Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый ДПП.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
120.69 Кб
Скачать

31.Ауа райының орташа мерзімді болжаулары.

Ауа райы 3-10тәулікке болжаулары халық шаруашылық ұйымдары үшін құрастырылады. Олар ауа райы айлық болжауларын анықтайды. Совет одағының гидромет орталықтарында А.Л.Кац жетекшілігімен Ресейдің Европалық территориясының Батыс Сібір, Қазақстан, Орта Азия үшін ауа температурасы жауын шашын мөлшерін 5-10тәулікке болжаудың синоптикалық гидродинамикалық статистикалық әдісін құрып, тәжірибеге енгізген. Бұл әдіс нағыз синоптикалық кезеңдердің шекараларымен байланысты. 5-10 күндік тәуліктік болжауды құрастыруға мүмкіндік береді. Болжаудың әдістемесінде Н500 алқабының 72 сағат күтілетін болжамды мәндері қолданылады. Осы алқаптың обьективті классиф. Және империкалық құраушысы бойынша жіктеуі орындалады. Ауа темп болжауларынң ақталуы жоғары шамамен 83-86 % құрайды. Қарастырылып жатқан әдіс негізіне келесі қағидалар қойылған.

-Гидродинамикалық әдіс бойынша есептелген Н500 болжамды алқабын қолдану .

-Пентада немесе декадаға темп аномалия алқаптар арасындағы байланысты сандық бағалауын алу.

-Болжау құрастыру алдында бастаушы темп алқапты ескеру.

-Атмосфера циркуляциясы формаларын ескере отырып құрастырылған көптік регрессия теңдеулері бойынша темп немесе жауын шашын мөлшерінің аномалияларын есептеу.

Бірінші қағида бойынша тәжірибеге қысым мен геопотенциал алқаптарын болжаудың гидродинамикалық схемалары енгізілген. Олар 48-72 96-120 сағ мерзіміне дейін беріледі. Пентада үшін орташа Н500 алқабы барлық пентаданың Н500 алқабымен тығыз байланысты. Корреляция коэффициенті 0.92 тең. Сондықтан Н500 72 сағ берілген болжамдыалқабын пентаданың орташаланған Н500 алқабы негізінде қолдануға болады.

Екінші қағида бойынша зерттеулер көрсеткендей пентада үшін орташа және барлық пентаданың ауа темп аномалия арасындағы корреляциялық коэффициент 0,80 құрайды. Бірінші бес күндік пен барлық он күндіктің темп аномалиялары арасында коррел коэф 0,90 тең алынған сандық бағалаулар пентада және декададағы ауа темп аномалиясын болжаудың синоптикалық статистикалық әдістемесінде Н500 алқабы 72 сағ берілген болжамды гидродинамикалық схемасын қолдануға болатынын көрсетті. 4 ші қағида бойынша темп және жауын шашын мөлшері анамалия циркуляциясының түрі мен формаларын және маусымдықты ескере отырып есептелінеді. Ауа темп мен жауын шашын қалыптасуы негізгі циркуляциялық жүйелер биік жота мен жыраның орналасуына байланысты. Атмосфера циркуляциясының формаларын және ауа температурасы жағдайларын маусымға бағынышты болады. Әсердің империкалық функциясы суық және жылы жарты жылдықта бөлек есептелінеді. Ауа темп орташа уақытқа болжаған кезде Н500 72 сағ берілген күтілетін алқабын ескеру өте қиын. Ол Н 500 күтілетін алқабын империкалық алқаптың функциясы бойынша жіктеу арқылы жасалынады. Мұндай жіктеу Н 500 алқабының ерекшеліктерін толық сипаттауға мүмкіндік береді. Сондықтан орташа уақытқа болжау әдісінің негізінде метерологиялық алқап Н500 ΔТ империка арқасында функция бойынша жіктеуі және метео шамалардың ауа темп құбылыстарына болжаудың синоптикалық статистикалық әдісі қойылған. Ауа температурасын 3 тәулікке болжағанда келесі негізгі қағидалар қарастырылады. Нағыз синоптикалық кезең мен элементарлық синоптикалық процестің ерекшеліктерін; Гидродинамикалық процестер мен 24 ,48,72 сағ алынған биіктік немесе жер беті қысым болжау алқаптары; өткен және қазіргі ауа температурасын талдау.