
- •1. Геодезия пәні, оның мақсаты.
- •2.Теодолит құрылымы
- •3.Кеңістіктік координаталар жүйелері
- •4. Горизонтальдардың қасиеті
- •5.План туралы түсінік
- •6.Тірек торлар туралы түсінік
- •7.Бұрыштық өлшемдер
- •8.Меридиан немесе географиялық меридиан
- •9.Масштабтар, олардың түрлері
- •10. Картадағы нүктелердің координаталарын анықтау
- •11.Өлшеу түрлері
- •18.Геодезия тарихына қысқаша мәлімет
- •19. Румбылар.Дирекциялық бұрыштар
- •21.Нивелирлеу және оның түрлері
- •23.Ж ердің пішіні мен мөлшері
- •25.Проекция әдісі
- •26. Ситуация дегеніміз-
- •27.Нүктелердің биіктіктері бойынша горизонтальдарды сызу
- •28.Тура және кері геодезиялық есептер
- •29. Теодолиттердің топталуы Теодолиттердің жіктелуі
- •30.География бойлық дегеніміз не? Оның олшем бірлігі
- •33. Геодезияда қолданылатын өлшем бірліктер:
- •34. Профиль дегеніміз
- •36. Буссоль - магниттік азимуттармен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап.
- •39. Жер ситуациясын тусірудің қанша түрі бар;
- •42. Геодезияның халық шаруашылығындағы орны.
- •46. Дайындық жумыстары кезіндегі теодалиттік түсірістер
- •47.Нивелирлік рейкалар түрлері.
- •49. Далалық жұмыстардағы теодолиттік түсірістер.
- •50. Тд тахеометр
- •52. Өлшемдер нәтижелеріндегі қателіктер нешеге бөлінеді, оның қандай түрлері бар.
- •53. Бақылау түтікшелерінің түрлері мен құрылысы.
- •54. Теодолиттік журіс пунк координаталарындағы есептеу жұмыстары:
25.Проекция әдісі
Жер бетіндегі арнаулы жазықтықтардағы орналасу ерекшеліктерін анықтап, зерттеу жүргізу керек болатын болса, онда осныдай қажеттіліктерді қанағаттандыру барысында, проекциялар әдісі қолданылады.
Сонда, карастырылғалы отырған Жер бетінің жергілікті ауданын қағаз бетінде кескіндеу жұмыстары негізінен, геодезиялық зерттеулердегі проекциялар әдістерінің тікбұрышты проекциялар атауына қатысты жүргізіледі.
Бұл жағадайда, жер беті нүктесінің проекцияланатын әрбір нүктесі арқылы өтетін түзу сызық, жобаланғалы отырған кеңістік бет жазықтығына перпендикуляр бағытта жүргізіліп кескінделеді.
Екінші жағынан, жер бетінің үлкен көлемді жергілікті аудандарын кескіндеу үшін, аталған проекциялау жұмыстары Жер бетінің деңгейлік бет жазықтығына жатады да, оған қатысты жүргізілген түзулер нормаль түзулері б.т.
26. Ситуация дегеніміз-
Жергілікті аудан бөліктері пішіндерінің жиыны, ол тиянақты заттар белгілеулеріне катысты анықталады.
Егер, берілген жоспарда бір ғана ситуациялық белгілеулер болатын болса, онда мұндау жоспар ситуациялық не пішіндік жоспар д.а.
27.Нүктелердің биіктіктері бойынша горизонтальдарды сызу
Топографиялық түсірістер нәтижесінде жер бетіндегі нүктелердің пландық орны мен биіктіктері алынады. Осы нүктелердің биіктіктері негізінде жердің бедері горизонтальдар арқылы бейнеленеді. Ол үшін ең алдымен жер бедері қимасының биіктігі таңдап алынады. Содан кейін бір еңістікте жатқан нүктелер түзу сызықпен қосылады да, сол сызықтар бойынан жер бедері қимасының биіктігіне сай келетін нүктелер табылады. Бұл арекетті интерполяциялау д.а.
28.Тура және кері геодезиялық есептер
Тура геодезиялық есептер
АВ сызығының А нуктесінің координаталары Х ж/е У. АВ сызығын ың горизонталь ұзындығы d жане дирекциялық бұрыш α берілген. АВ сызығының ұшындағы В нүктесінің координаталарын табу керек
Суреттегі сызба бойынша Х, У координаталарын келесі формаларын анықтайды.
Хв=Ха+ΔХ
Ув=Уа+ΔУ
Екі нуктенің координаталарының айырымы коодината өсімі деп аталады.
Δх=d*cosα=±d*cosr
Δy=d*sinα=±d*sinr
Координалар осімдерінің таңбалары румбтың ширегіне байланысты.
Кері геодез есептер
АВ сызығының А нуктесінің Ха,Уа жане В нуктесінің Хв,Ув координаталары берилсин. АВ сызығының узындығын d жане α табу.
Δх=Хв-Ха
Δу=Ув-Уа
Δу/Δх=tgα
Аракашыктык d мына формуламен
D=Δх/cosα=Δу/sinα н/е d=түб.аст.(Δх2+Δу2)
29. Теодолиттердің топталуы Теодолиттердің жіктелуі
Қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі, есептеу құрылғыларының түрі, горизонталь дөңгелегінің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясы және атқаратын міндеті жағынан әр түрлі текке бөлінеді.
Теодолиттерді горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты 3 түрге бөлуге болады:
1. 1-және 2-класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған жоғары дәлдікті Т1 теодолиті. •
2. Дәл теодолит Т2—3-жәие 4-класты триангуляция мен по-лигонометрнядағы бұрыштарды өлшеуге арналған; Т5 — 1-және 2-разрядтық триангуляциялық жүйелер мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу және жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады.
3. Техникалық Т15, T30 және Т60 —теодолиттік және тахеометриялық жүрістерде және түсіргі жүйелерінде, сондай-ақ жер бетіндегі және жер асты казбаларындағы маркшейдерлік жұмыстарды аткару кезіндегі бұрыштарды.өлшеуге арналған.
Теодолиттердің шартты белгілеріндегі цифр горизонталь бұрышты бір тәсілмен өлшеудің секундтық орташа квадраттық қателігін білдіреді; Т5 теодолиті үшін mβ=5", Т3О үшін mβ =30" және т. с. с.
Дөңгелегінің жасалу және есептеу кұрылғысының құрылысы жағынан теодолиттер екі топқа бөлінеді: металл және шыны лимбалылар (оптикалық теодолиттер).
Вертикаль дөңгелегі, ара қашықтық өлшеуге арналған құрылғысы және буссолі бар теодолит тахеометр деп аталады. Қазіргі уақытта щығарылатын техникалық теодолиттер тахеометрлер болып табылады.