Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодезия билеттин жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
239.62 Кб
Скачать

4. Горизонтальдардың қасиеті

Жер бедерін кескіндеуде горизонтальдың мынадай қасиеттері бар:

  1. Бір горизонтальдың бойында жататын барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікте жатады.

  2. Карталар мен пландарда тұйықталған горизонтальдар не төбені, не қазан

шұңқырды білдіреді; олар бергштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазан шұңкырларда көбіне тоған немесе көл болады.

  1. Планның немесе картаның ішіндегі, сондай-ақ оның сыртындағы барлық горизонтальдар үздіксіз болуы тиіс.

  2. Жер бедерін кескіндегенде горизонтальдар ешуақытта қиылыспайды.

  3. Горизонтальдардың өзара қашықтығы еңістің қаншалықты кұлама тіктігін білдіреді.

  4. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа ара қашықтық, яғни горизонтальға перпендикуляр сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес болады.

  5. Суайрық сызықтары және өзектердің осі горизонтальдармен тікбүрыш арқылы қиылысады.

5.План туралы түсінік

Кішірейтіп, дәлдеп салынған кішігірім жер бетінің горизонталь проекциясы план деп аталады. Планның ерекшеліктері:

  1. Кішігірім жердің бейнесі көрсетіледі, сол бөлікте Жердің қисықтығы есептелмейді.

  2. Кішірейту дәрежесі тұрақты

  3. План горизонталь жазықтыққа есептеледі.

Жердің бетін жоғарғы көрсетілген әдіспен қағазға салғанда шығатын сызба карта деп аталады. Картаның ерекшеліктері:

  1. Жердің дөңестігі есептеледі.

  2. Жер бетіндегі әр түрлә белгілер объектілер картада дәл түсірілмейді.

  3. Жер беті картада меридиан мен параллелдерден тұратын картографиялық тор арқылы бейнеленеді.

6.Тірек торлар туралы түсінік

Кез келген топогафиляық түсірістер жер бетінде пландық және биіктік жәйі (Х,Ү,Н) белгілі нүктелерге негізделген. Бұндай нүктелерді тірек пункттері д.а. Осы пункттердің жиынтығы тірек торларын құрайды. Тірек пункттерінің жер бетіндегі жәйі астраномиялық және геодезиялық әдістермен анықталады. Біздің еліміздің территорясында тірек торларын жасаудағы басты әдіс геодезиялық әдіс болып табылады.

Жалпы геодезиялық торлар пландық және биіктік геодезиялық торлар болып бөлінеді. Пландық геодезиялық торларда әр пункттің жалпы мемлекеттік жүйесіндегі төртбұрышты координаталар (Х,Ү) анықталады, ал биіктік геодезиялық торларда әр пукттің Балтық биіктік жүйесі бойынша (Н) анықталады.

7.Бұрыштық өлшемдер

Өлшемдер атауы негізінен, белгілі бір өлшемді шаманы, өлшем бірлігі ретінде алынған, аттас, екінші өлшемді шамамен салыстыру бағытындағы сипаттамаларды анағтайтын ағым болып табылады.

Жер бетінде белгіленген нүктелер бағытындағы көкжиектік және тікелік бұрыштарының мәндерін анықтайтын өлшемдер бұрыштық өлшемдер деп аталады.

Бұрыштық өлщем бірлігі үшін – шеңбердің градустық бөліктері, минут, секунд атауларын да анықтауға болады.

8.Меридиан немесе географиялық меридиан

Меридиан немесе географиялық меридиан жазықтықтары дегеніміз – Жердің айналу осі арқылы деңгейлік беттер жазықтықтарының сызықтарын қия өтетін жазықтықтар.

Бастапқы меридиан дегеніміз – Лондон қаласына жақын орналасқан Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан. Бастапқы меридиан атауы, кейбір деректерде нөлдік меридиан деп те аталады.