Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый ДПП.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
120.69 Кб
Скачать

40.Нағыз синоптикалық кезеңнің шекарасын анықтау.

Ауа райының орташа және ұзақ мерзімге болжаған кезде Мультановский 1915 жылы енгізілген Нағыз синоптикалық кезең ұғымы қолданылады. Нағыз синоптикалық кезең дегеніміз нағыз синоптикалық ауданның кеңістігінде қысым алабының таңбасы сақталған кезде белгілі бір түрде бағдарланған процесс дамитын уақыт аралығы. Пагава нағыз синоптикалық кезеңде тропосферада негізгі термобарикалық алқаптың сақталатынын көрсетті. 1 н.с.к 2 нен процестің зональдылық немесе меридианальдылық дәрежесімен ажыратылады. Кац бойынша зональды және меридианальды индексін зерттеп кезеңнің шекарасын анықтауға болады. Нағыз синоптикалық кезеңнің ұзақтығы 5-7 күнді құрайды. Көбінесе н.с.к барлық тропосферада бірдей басталады. Бірақ кейде жер бетінде орта тропосфераға қарағанда н.с.к бір күн бұрын немесе кейін басталады. Н.с.к шекаралары жақын орналасқан нағыз синоптикалық аудандандарда әдетте сәйкес келмейді

41 Жаңа нағыз синоптикалық маусымның басталу күнінің және оның ұзақтығын есептеу

Ауа райының маусымдық басталуындағы Пагава әдісі бойынша құрастырылған. Бұл әдс бойынша басталған маусымның басталуымен және аяқталуын білу керек. Маусымның ұзақтығын білу үшін эмперикалық формуларларды қолданған жөн.

н.с.маусымның ұзақтығы

пайда болған күні

A.b-эмперикалық коэффциент

Маусымның басталуыкелесі формуламен анықталады:

Маусымның аяқталуы:

Мысалы: 1976жылдары есептелген болатын. Сонымен қатар 1876жылдары 5-8 наурыз аралығында болған процесстер алынған. Сондағы нәтиже -0,89*5+65,14 61күнді құраған. Маусымның басталуының уақыты 5наурыз+61күн 5 мамыр. Ал негізінде маусым 7 мамырда басталған. Осы жерде қателік екі күнді құрайды. Яғни осындай есептеулермен маусымның басталуын және ұзақтығын ерте кезден бастап анықтаған.

42 А.Л Кац айналымының индексін есептеу

Синоптикалық процесстердің А.Л.Кац бойынша аймақтық жіктеуі. Нағыз синоптикалық кезеңде (н.с.к.) синоптикалық жағдайларды сипаттау мақсатында құрылған жəне ортамерзімді, айлық жəне маусымдық болжамдарда қолданылады. Бұл классификация Европа мен Батыс Сібір кеңістігінде атмосфералық циркуляцияның жағдайларын сипаттауға арналған. Циркуляция түрлерін бөлу критериі ретінде АТ500 картасында биік жыра мен жоталардың географиялық орналасуы болып табылады. Бөлінген түрлерді объектілеу (для объективизации) үшін барлық ауданның солтүстік (52–70° с.е.) жəне оңтүстік (35–52° с.е.) аймақтарында зональды жəне меридиональды JM циркуляцияның индекстерін есептеу қолданылады. Басында жалпы индекстін мəні бойынша J’ = /синоптикалық процесс зональды түргема немесе бір меридиональды түрге жататынын анықтайды. Процессті зональды түрге жатқызу критериі ретінде J’ < 0,75 теңсіздігі болып табылады. Циркуляцияның меридиональды түрлері төртеу жəне олар биік жотаның Рессейдің Европалық территориясының орталығына қатысты орналасуы бойынша анықталады. Жотаның орталық орналасуын (Ц түрі), батыс орналасуын (З түрі), шығыс орналасуын (В түрі) жəне жіктеу территориясында біреуі Рессейдің Европалық территориясының орталығынан шығысына, ал екіншісі – батысына қарай екі жота болғанда-аралас орналасуын (С түрі) бөледі. А.Л.Кацтың классификациясы циркуляцияның 5 түрін ажыратады. Тəжірибе көрсеткендей, н.с.кезеңде циркуляцияның негізгі көрсеткіштерін сипаттау үшін жеткілікті болады.Осы классификацияның маңыздылығы келесіде: циркуляцияның əр түріне ауа температурасы мен жауын-шашын аномалиясының территория бойынша өзінің типтік таралуы сəйкес келеді, осы таралудың модельдерінің циркуляцияның əр түрі үшін айырмашылығы үлкен. Бұл осы классификацияның жоғары сапасын көрсетеді, яғни циркуляцияның бөлінген түрлері ауа райының əр түрлі жағдайларын сипаттайды. Циркуляцияның бір түрінде ауа райының маусымдық айырмашылықтары да болады. Мысалы, қыста Ц түрі Ресейдің Европалық территориясында ашық аязды ауа райын қалыптастырады. Жазда, циркуляцияның осы түрі ашық, бірақ аномальды ыстық ауа райымен сипатталады. Ц түрінің бірнеше н.с.кезең барысында тұрақтылығы құрғақшылықтың пайда болуына алып келеді. Зональды түрі жазда салқын жəне жиі жаңбырлы ауа райын, қыста – жауын-шашынмен бірге болатын маңызды жылымықтарды қалыптастырады. Жалпы циркуляцияны А.Л. Кац индексі. А.Л.Кацтың атмосфералық циркуляцияның индексі ретінде белгілі ауданда бірлік қабатта уақыт бірлігінде зональды немесе меридиональды бағытта тасымалданатын ауаның м/лшерін қолдануды ұсынды. Циркуляцияның индексі ретінде қысым градиенттерінің әз мәндерін алуға болады. Ауа райының жер карталары және абсолюттік карталары бойынша зональды жəне меридиональды JM циркуляцияның индекстерін (қысым градиенттерін) есептеу үшін жұмыс формулалары келесі: ( ) 2 1 j - j= bn J З ,(l l ) cos j12 1 jbmJ M -= , мұнда в – изобар немесе изогипс жϫргізілетін шама; n – j1 және j2 ендіктер арасында изобар (изогипстердің) меридиан кесінділерімен қиылыс саны; i – меридиан саны; m – меридиан арасында изобар немесе изогипстердің параллель кесінділерімен қиылысу саны; j – параллель саны; 1/cos j - тϭраϗты к/бейткіш, ол т/мен ендіктерден жоғарғы ендіктерге ауысқан кезде ендіктің параллельдің кесіндісінің ұзындығыныңөзгеруін ескереді. Индекстің өлшем бірлігі – гектопаскаль (гПа/град.экв.) немесе геопотенциальды декаметр

экватордың бір градусына (гп.дам/град.экв.).