Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый ДПП.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
120.69 Кб
Скачать

32.Жылы ағыстардың қалыптасу орны және негізгі циркуляциялық жүйелері.

33.Атмосфералық жылу режимінде озонның алатын орны.

Ауаның келесідей құрамы радиацияның шағылуы мен жұтылуына айтарлықтай әсері бар:су буы, көмірқышқыл газы, озон. Соңғы жылдарда озонға өте көп көңіл бөлінуде. Бұл озонның күн радиациясын жұтылу қабілетіне байланысты. Соңғысы жалпы циркуляцияда негізгі рольді алып, атмосфералыө макропроцестің түсіндірмесі болып табылады. Оның проценттік құрамы атмосферада басқа газдармен салыстырғанда аз болып табылады. Бірінші рет озон голанд физигі М. Ван Марумом 1875 жылы электрлік шағылудың оттегіге әсеріне байланысты жолы арқылы шығарды. Жалпы озон атмосферада оттегінің диссоциаланып, O2=O+O кейін қайтадан оттегімен өосылуы O+O2=O3 арқылы жүзеге асады. O және O3 молекулалары әдетте тұрақты емес болып, О2 ге айналуға тырысады. Озонды қалыптастыратын фактор болып найзағай разрядтары мен кейбір органикалық заттардың қышқылдануы жатады.Бұл құбылыстар атмосферада эпизодты болуына байланысты озонның да төменгі қабаттағы құрамы аз және тұрақты емес. Жоғары қабаттағы негізгі озон қалыптастырушы фактор болып ультракүлгін сәуле жатады. Бұл фактордың үнемі әсерінің болуына байланысты 20-30 км қабатта озон үнемі болады. Осыған байланысты озон минимальды мәні төменде болып, жоғарылаған сайын мөлшері өседі. Жалпы озон мөлшерін нормальды жағдай болғанда жер шарын алып жатқан яғни қоршап жатқан қабат қалыңдығы бойынша бағаланады. Оның қалыңдығы 1.5 мм 4.5мм аралығын құрауы мүмкін. Жалпы қалыңдығы мм аралығын құрауы мүмкін. Жалпы қалыңдығы 3 мм құрайды. Тура осы жағдайда атмосфералық азот пен оттегі 6200, 1560 мм құрайды. Озон толығымен 2900 А ұзындықтағы күн шағылуын жерге жібермей ұстап тұрады. Озон екі жарты шарда да максимальды мәніне көктемде байқалып, минимальды мәне күзге сәйкес келеді. Мезгілдік озонның өзгеруі экватор маңында аз байқалып, полюстерге қарай өседі. Озонның вертикальды таралуы жоғарыда айтқанымыздай биіктік бойынша өседі. Сонымен қарат озонның таралуы әр жағдайда өзіндік ерекшелікке ие. Бұл метеорологиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты. Бұл мәліметтерге сүйене отырып, температураның биіктіктегі тәуліктік өзгеруі есептеледі. Бұдан күндізгі температураның мах өзгеруі 50 км биіктікте 6-8 градуска дейін өскен. Күн энергиясының жалпы жұтылуы 50 км биіктікте жазда да кыста да бірдей болған. Қысқы күнге жұтылған жылумен жазғы ұзақ күнгі жұтылған жылу бірдей болу үшін қыста озон мөлшері жазғыға қарағанда көбірек болуы керек. Метеорологиялық жағдай мен озон арасындағы үлкен байланыс бар. Жет беті циклонның батыс бөлігінде озон антициклонға қарағанда көбірек. Сәйкесінше биіктік жыраларында жоталарға қарағанда көбірек. Бұны озонның ендіктік және бойлықтық орын ауыстыруымен түсінуге болады. Көктемгі ауа массасының қозғалысында экватордан полюстерге қарай аз озон мқлшері жіберілсе, ол керісінше қозғалысында мөлшері артады себебі озонның меридианальды градиенті жоғары. Дегенмен бұл теория басқа да озонның маусымдық һзгерісін түсіндіре алмайды. Сондықтан да озонның вертикальды өзгерісі де қарастырылады. Күн активтілігінің артуымен озон азаяды. Оны күн активтілігінің артуымен антициклогенез процесі артады да озонның азаюына әкеледі.