Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект МСАД_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.13 Mб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Автоматты электрбайланыс кафедрасы

Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілері

050719 – Радиотехника, электроника, телекоммуникация

мамандығы бойынша дайындалатын барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы

Алматы 2009

ҚұрастырУШЫЛАР: А.Д.Мухамеджанова., Ю.М.Гармашова. Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілері. 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша дайындалатын барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБИ, 2009.- 52 б.

«Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілері» пәні бойынша он екі дәрістің жинағы баяндалған. Онда абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің құрылу және функциялау негіздері келтірілген.

43 сурет, 5 кесте, әдеби көрсеткіші. - 8 атау

Пікір беруші: техн.ғыл.канд, проф. Туманбаева К.Х.

«Алматы энергетика және байланыс институтының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2009 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

© "Алматы энергетика және байланыс институтының" КЕАҚ, 2009 ж.

Кіріспе

Пәннің жүргізілу мақсаты абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің құрылу және функциялау негіздерін игеру болып табылады.

Бұл пән желіде қолданылатын сымды және сымсыз абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің, хаттамаларының, тарату түрлерінің функциялау және құрылу негіздерін қарастырады. Сонымен қатар, бұл пәнде абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінде қолданылатын барлық технологиялар көрсетілген.

Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің функционалдығын және құрылымының негізгі принциптерін меңгеру арқылы әрбір студент абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілеріне анализ, жобалау, эксплуатация жасай алады және жаңа желілерді жобалау кезінде эксплуатация жағынан тиімді техникалық шешімдер ұсына алады.

Пәннің жүргізілу мақсаты абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерін құру және функциялаудың негізгі принциптерін меңгерген студенттерді телекоммуникациялық желілер байланысының және олардың квалификациялық эксплуатациясының қажет мәселелелерін шешу үшін дайындау болып табылады.

Пәнді оқытудың мәселесі болып абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің құрылу принциптері мен функциалануын, желілердің есептеу параметрлерін студенттердің игеруі болып табылады.

Оқу жоспарында берілген пән үшін 3 кредит, яғни  135 сағат бөлінеді, оның аудиториялық сабаққа кіретіні -52, өзіндік жұмысқа кіретіні - 90 сағат.

Кредит

тер саны

Курс

Семестр

Аудиториялық

сабақтар

Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар

Зертх.

жұмыстар

КЖ

Емти

хан

3

4

8

52 сағ.

1,5

(22 сағ.)

1

(16 сағ.)

0,5 (16сағ.)

8

8

1 дәріс. Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің (АҚМЖ) негізгі түсініктері

Дәрістің мақсаты: абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің негізгі түсініктерінің: анықтамалары, АЛ, қатынау желісінің құрылымы, абоненттердің қосылуын ұйымдастыру тәсілдерінің студенттермен игерілуі.

Мазмұны:

  • абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің негізгі анықтамалары;

  • абоненттік линия түсінігі;

  • абоненттік линияның түрлері және параметрлері;

  • абоненттік таратқыш желінің құрылымы;

  • абоненттік желіні құру әдістері: қосарланған қосылу, арна ұйымдастыратын құрылғының қолданылуы.

Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің негізгі анықтамалары.

(ҚЖ) «қатынау желісі» термині access network деген ағылшын тіркесінен шыққан. Кейде телекоммуникациялық желінің жалпы құрылымында ҚЖ-ның орнын ерекшелендіру үшін «абоненттік қатынау желісі» деген орысша толық аударылымы қолданылады.

Абоненттік қатынау желісі - телефондық розеткадан транзиттік желінің (коммутатордың) шеткі құрылғысына дейінгі бөлігіне қатысты, ол тек қана абоненттік линияға (АЛ) қатысты.