Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент шпор Новый.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
105.38 Кб
Скачать

17. Мәселені ұтымды (рационалды) шешу кезеңдері.

Мәселені шешу, басқару сияқты-процесс,яғни шексіз, бір-бірімен байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы. Жетекші тек қана шешім қабылдаумен шектелмей сол шешімнен шығатын барлық нәтижелермен байланыстырып қарастырады. Яғни, мәселені шешуде тек бірлік шешім емес, олардың жиынтығы қарастылады. Сондықтан шешім қабылдауды біз 5 этапты қарастырсақ, көбіне ол(этаптар) сол шешімге тәуелді. 1- мәселенің диагнозы,2- шешімді қабылдауға арналған критерийлер мен шектеулердің формулировкасы,3-альтернативаларды шығару,4-альтернативаларды бағалау, 5-соңғы қалауды жасау.

  1. Мәселенің диагнозы. Мәселені қарастыру,яғни диагнозын жасау, ең бірінші қадам болып есептелінеді. Мәселені қарастырудың 2 жолы бар. Біріншісі болып қойылған мақсаттар жеміссіз болған кезді айтады. Яғни мәселенің пайда болуын мақсаттар жеміссіз болған кезде білесіз. Келесі жағдайда жетекшілер болашақта бір жағдай болатын ситуацияларды ғана мәселе ретінде қарастырады. Басқару ісінің маманы Питер Друкер айтады « мәселені шешуде барлық мүмкіншіліктер қолданылуы керек». Диагностиканы жасаудың бірінші фазасы-симтомдарды жасау. Ұйымдардың ауыру симптомдары- табыстың төмендігі, өнімділік,сапа және т.б.

  2. көбінесе көптеген ұйымдардың мәселені шешу жолдары реалды болмайды,себебі осы мәселені шешуге қажетті ресурстар жеткіліксіз болады. Кейде мәселені шешудегі факторлар ұйымнан тыс:заңдарға байланысты болады. Шектеулер: ресурстардың жеткіліксіздігі, жұмысшылардың аздығы қажетті технологиялардың аздығы. Альтернативтік варианттарды шешудегі стандарттарды анықтау шешімді қабылдау критерийлеріне байланысты,яғни олар мәселені шешудегі рекомендациялар ретінде сипатталынады. Мысалы машинаны сатып алуда 10мын доллардан жоғары емес деген критерийге сүйенесіз.

  3. адамдар альтернативаларды таңдауды минималды стандартты қанағаттандыратын альтернативаны таппағанша жүргізеді. әрекетсіздіктен гөрі белгілі бір шешімге келу үшін іс-әрекет жасау керек. Тек әрекет жасау кезде ғана әлі белгісіз шешімді көруге болады. Мысалы, маминалардың жаңа модельдерін таңдау критерийлері.

  4. егер сіз барлық жасауға мүмкін болатын идеялардың тізімін жасаған кезде ғана әр альтернативаны бағалау этапына көше аласыз. Яғн шешім қабылдауда барлық мүмкіншіліктер мен кемшіліктерді айқындау керек, яғни жетекші компромисстерге бару керек.

  5. егер мәселе дұрыс айқындалып, альтернативалар дұрыс өлшенсе шешім қабылдау оңай қабылданады. Яғни жетекші ең тиімді альтернативаны таңдайды, бірақ кейбір жағдайларда ешбір альтернатива дұрыс баолмай қалады, мұндай жағдайда үлкен жұмыс тәжіребие мен ойлау қабілеттілікке байланысты.

18. Ұйым миссиясы мен мақсаты.

Ұйым бұл адамдар тобы. Жалпы алға қойылған мақсатқа жету олардың қызметін тиімді түрде ұйымдастыру және саналы түрде реттеп, үлестірілуі. Мақсат - топтың бірлесіп қол жеткізуге ұмтылатын нақты түпкілікті нәтижесі. Миссия – ұйымның пайда болу себептерімен байланысты қалыптасқан негізгі мақсат және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу. Миссияны қалыптастыру процессі әрдайым балама шешімдер таңдау мәселесімен байланысты болып келеді. Менеджменттің негізгі құралы дұрыс дайындалған миссия болмайынша кәсіпорында стратегиялық әрекеттер мен шешімдердің қажетті біртұтастығына қол жеткізу мүмкін емес. Миссиясы жоқ кәсіпорын тиімді бәсеке күресін жүргізе алмайды: жалпы оның әрекеттері өзгермелі сыртқы және ішкі жағдайларға жауап бере алмайды және қалыптасқан мәселелерді тиімді шешуге де ықпал ете алмайды. Ұйым мақсаттары Мерзіміне байланысты: стратегиялық, тактикалық, оперативтік; мазмұнына байланысты: экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, техникалық, ғылыми, саяси, экологиялы; іскерлік ортасына байланысты: ішкі ж/е сыртқы; ұйымдас/лық құрылымына б/ты: ұйым мақсаты, бөлімше мақсаты; Мақсаттар мен міндеттер әр түрлі және саны жағынан көп болғандықтан тәжірибеде мақсаттар терегі түріндегі мақсаттардың моделі жасалынады.