Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMUD_GP_VSE.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
4.48 Mб
Скачать

Пәннiң мазмұны

КIРIСПЕ

Тәуелсiз Қазақстанның жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы жағдайында азаматтық сот iсiн жүргiзудiң мәнi мен ролi түбегейлi өзгерiстерге ұшырады. Бұл бөлiгiнде ҚР Президентiнiң 1994 ж. 12 ақпандағы қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы негiзгi бағыттары) iске асырылды деп айтуға болады. Сот iсiн жүргiзу “жалпы халықтық” меншiктi қорғау құралы ролiн атқаруды тоқтатып, мемлекеттiк азаматтық даудағы тең құқылы тараптарға көрсететiн қызметiне айналады. Азаматтық процесс бiртiндеп азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың тиiмдi құралына айналуда. Бұған соттарды ұйымдастыру және сот iсiн жүргiзу туралы жаңа заңнамалық базаның құрылуы ықпал еттi. Азаматтық iс жүргiзу құқығы саласы құқықтық мемлекет идеясын көрсететiн және қоғамның әрi қарай демократиялануы талаптарына сай келетiн жаңа бастама ережелерге негiзделедi.

Пәндi оқудың нысанасы азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар бiрiншi, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттарда, соттың заңды күшiне енген актiлерiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау бойынша iс жүргiзумен, сондай-ақ сот актiлерiн және өзге органдардың актiлерiн орындаумен байланысты пайда болады. Сонымен бiрге, оқу пәнi болып азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар табылады.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының зерттеу объектiсi болып мыналар табылады: құқық саласы ретiндегi азаматтық iс жүргiзу құқығы, оның нормалары мен институттары, сондай-ақ iс жүргiзу нормаларын қолдану тәжiрибесi; азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының және заңнаманың даму тарихы; шет елдердiң азаматтық iс жүргiзу құқығының және заңнамасының тарихы мен теориясы.

Құқықтық құбылыстарды танудың тиiмдi әдiсi ретiнде салыстыру болады. Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының, әсiресе теориялық сипаттағы, мысалы, азаматтық iс жүргiзу құқығының түсiнiгi, азаматтық сот iсiн жүргiзудiң принциптерi, iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастар, iске қатысушы тұлғалар, ведомстволық бағыныстылық, талап, дәлелдеу және дәлелдемелер, сот актiлерiн қайта қарау бойынша iс жүргiзу сияқты жекелеген проблемаларын оқу кезiнде әртүрлi оқулықтардың атаулары бiрдей тарауларындағы оқу материалдарын салыстырса дұрыс болар едi.

Оқу материалдарын салыстыру және талдау құқықтық көзқарастардың қалыптасуына ықпал етедi және азаматтық iс жүргiзу құқығының проблемалық мәселелерi бойынша әртүрлi пiкiрлердi дербес бағалау қабiлетiн дамытады.

НЕГIЗГI БӨЛIМ

I-ТАРАУ. Жалпы ережелер

1-тақырып. Азаматтық iс жүргiзу құқығы саласының пәнi, әдiсi және жүйесi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының ғылымы.

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.

Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң құқықтық мемлекеттi құру кезеңiндегi мiндеттерi.

Құқық саласы ретiнде азаматтық iс жүргiзу құқығының түсiнiгi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерi. Қазақстан Республикасының азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңнамасы.

Азаматтық сот iсiн жүргiзудi (процестi) түсiнiгi. Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзудiң түрлерi. Азаматтық іс жүргізудің сатылары.

Азаматтық iс жүргiзу нысанының мәнi, негiзгi белгiлерi және маңызы.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының ғылымы (түсiнiгi, пәнi және жүйесi).

