Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMUD_GP_VSE.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
4.48 Mб
Скачать

Түсiндiрме беретiн жазба

’’Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу құқығы’’ пәнiнiң мақсаттары және мiндеттерi, оның маман-заңгерлердi дайындаудағы ролi және маңызы, сондай-ақ оқу барысындағы орны.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы жоғары заң оқу орындарының негiзгi iргелi оқу пәндерiнiң бiрi болып табылады.

Бұл оқу курсының оқыту пәнi азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру барысында пайда болатын коғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар болып табылады.

Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға конституциямен бекiтiлген шешiм сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары маманданған деңгейде қолдануды, соттардың қатесiз және жүйеленген жұмысын, сот беделiнiң бұлжымастығын мойындауды талап етедi.

Қазақстанда сот жүйесiн реформалау сот төрелiгiнiң шынайы тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге, сот ісін жүргізудің жарыспалығын, тараптардың тең құқықтылығын бекiтуге, дәлелдемелер жинауды тараптарға жүктеу арқылы сотты бұл мiндеттен босатуға, соттың қоғамда заңдылық қағиданың әрекет етуiнiң кепiлi ретiнде болуына бағытталған болатын.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдарында сот реформасы ҚР-ның «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен соттардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, жаңа ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР-ның Қылмыстық іс жүргізу кодексі, ҚР-ның «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексі, сонымен қатар ҚР-ның «атқарушылық өндіріс пен сот орындаушылардың мәртебесі туралы» заңдарын қабылдауында нақты анықталады. Бұл сот әділдігінің жүйесін жүзеге асыруына объективті түрде бағытталған және оның жағдайына оң жағымды әсерін көрсетеді. Бастапқы процессуалдық актілерге қарағанда, қазіргі жаңа заң актілері жоғары деңгейде екендігін атап кетпей болмайды. Позитивті түрде атап кету керек:

а) сот төрелігінің жүзеге асыру үшін заңдарды халықаралық стандартқа бағдарлау:

б) диспозитивтік қағида азаматтық іс жүргізудің негізгі бастамасы ретінде жаңа мазмұныдармен толықтырылды:

в) азаматтық сот ісін жүргізудегі дифференциацияның түрлері және кейбір категориядағы жеке істерді шешудің процессуалдық нысанын жеңілдету сот ісін жүргізуін оптимизациялау жолымен сот өндірісінің мақсатына жетуге жол береді.

г) ведомствалық институттың новеллизациясына соттың қарауына әр түрлі материалдық қатынастарда туындайтын кез келген құқық туралы даулар жатады

д) азаматтық істер бойынша дәлелдеу қызметінің жаңа әдісі, азаматтық сот ісін жүргізудегі сайысушылық қағидасының жаңа мазмұнын бекітуі

е) Құқық институттардағы әр түрлі процессуалдық актілері мен унификацияның дефинициялары.

Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын, азаматтық қоғам мен мемлекеттi қазiргi заманғы құрылымын түсiнетiн маман-заңгерлердiң (жоғары кәсiби заң бiлiмiне ие тұлғалардың) бiлiктi корпусын қалыптастыруға студенттердiң Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасы саласында терең бiлiм алуы ықпал етедi. Осының негiзiнде ’’ҚР-ның азаматтық iс жүргiзу құқығы’’ курсының типтiк бағдарламасы құрастырылған.

’’ҚР-ның азаматтық iс жүргiзу құқығы’’ курсын оқудың мақсаты студенттердiң азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн iске асыру барысында сот пен iске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсiнуi, студенттерде құқықтық көзқарастарды, барлық негiзгi iс жүргiзушiлiк институттар мен ұғымдар туралы дұрыс көзқарасты қалыптастырады : азаматтық iс жүргiзу құқығы саласының мәнi, азаматтық процестiң соттық сот төрелiгiн жүзеге асыру бойынша қызметi екендiгi, iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың ерекшелiгi, соттың және азаматтық сот iсiн жүргiзу қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық iс жүргiзу құқығы басшылыққа алатын құқықтық категориялар туралы дұрыс түсiнiк қалыптастыру.

