиялық меридианның доғасымен өлшенеді және жарты шарға байланысты солтүстік ендік ( + ) немесе онтүстік ендік (—) болуы мүмкін. Геодезиялық ендіктің шамасы экватордан (0°-тан) басталып оңтүстік және солтүстік полюстерге қарай (90°-қа дейін) өзгеріп отырады. Геодезиялық бойлық (λ) бастапқы меридианның жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридианнан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай саналады (0°-тан 180°-қа дейін). Геодезиялық координаталар жүйесі қашықтықтармен байланысты көптеген геодезиялық есептерді шешу үшін пайдаланылады. Дегенмен геодезиялық координаталар жүйесі нүктелердің өзара орнын ұзындық өлшемде емес, бұрыштық өлшемде анықтайтын болғандықтан практикалық мақсаттарда кең қолдануға қолайсыздау.