2-тақырып. Азаматтық iс жүргiзу құқығының принциптерi.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы принциптерiнiң түсiнiгi және олардың маңызы. Азаматтық iс жүргiзу құқығы принциптерiнiң жүйесi. Принциптердiң жiктелу мәселесi.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының ұйымдастырушылық-функционалды принциптерi: сот төрелiгiн тек соттың жүзеге асыруы, судьялардың ауыстырылмайтындығы, судьялардың тағайындалатындығы және сайланатындығы, судьялардың тәуелсiздiгi және олардың тек заңға бағынуы, азаматтық iстердi қарау кезiндегi жеке даралық және алқалық, азаматтар мен ұйымдардың заңмен сот алдындағы теңдiгi, жеке тұлғаның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу, сотта iстi қараудың жариялығы, сот iсiн жүргiзудiң ұлттық тiлi.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының функционалды принциптерi: заңдылық, диспозитивтiк, жарыспалық, тараптардың iс жүргiзуде тең құқықтылығы, сотта қараудың ауызшалығы және тiкелейлiгi.

3-тақырып. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастар және олардың субъектiлерi.

Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың түсiнiгi және олардың ерекшелiктерi. Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары, мазмұны және объектiсi.

Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың субъектiлерi және оларды жiктеу.

Сот азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың мiндеттi субъектiсi ретiнде.

Iске қатысушы тұлғалар (түсiнiгi, белгiлерi және құрамы). Iске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi.

Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың басқа субъектiлерi.

4-тақырып. Азаматтық процестегi тараптар.

Азаматтық процестегi тараптардың түсiнiгi. Тараптардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.

Iс жүргiзуге тең қатысу (түсiнiгi, мақсаттары, негiздерi және тең қатысудың түрлерi). Тең қатысушылардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.

Тиiстi емес жауапкердiң түсiнiгi. Тиiстi емес жауапкердi ауыстыру.

Iс жүргiзу құқық мирасқорлығы (түсiнiгi, негiздерi). Құқық мирасқорының процеске кiру (тартылу) тәртiбi және оның құқықтық жағдайы.

5-тақырып. Азаматтық процестегi үшiншi тұлғалар.

Азаматтық процеске үшiншi тұлғалардың қатысуы. Олардың түрлерi.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалар. Олардың iске кiрiсуiнiң негiздерi және iс жүргiзушiлiк тәртiбi. Дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлiмдемейтiн үшiншi тұлғалар. Олардың iске қатысуға кiрiсуiнiң немесе тартылуының негiздерi және iс жүргiзушiлiк тәртiбi. Дербес талаптарын мәлiмдемейтiн үшiншi тұлғалардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.

6-тақырып. Азаматтық процеске прокурордың қатысуы.

Азаматтық процеске прокурордың қатысуының негiздерi және нысандары. Прокурордың iс жүргiзушiлiк жағдайы.

Бiрiншi сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы. Оның құқықтары мен мiндеттерi.

Прокурордың апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттарға қатысуы.

7-тақырып. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшiн мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуы.

Басқа тұлғалардың құқықтарын және мүдделерiн қорғау үшiн мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негiздерi және мақсаттары.

Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа жүгiнуi. Олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.

Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының процеске iс бойынша қорытынды беру үшiн қатысуы. Олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi.

8-тақырып. Сотта өкiлдiк ету.

Сотта өкiлдiк етудiң және соттағы өкiлдiң түсiнiгi.

Сотта өкiл бола алмайтын тұлғалар.

Өкiлдiктiң негiздерi және түрлерi.

Соттағы өкiлдiң өкiлеттiктерi (көлемi және ресiмделуi).

9-тақырып. Iс жүргiзу мерзiмдерi.

Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түсiнiгi және олардың маңызы. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түрлерi.

Iс жүргiзу мерзiмдерiн есептеу. Iс жүргiзу мерзiмдерiн тоқтата тұру. Өткiзiп алған iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту мен қалпына келтiрудiң тәртiбi.

Азаматтық iстердi әзiрлеу және қарау мерзiмдерi

10-тақырып. Сот шығындары.

Азаматтық процестегi сот шығындарының түсiнiгi және құрамы.

