
- •3 Банктік маркетинг мақсаты, міндеттері ж/е қағидалары.
- •6. Қоғаммен байланыс, банк қызметіндегі коммуникациялық стратегияның негізгі элементі ретінде
- •8. Банктегі ақпараттық логистика
- •9. Маркетингтік зерттеулердің мәні және қағидалары
- •10.Клиенттің тұлға типіне б/ты персоналды менеджерлердің іс әрекеті.
- •11. Клиенттің мінез құлық типіне б/ты персоналды менеджердің іс әрекеті.
- •12. Маркетингтік зерттеудегі проблеманы анықтау және зерттеу мақсаттарын құру
- •13.Маркетингтік зерттеулер жүйесіндегі ақпарат көздері мен оларды жинау әдістерін анықтау.
- •17. Коммерциялық банктердегі стратегиялық жоспарлау ерекшелігі.
- •18. МакроЛогистикалық жүйедегі қаржы ағымдарын банктік реттеу
- •19. Банктик кызмет саласындагы Бәсекелесті талдау әдістемесі
- •20. Банктегі миссия, мақсаттар және стратегиялық талдау
- •1)Экономикалық
- •2)Экономикалық емес
- •21.Коммерциялық банктердегі баға құру саясаты
- •22. Логистканың даму тарихы, оның маркетингпен байланысы
- •24.Банк қызметіндегі маркетингтік коммуникациялар түсінігі.
- •26. Shell/dpm моделі, банктің даму стратегиясын таңдау әдісі ретінде
- •27.Брендинг, банктегі маркетингтік коммуникацияны құру негізі ретінде
- •28.И.Ансоффтың «өнім-нарық» моделі, банктің табысты қызмет ету ықтималдығын анықтау әдісі ретінде.
- •29. Банктік өнімдерді жеткізу саясаты.
- •1) Тікелей жеткізу арқылы
- •2) Жанама өткізу
- •38. Банкпен өзара әрекет ету туралы корпоративті клиенттердің шешіміне әсер ететін негізгі факторлар:
- •39.Потенциалды клиенттерді тарту б/ша жұмыс жоспары.
- •40.Банк қызметіндегі ұйымдастыру стратегиялары.
- •1) Жасау үрдісі.
- •2) Таңдалған тактика арқылы жүзеге асыру үрдісі.
- •41.Банктердегі маркетингтік аудитті ақпараттық қолдау жүйелері.
- •43.Банктердегі стратегиялық жоспарлау сатылары.
- •1. Стр таңдайды;
- •45.Банктік өнімді дамыту стратегиялары
- •46. Банк қызметтерінің тұсаукесерін жүргізу тәртібі
- •47.Банктік Ққызметтер саласындағы маркетингктік зерттеулердің негізгі сатылары.
- •54.Банктердегі тасымалдау логистикасының ерекшеліктері
- •56.Клиенттерге персоналды менеджерлердің типі бойынша қызмет көрсету технологиясы
- •1) Операциялық
- •2) Шоғырланған.
- •57. Клиенттік базаны кеңейтудің негізгі бағыттары
- •1)Тікелей
- •2)Жанама
- •1)Анкета
- •2)Механикалық құрылғылар.
- •2) Жабық.
- •60. Банктегі реинжиниринг
- •1) Банктер қиын жағдайда тұр (рынок үлесінің жоғалуы, пайданың төмендеуі, жоғары шығындар және т.Б.);
- •2) Банктер қиын жағдайда емес, бірақ оның болашақта болуын сезіп тұр;
- •3) Банктер өз тиімділігінің шыңында тұр.
17. Коммерциялық банктердегі стратегиялық жоспарлау ерекшелігі.
Банк қызметін стратегиялық жоспарлау банктің ұзақ мерзімде өмір сүруін және оның бәсекелестік күресте жетістікке жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін орталық звеносы болып табылады.