Бұл курсты оқудың мiндетi: құқықтың қажеттi қайнар көздерiмен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерiмен таныстыру, маңызды заң актiлерi мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот iсiн жүргiзудi реттейтiн, азаматтық iс жүргiзу нормаларынан тұратын Қазақстан қатысатын маңызды заң актілермен халықаралық шарттарды меңгеру, азаматтық iс жүргiзу құқығы қағидасын, оның нақты мазмұнын білу, азаматтық іс жүргізуге қатысушылармен соттың құқықтары мен міндеттерін оларға қойылатын тақуалдық және құқықтық талаптар туралы нақты көзқарастардың қалыптасуы.

Студенттер судья, прокурор, адвокат ретiнде жұмысты орындау үшiн тәжiрибелiк дағдыларға ие болып, iс жүргiзу құжаттарын (талап арызды, шешiмдi, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра бiлуi тиiс.

Азаматтық iс жүргiзу құқығын мемлекет және құқық теориясы мен тарихы саласы, сондай-ақ бiрқатар салалық пәндер бойынша бұрын алған құқықтық бiлiмдер кешенiне сүйенiп оқу қажет.

Осы курсты конституциялық, азаматтық, экологиялық, еңбек, әкiмшiлiк, қаржылық құқық тәрiздi пәндердi бiлмейiнше меңгеру мүмкiн емес, өйткенi аталған пәндер шеңберiнде мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi туралы, субъективтi құқықтар мен заңды мүдделердi қорғау тәсiлдерi, материалдық құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың субъектiлерi, материалдық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi туралы мәселелер оқытылады.

Аталған алуан түрлi материалдық құқықтық қатынастардан туындайтын құқық және заңды мүдде туралы даулар сотта азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қараудың және шешудiң пәнi болып табылады. Сондықтан азаматтық-iс жүргiзушiлiк қызметтi меңгеру сәйкес материалдық құқық салалары бойынша бiлiмдермен тығыз байланысты.

Құқықтың екi iс жүргiзушiлiк салалары: азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтарының арасындағы өзара байланысты атап өту қажет. Екеуiнде де арнайы мемлекеттiк орган - соттың қызметi арқылы сот төрелiгiнiң жүзеге асырылуының заңмен реттелуi жөнiнде айтылып отыр. Бұл мән-жай аталған құқық салаларының ортақ белгiсi болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бiрдей болып табылатын сот төрелiгiнiң конституциялық принциптерiне негiзделген. Құқықтың екi саласында да сот iсiн жүргiзу саласындағы қатынастарды реттейтiн ұқсас институттар бар. Дегенмен, азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтарының арасындағы айырмашылықтардың көптiгi соншалық, оларды ортақ сот құқығына бiрiктiруге мүмкiндiк бермейдi. Бұл айырмашылықтар азаматтық және қылмыстық процестердегi сот қарауының және шешуiнiң пәнiнен шығады.

Қазақстанда әділет әкімшілігінің қалыптастыру мен құрудың жағына алғашқы бірінші қадамын жасады.

Қазіргі таңда бізде әкімшілік соттар емес, әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша қарайтын соттар құрылған, әкімшілік құқықбұзушылық істерді және азаматтық істердің бір категориясын қарауға ҚР-ның ӘҚБК-де көрсетілгендей әкімшілік соттарға берілген. Әкімшілік соттар кез-келген жария-құқықтық сипатта пайда болатын құқық қатынастың түрлерінің дауларын қарастырады және шешеді.

ҚР АІЖК-нің 30-шы бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу осы соттың соттылығына берілген. Сонымен қатар ерекше талап қоюмен іс жүргізу іс категориясының тізімі және олардың қаралуы мен шешілуінің тәртібі ҚР АІЖК-нің 26-шы тарауында регламентелінген. Жалпы юрисдикциялық соттың соттылығына ерекше талап қоюмен іс жүргізудің басқа да категориялық істері берілген. Осыған байланысты азаматтық іс жүргізу шеңберінде бірінші сот инстанциясының өндірісінде ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түрін реттегенде заңға мұқият сараптама жасауды қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]