Мемлекеттiк баж. Iс бойынша iс жүргiзуге байланысты шығындар.

Сот шығындарынан босату. Сот шығындарын бөлу.

11-тақырып. Мәжбүрлеу шаралары.

Мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын қолдану негiздерi.

Мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.

Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбi.

12-тақырып. Азаматтық iстердiң ведомствалық бағыныстылығы.

Ведомствалық бағыныстылықтың түсiнiгi. Ведомствалық бағыныстылықтың түрлерi.

Соттарға талап қоюшылық, ерекше талап қоюмен жүргiзiлетiн iстердiң және ерекше жүргiзiлетiн iстердiң ведомствалық бағынуы. Iстердiң ведомствалық бағыныстылығы туралы ережелердi сақтамау салдарлары.

Iстердiң аралық соттарға ведомствалық бағыныстылығы. Сотқа ведомствалық бағыныстылықтың басымдығы.

13-тақырып. Азаматтық iстердiң соттылығы.

Соттылықтың түсiнiгi. Соттылықтың түрлерi.

Топтық соттылық. Аумақтық соттылық, оның түрлерi.

Iстi бiр соттың жүргiзуiнен алып басқасына беру негiздерi және тәртiбi.

Iстiң соттылығы туралы ережелердi сақтамау салдарлары.

14-тақырып. Дәлелдемелер мен дәлелдеу.

Сот дәлелдеуiнiң түсiнiгi және мақсаты. Сот дәлелдеуiнiң субъектiлерi.

Сот дәлелдемелерiнiң түсiнiгi.

Дәлелдеу нысанасының түсiнiгi. Дәлелдеуден босату негiздерi. Дәлелдемелiк фактiлер.

Тараптардың дәлелдеу мiндетi. Дәлелдеу процесiндегi дәлелдемелiк презумпциялардың маңызы. Дәлелдеменi ұсыну. Соттың дәлелдемелердi тараптардың және iске қатысушы басқа тұлғалардың өтiнiмi бойынша талап етуi. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету дәлелдемелердi жинау тәсiлi ретiнде. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету негiздерi және тәртiбi. Сот тапсырмалары.

Дәлелдемелердi зерттеу. Тұрған жерiнде қарау. Қарау хаттамасы.

Дәлелдеу процесiнде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану.

Дәлелдемелердi бағалау. Дәлелдемелердiң қатыстылығы және дәлелдемеге жол беру. Дәлелдемелердiң растылығы және жеткiлiктiлiгi.

Дәлелдемелердiң жiктелуi.

Тараптардың және үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi.

Куәнiң айғақтары. Куәдан жауап алудың тәртiбi. Куәнiң мiндеттерi және құқықтары.

Жазбаша дәлелдемелер. Жазбаша дәлелдемелердiң түрлерi. Жазбаша дәлелдемелердi тапсырудың және жинаудың тәртiбi.

Заттай дәлелдемелер. Оларды ұсыну және сақтау тәртiбi. Заттай дәлелдемелердi қарау.

Сарапшының қорытындысы (түсiнiгi және мазмұны). Сарапшының iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi. Сараптама тағайындаудың және жүргiзудiң тәртiбi. Сараптамалардың түрлерi.

Маман консультациялары (түсiндiрмелерi) және олардың маңызы. Маманның құқықтары мен мiндеттерi.

15-тақырып. Талап.

Талап қою бойынша iс жүргiзудiң түсiнiгi және мәнi. Талап қою бойынша iс жүргiзу ережелерiнiң маңызы.

Талаптың түсiнiгi. Талаптың элементтерi. Талаптардың түрлерi. Талаптың (талаптардың) ұқсастығы.

Талап қою құқығы.

Талаптарды қосу және бөлу.

Талапты өзгерту. Талап қоюшының талаптан бас тартуы. Жауапкердiң талапты тануы. Бiтiмгершiлiк келiсiмi.

Талапты қамтамасыз ету.

Жауапкердiң мүдделерiн қорғау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]