Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMUD_GP_VSE.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
4.48 Mб
Скачать

V тарау. Халықаралық процесс

28-тақырып. Шетелдiк құқық субъектiлерi қатысатын iстер бойынша iс жүргiзу.

Шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдiк және халықаралық ұйымдардың азаматтық iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi. Шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық iс жүргiзуге әрекет қабiлеттiлiгi. Шетелдiк, халықаралық ұйымның iс жүргiзу құқығына қабiлеттiлiгi.

Шетелдiк тұлғалар қатысатын iстер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыретi.

Азаматтық iстердiң соттылығы. Шетелдiк сотта iс жүргiзудiң маңызы.

Шет мемлекеттерге талап қою. Соттық иммунитет. Сот тапсырмалары. Шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерiн тану және орындау. Шетелдiк соттардың орындауды талап етпейтiн шешiмдерiн тану.

VI тарау. Атқарушылық iс жүргiзу.

29-тақырып. Сот актiлерiнiң және өзге органдар актiлерiнiң орындалуы.

Сот және өзге органдар актiлерiнiң орындалуы азаматтық процестiң соңғы сатысы ретiнде. Мәжбүрлеп орындатудың маңызы.

Атқарушылық iс жүргiзудiң органдары. Атқарушылық iс жүргiзудегi соттың ролi. Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына прокурорлық қадағалау.

Тараптар және атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа тұлғалар, олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi. Атқарушылық iс жүргiзудегi өндiрiп алушының және борышкердiң, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудiң қатысушысы болып табылмайтын тұлғалардың құқықтарын қорғау.

Мәжбүрлеп орындатуға жататын актiлер. Атқару құжаттарының түрлерi. Соттардың атқару құжаттарын беру тәртiбi.

Атқарудың жалпы ережелерi. Атқару әрекеттерiн жүргiзудiң уақыты, орны және мерзiмi. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру және қысқарту. өндiрiп алушыға атқару құжатын қайтару. Атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуы.

Борышкердiң ақшалай сомаларынан және басқа мүлкiнен өндiрiп алу. Өндiрiп алуға болмайтын ақшалай сомалар және мүлiк. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу және тыйым салынған мүлiктi өткiзу.

Борышкердiң жалақысынан және өзге кiрiстерiнен өндiрiп алу.

Өндiрiлген ақшалай сомаларды бөлу. Орындау бойынша шығындар.

Атқарушылық санкция.

Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару.

Семинар (тәжірибе) сабақтарының тақырыптарының үлгі тізімі

  1. Азаматтық iс жүргiзу құқығы саласының пәнi, әдiсi және жүйесi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының ғылымы (4 сағат)

  2. Азаматтық iс жүргiзу құқығының принциптерi (4 сағат)

  3. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастар және олардың субъектiлерi (2 сағат)

  4. Азаматтық процестегi тараптар (2 сағат)

  5. Азаматтық процестегi үшiншi тұлғалар (2 сағат)

  6. Азаматтық процеске прокурордың қатысуы (2 сағат)

  7. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшiн мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдар мен жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуы (2 сағат)

  8. Сотта өкiлдiк ету (2 сағат)

  9. Iс жүргiзу мерзiмдерi. Сот шығындары. Мәжбүрлеу шаралары (2 сағат)

  10. Азаматтық iстердiң ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы (4 сағат)

  11. Дәлелдемелер мен дәлелдеу (6 сағат)

  12. Талап (4 сағат)

  13. Сотта азаматтық iстi қозғау (2 сағат)

  14. Iстi сотта қарауға әзiрлеу (2 сағат)

  15. Азаматтық iстердi бiрiншi сатыдағы сотта қарау (6 сағат)

  16. Бiрiншi сатыдағы соттың актiлерi (6 сағат)

  17. Сырттай iс жүргiзу және сырттай шешiм (2 сағат)

  18. Соттардың ерекше талап қоюмен жүргiзiлетiн iстердi қарауы (4 сағат)

  19. Соттардың ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен iстердi қарауы (4 сағат)

  20. Бұйрық арқылы iс жүргiзу және сот бұйрығы (2 сағат)

  21. Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргiзу (6 сағат)

  22. Соттық қадағалау тәртiбiмен iс жүргiзу (4 сағат)

  23. Заңды күшiне енген сот актiлерiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау (2 сағат)

  24. Соттың жойылған сот iсiн және атқару iсiн жүргiзудi қалпына келтiру туралы арызды қарауы (1 сағат)

  25. Шетелдiк құқық субъектiлерi қатысатын iстер бойынша iс жүргiзу (3 сағат)

  26. Сот актiлерiнiң және өзге органдар актiлерiнiң орындалуы (4 сағат).

Барлығы: 84 сағат семинар сабақтары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]