Коммерциялық банкте стратегиялық жоспарлау проблемасы келесідей сипатталады:
-міндеттердің көлемділігі;
-көп критерилігі;
-талдау жасау мен шешім қабылдаудағы шектеулі уақыт;
-талдау және шешім қабылдау кезінде қолданылатын ақпараттың болмауы және сенімсіздігі;
-стратегия жасау кезінде түрлі топтардың қарама-қайшы талаптары мен мүдделерін есепке алу талап етіледі;
-банк қызметінің мүмкін болатын баламалар санының көп болуы мақсаттар мен шектеулердің нақты болмауын тудырады;
-шешім қабылдайтын тұлғаларға және стратегияны жасаушыларға жоғыра
талаптардың қойылуы;
-стратегияны бағалау банк қызметінің барлық жағын бір уақытта есептеу негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Стратегиялық жоспарлау ұйымның дамуының басым стратегяларын жасау және оның маркетингтік менеджменпен жүйелі өзара байланыс және өзара келісім жағдайында ағымдық шешім қабылдауға тиімді әсер етуге жүзеге асыру мәселелері бойынша жасалатын көп деңгейлі қызмет.
18. МакроЛогистикалық жүйедегі қаржы ағымдарын банктік реттеу
Логистикалық қаржы ағымдары тауар ағымдарының өз жолын тиімді өтуі үшін құрылады және пайдалынылады. Яғни қаржы ағымдары дегеніміз тауар ағымдарының жолында кездесетін қаржы құралдарының қозғалысы.
Яғни, логистикадағы қаржы ағымдары деп логистикалық жүйеде, сонымен қатар белгілі бір тауардың тиімді қозғалысын қамтамасыз ететін логистикалық жүйе мен сыртқы ортада айналып жүретін қаржы ағымдарының бағытталған қозғалысын айтамыз.
Логистикалық жүйе – бұл шекарасында логистикалық жүйелер жүзеге асырылатын кері байланысы бар бейімделетін жүйе, ол бірнеше элементтерден тұрады, бұл элементтер оның жүйе астысы болып табылады, элементтердің сыртқы ортамен және өзара байланыстары тығыз болып келеді. Логистикалық жүйені құрудың негізгі мақсаты материалды-шикі ресурстарды немесе тауарлар мен қызметтерді анықталған сандық мөлшерде және ассортименттік құрамда белгіленген жерге дер кезінде жеткізу болып табылады.
19. Банктик кызмет саласындагы Бәсекелесті талдау әдістемесі
Банк маркетингінің басты аспектісі бәсекелестерді жан жақты талдау болып табылады. Бәсекелестерді талдауда ең қауіпті бәсекелестерді таңдап алып, олардың маркетингтік, қаржы және операциялық стратегияларын зерттеу қажет және стратегиялық мүмкіндіктерді бағалау қажет.
Бәсекелестерді талдау келесі сұрақтарға жауап алу үшін қажет.
-Күресу үшін оъект ретінде біз кімді таңдап аламыз және іс\әрекет реті қандай болуы тиіс?
-Бұл бәсекелестің стратегиялық іс әрекетінің мәні қандай? және т.б.
Бәсекелесті талдау келесідей 4 компоненттерден тұрады:
болашақ мақсаттары,
ағымдағы стратегия,
көріністер мен
потенциалды мүмкіндіктер
Болашақтағы мақсаттарды анықтауға болады:
-Бәсекелестердің жарияланған қаржылық мақсаттары
-Бәсекелестің тәуекелдікке бару мүмкіндіктері
-Рыноктағы озат бәсекелестік позизиясына талпынуы
-Бәсекелестіктің ұйымдық құрылымы
-Бәсекелес банктердегі ынталандыру және марапаттау жүйелері
-Басқарушылар тобы, яғни олардың білімі және тәжрибесі
-Банк ішіндегі қызметкерлердің бірлесуі және мүдделі топтардың болуы
-Директорлар кеңесінің құрамы
-Бәсекелестер туралы ой қалыптастыру екі категориядан тұрады:
-Бәсекелестердің өздері туралы ой қалыптастырулары
-Бәсекелестердің жалпы банк жүйесі туралы және де басқа банктер туралы ой қалыптастырулары.