
- •050719 – Радиотехника, электроника, телекоммуникация
- •1.1 Сурет– ақж элементарлық құрылғысы
- •1.2 Сурет– Абоненттік линия
- •1.3 Сурет– Абоненттік таратқыш желі құрылымы
- •1.4 Сурет - Телефондық аппараттың біріктірілген қосылысы
- •1.5 Сурет -Таратылатын ажт сигналдарының спектрі
- •2.1 Сурет– Ішкі станцияның қолданылуы
- •2.2 Сурет– алцтж қосылу принципі
- •№3 Дәріс. Алцтж. Isdn абоненттік қатынау желілері
- •Isdn – Integrated Services Digital Network
- •3.3 Сурет–isdNнің ақж құрылымы
- •Isdn (bri, pri)-де қатынауды ұйымдастыру
- •4.1 Сурет - s интерфейсінің құрылымы
- •4.2 Сурет - s интерфейсінің цикл құрылымы
- •4.3 Сурет–xDsl технологиясының классификациясы
- •5.1 Сурет– Цифрлық атс арасындағы станция аралық байланыс
- •5.2 Сурет - adsl технологиясы үшін функционалдық сұлба
- •5.3 Сурет – Ағымдардың dmTде бөліну әдісі
- •5.4 Сурет– Ағымдарды бөлу әдісі – компенсация жаңғырығы
- •5.5 Сурет - vdsl архитектурасы
- •6.1 Сурет - Әр түрлі жүйелердегі көптік қатынау ұйымдастырылуы
- •6.2 Сурет–ст-2 стандарты
- •6.3 Сурет– Уақыттық кадрлар
- •6.4 Сурет–tangara Wireless жүйе құрылымы
- •7.1 Сурет - ftdma интервалының уақытша/ тасушы сәулеті
- •8.1Сурет - іеее 802.11 стек хаттамасы
- •8.2 Сурет– Адаптерлер
- •8.3 Сурет– Қатынау нүктесі
- •8.4 Сурет–Абоненттік қызметтің аналогты желісі
- •8.5 Сурет– Абоненттік қатынаудың цифрлық желісі
- •V.5 протоколы, V.5.1 және V.5.2 интерфейстері, олардың ерекшеліктері. Тағайындалған тасушы арна протоколдары
- •10.2 Сурет - dsl желі сұлбасы
- •10.3 Сурет - pon желі архитектурасы
- •11.1 Сурет– Мультиқызметті желіні ұйымдастыру
- •11.2 Сурет- Мультиқызметті қатынаудың желілік моделі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Альмира Далелханкызы Мухамеджанова
- •050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы
- •500013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126
№3 Дәріс. Алцтж. Isdn абоненттік қатынау желілері
Дәрістің мақсаты: студенттерге ЦСПАЛ интерфейстері мен ISDN қатынасының абоненттік желісін оқып үйрену.
Мазмұны:
АЛЦТЖ интерфейсі, жұмыс қашықтығы, регенераторлар;
АЛЦТЖ –дың арнайы интерфейстері. АЛЦТЖ –дың басқарылуы және эксплуатациясы;
ISDN анықтамасы. ISDN –нің негізгі анықтамасы: ISDN түрлері, ISDN қатынасының типі;
ISDN –ге абоненттік қатынастың желісі.
АЛЦТЖ интерфейсі, жұмыс қашықтығы, регенераторлар
Көп жағдайда АЛЦТЖ – дар қалалық және ауылдық телефон желілерінің АЛ (абоненттік линияларын) тығыздау үшін қолданылады. Егер абоненттік линия ұзындығы мәннен аспаса, 3.1 – кестеде келтірілгендей, абоненттік блоктың қосылуына кедергі келтірілмейді. Кестеде келтірілген мәндер шамаланып алынған (ориентировочные) екенін айтып кету керек. Қондырғының жұмысқа қабілеттілігін бағалауда параметрлерінің саны салыстырмалы түрде екенін (ауыспалы өшулік, шуыл деңгейі, изоляция кедергісі және т.б).
3.1 Кесте–АЛ-тың мүмкін болатын ұзындығы
Талшық диаметрі, мм |
Линияның мүмкін болатын ұзындығы, км |
РСМ-2А |
|
Регенераторсыз |
|
0,4 |
5,0 |
0,6 |
9,0 |
АЛЦТЖ қондырғысының құрастырылуы ыңғайлы болған. Онда абоненттік сызықтарда абоненттік блок станциондық жиынтыққа сызықтық регенераторды қолданбай-ақ қосылуы мүмкін.Оған қарамастан АС-тың ұзындығы регенераторсыз қосылу мәнінен үлкен болып тұрады. Бұл жағдайды сызықтық регенераторлар қолданылады. Регенераторлар АС-тің тығыздалу жолымен қондырылуы мүмкін, мұнда әр регенератор қондырғы жұмысының максымалды қашықтығының 95-100% - ға дейін өсуін қамтамасыз етеді. Регенераторлар ереже бойынша орналастырғыш шкаф немесе кросс бөлімшелерінде орналасады.
