Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодезия билеттин жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
239.62 Кб
Скачать

52. Өлшемдер нәтижелеріндегі қателіктер нешеге бөлінеді, оның қандай түрлері бар.

Өлшеу кезінде кететін қателер 3 топқа бөлінеді:

  1. өрескел қателер

  2. жүйелі қателер

  3. кездейсоқ қателер

53. Бақылау түтікшелерінің түрлері мен құрылысы.

Геодезиялық өлшеу жұмыстарында қолданылатын геодезиялық аспаптарда іштей фокустелінген түтікшелеркеңінен қолданылады. Бақылау түтікшесінің үш түрлі:

1.нысаналық;

2.оптикалық;

3.геометриялық осьтері болады.

Нысаналық ось дегеніміз – қолданылып отырған геодезиялық аспап объективінің оптикалық центрімен сызықтық тор центрін қосатын түзу.

Оптикалық ось дегеніміз – объектив пен окулярдың оптикалық центрлерін қосатын түзу.

Геометриялық ось дегеніміз – түтікшенің объектив бөлігіндегі көлденең қималар арқылы өтетін түзу.

Бақылау түтікшесінің құрылысы: объектив, окуляр, фокустеуші линза, сызықтар торы, кремальера.

54. Теодолиттік журіс пунк координаталарындағы есептеу жұмыстары:

1) Горизонталь бұрыштарды тегістеу жұмысы жүргізіледі. Ол ушін полигонның ішкі бұрыштарының теориялық қосындысы анықталады.

т = 180◦(-2) = 540◦

2) Әрбір келесі сызықтың дирекция бұрышы:

αn= αn-1 + 180◦ - βтұ = т,

формуласы бойынша есептеледі, яғни келесі қабырғаның дирекция бұрышы алдыңғы қабырғаның дирекция бұрышына 180◦-ты қосып, оң жақта жатқан қабырғамен жасайтын бұрыштың түзетілген мәнін алып тастағанға тең.

3) Өсімшелерін теңестіру және есептеу.