АЛЦТЖ – дың арнайы интерфейсі. АЛЦТЖ –дың басқарылуы және эксплуатациясы
АЛЦТЖ - дың АТС –ке қосылуының қадамды- декадтық жүйесі әлі күнге дейін байланыс операторлары қатарымен эксплуатацияланды. Себебі АЛЦТЖ түгелімен жартылай өткізгіш құрылғылардан жасалған. Номинал мөлшерінен кіріс тогының асуы кіріс тізбегінің қатардан тыс шығып кетуіне әкеледі. Мұндай жағдайда болдыртпау үшін қосымша қорғаныс кросын қолдану керек, оны АЛЦТЖ қондырғысы жиынтығында табуға, тапсырыс беріп алуға болады. 3.1 – сурет сұлбасында көрсетілгендей техникалық эксплуатациялау жүйесі техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, себебі жүйеде өзін-өзі диагностикалау және авариялық сигнализация орналасқан, бірақ платтардың қатардан шығуы кезінде олардың орнын техникалық персонал басады. АЛЦТЖ-ға орталықтандырылған жүйе техникалық эксплуатация мен дистанциондық басқару құрылуы мүмкін.
3.1 Сурет - АТСДШ жағынан эксплуатациялау болған кезде АЛЦТЖ –ның қорғанысы үшін қосымша кросс құрылғысының сұлбасы
Isdn – Integrated Services Digital Network
Анықтама 1 : ISDN сөзінің астарламасында мынадай байланыс желісі жатыр, яғни ондағы цифрлық беріліс пен цифрлық коммутацияның барлық құрылғылары кез- келген байланыс түрін орналастыру үшін қолданылады.
Анықтама 2: ISDN сөзінің астарламасында, территориясы шетте орналасқан қолданушыларға ақпаратты сәулетті- программалық тәсілмен тасымалдаудың жиынтығын білдіреді. Олар қолданушылық талап етуіне қарай байланыстың әртүрін пайдалану арқылы цифрлық негізде ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді.
ISDN – Integrated Services Digital Network екі түрге бөлінеді:
а) таржолақты ЦСИС – N - ISDN – Narrowband
б) кеңжолақты ЦСИС – В – ISDN - Broadband
N - ISDN - де беру жылдамдығы 2,048 мбит/с –қа дейінгісі қолданылады. Ал В – ISDN - де жылдамдығы 2,048мбит/с-тан асатын кеңжолақты арналар қолданылады.
ISDN – де стандартты цифрлық арнаның екі типі бар: біріншісі – ақпараттық, ал екіншісі – сигнализациялық. Ақпараттық арна базалық қолданушылардың ақпараттарын тарату үшін В- арна деп аталады. Сигнализация арнасы – D –арнасы пакеттелген түрде деректер мен сигнализация сигналын береді.
ISDN – де қатынас құрудың (интерфейстің) екі түрі бар:
базалық (негізгі)
біріншілік
Базалық (негізгі) қатынауға дыбыстық сигналдарды және 64 кбит∕с жылдамдықтағы деректерді таратуға арналған 2 ақпараттық дуплексті В-арнасы және 16 кбит∕с жылдамдықта тарататын бір дуплексті сигнализацияның D арнасы кіреді. Яғни ISDN-нің бір абонентіне 2В+D дан келеді және 16 немесе 48 кбит/с жылдамдықтағы желінің бөлігіне байланысты кадрлық синхронизация қосылып отырады.
Біріншілік қатынауға сөз және деректер тарату үшін 64 кбит/ с жылдамдықтағы 30 дуплексті ақпараттық В-арнасы және бір дуплексті 64 кбит/с жылдамдықтағы сигнализацияның D-арнасы кіреді. Жалпы жылдамдығы 1984 кбит/сті құрайды және 64 кбит/с жылдамдықтағы синхронизация қосылады. Сондықтан жалпы алғандағы біріншілік қатынаудың жылдамдығы - 2048 кбит/сті құрайды.
ISDN дегі абоненттік қатынау желісі.
ISDN таржолақты абоненттік қатынау желісінде пайдаланылады:
ТЕ1 - арнайыланған ISDN терминалдары - "1"типті терминалдық құрылғы, - бұл базалық қатынауды демейтін ISDN терминалы;
ТЕ2 - арнайыланбаған терминалдар - “"2" типті терминалдық құрылғы базалық қатынауды қолдамайтын;
АТА – аналогты ТА;
PBX – мекемелік АТС;
ТА – ISDNнің арнайыланбаған терминалдарын қосатын терминалды адаптер (модем). Терминалды адаптер автономды құрылғы немесе ТЕ2нің ішіндегі плата болуы мүмкін. Егер ТЕ2 автономды құрылғы болса, онда ол ТА-ға физикалық деңгейдің R стандартты интерфейсі арқылы қосылады;
NТ (Network termination) – желілік аяқталуы немесе желілік терминал. Бірінші және екәнші типті болады;
LT – сызықты терминал, выполняет функции NT1 функциясын орындайды және АТСЦ ның цифрлы абоненттік комплекті боп табылады (ЦАК);
ST – станциялық терминал, АТСЦның коммутациялық өрісі боп табылады (КӨ).
R, S, T, U – абоненттік қатынауды жүзеге асыратын интерфейстер, немесе "пайдаланушы-желі" деп аталатын интерфейс;
R интерфейсі – цифрлық терминалдар интерфейсі, ол арқылы олар терминалдық адаптерге қосылады;
S интерфейсі – бұл төртсымды шина;
Т интерфейсі - NТ2 және NТ1 арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, қазіргі уақытта NT1 және NT2 функцияларын атқаратын желілік аяқталу 1 шығарылып жатыр;
U интерфейсі – бұл екі сымды абоненттік жол.