Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент шпор Новый.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
105.38 Кб
Скачать
  1. Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді еңгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті: ұйымдағы адами ресурстарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?

  1. Жаһанданып жатқан іскерлік ортада сіз - кластағы және кластан тыс- студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз? Мен жаһанданып жатқан іскерлік ортада студент ретінде тиімді менеджер болу үшін жапондардың тиімді менеджмент стратегиясын қолданар едім. Жапон менеджерлері 70-жылдың орта тұсында өздеріне мынадай сұрақтар қойды: «Компанияның ұзақ мерзімдік мақсаты қандай?», «Компания орта өзгерісіне қалайша бейімделеді?», «Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға болады?».

Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға болады:

1.Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістермен орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.

2. Тәуекел стратегиясы. «Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз және де олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал етеміз».

3. Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.

Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.

4. Стратегия әсерлілігі фирмаға тамаша жұмыс қабілетін сақтауға мүмкіндік береді. Менеджерлердің ықпал етушілігі тиімді басқару шешімдерін қабылдай білуіне байланысты. Бұл жағынан қарастырғанда жапондықтар ең тиімді шешім қабылдайтындарға жатады. Американдық немесе европалық шешім қабылдаудан, жапондық шешім қабылдаудың басты өзгешелігі – мұнда шешім қабылдау дегеніміз, қойылған сұраққа жауап беру.

5. Машықтанған мамандарды таңдау стратегиясы – қарапайым адамдарға әдеттен тыс жұмыстарды орындауына ықпал ету.

Менеджмент тиімділігінің және машықтанған мамандар стратегиясы тиімділігінің басты мақсаты – мақсат айқындалғаннан оның өлшем әдісі мен ақы төлеу әдісі белгілегеннен кейін фирманың әрбір қызметшісінің дербес әрекет етуіне ықпал ету, яғни фирмада тиімді жұмыс істейтін машықтанған қызметшілер құрамының болуын қамтамасыз ету.

6. Жеңілдету стратегиясы – барлық жағдайды мүмкіндігінше қарапайым қалпында сақтау, төрешілдікке жол бермеу. Басқару құрылысын оңайлату.

7. Сапа стратагиясы. 50 жылдары проффессор Деминг американдық бақылау саласындағы мамандықтарды американдық басқару амалдарына үйретті. Осы жылдары жапондық менеджерлер, өз кезегінде, басқару амалдарын орташа және төменгі деңгейдегі мамандарға үйретпестен бұрын әуелі фирмадағы барлық деңгейдегі қызметшілерге үйретті.

8. Адалдық және берілгендік стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің қойылған мақсатты түсінуіне және өз еркіме жүзеге асырылуына жәрдемдесу, әрі қызметкерлердің фирмаға адал, шын берілгендігін талап ету.

9. Ынтымақтасу стратегиясы – барлық қызметшілердің шешім қабылдауға қатысуы.

Жапонияда еңбек өнімділігін арттыру үшін, бірлесіп әрекет ету мен бәсекелестікті тиімді пайдаланады. Компаниялардың өзара бәсекелесін, әлемдік рынокқа шығуы көтермелеп отырады, ал компания ішіндегі бәсекелестікке жол берілмейді.

  1. Қазіргі менеджмент әдебиеттерінде, тұтынушылар сыртқы ортаның ең маңызды элементі ретінде жиі қарастырылады. Осымен келісесіз бе? Осылай түсіну қате екендігін көрсететін жағдайлар болу мүмкін бе?

  1. Білікті кадрларды дайындауға, білім сапасын көтеруге, сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала, ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз. Қазақстанның болашағы жастар дейміз. Мемлекет мүддесі үшін қызмет ететін білімді де, білікті кадрларды дайындау күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі.

Елдің жарқын болашағына кепіл керек. Осы мақсатта, білім саласына кейінгі жылдары көп өзгертулер енгізіліп жатыр. Әсіресе, мектеп пен жоғары оқу орындарында. Халықаралық талаптарға сәйкес өзге елдердің оқу бағдарламасын, оқу жүйесін, тәжірибесін түгелдей қабылдау үрдісі жүруде.

Осы міндетті іске асыру және шешу үшін мыналар қажет:

1) білім беру бағдарламалары туралы әдебиетпен және ақпаратпен алмасу

2) жоғарғы оқу орындарының оқытушы - ғалымдарының және тыңдаушыларының оқуы жөніндегі бағдарламаларға (семинарларға, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға) қатысуы;.

3) өз бетімен білім алу немесе жеке байланыстан тыс топтық жұмысты орындаумен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыруы;

4) Интернетті, ашық хабар беруді, тұйық тележүйені, арналы хабар таратуды, спутниктік бағдарламаларды қоса алғанда техникалық құралдардың көмегімен бағдарламалар арқылы қашықтықтан оқыту технологиясын дамытуы;

5) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың оқыту процесіне кеңінен енгізілуін қамтамасыз ету

6) жоғары техникалық мектеп жүйесін дамы­тумен кәсіптік орта білімнен кейінгі білім деңгейін өз алдына бөлек құру, халықаралық талаптарға сәйкес жалпы орта білім сатысынан кәсіптік орта білім беруді өз алдына бөліп шығару;

7) дәстүрлі сырттай оқытуды біртіндеп қашық­тықтан оқыту технологиясына көшіру және академиялық кредит жүйесіне негізделген кәсіптік кадрлар – бакалавриат – магистратура – докто­ран­тура, яғни бұл мамандықтарды дайындаудың үш сатылы тұтас моделін жасап, оны орнықтыру;

8) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру тәрізді ауқымды істер заңнан көрініс табады.

Мұғалімдердің беделін көтеру, мәртебесін анық­тау, олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әлеуметтік жағдайлары туралы мәселелерін реттейтін нормалар да енгізілсе. Сол секілді білім берудің сапасын арттыру, талапты күшейту жолда­ры, мазмұнын заман ағымына қарай жаңарту, білім берудің барлық деңгейле­ріндегі білім беру бағдар­ламалары, білім беру процесін ұйымдастыру норма­лары да қайта қаралса. Білім беру ұйымдарын мемлекет бүкіл әлем мойындаған нормалар заң жобасының жаңа көрінісін табатын болар еді.

  1. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз. Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін? «Миссия дегеніміз - бұл ұйымның көпшілік таныған қызмет ету мәнін білдіретін стратегиялық (басты) мақсаты. Бұл кәсіпорын қоғамда иеленгісі келетін роль»

Миссия - бұл алға қойған мақсаттарға қол жеткізу. Миссияны қалыптастыру процессі әрдайым балама шешімдер таңдау мәселесімен байланысты болып келеді. Менеджменттің негізгі құралы дұрыс дайындалған миссия болмайынша кәсіпорында стратегиялық әрекеттер мен шешімдердің қажетті біртұтастығына қол жеткізу мүмкін емес. Миссиясы жоқ кәсіпорын тиімді бәсеке күресін жүргізе алмайды: жалпы оның әрекеттері өзгермелі сыртқы және ішкі жағдайларға жауап бере алмайды және қалыптасқан мәселелерді тиімді шешуге де ықпал ете алмайды. Кәсіпорынның стратегиялық бағдарлары мен мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, бәсекелестер арасында даму артықшылықтарына мүмкіндік беретін, сонымен қатар, оны жүзеге асырудың қадам бойынша бірізділігін анықтайтын көріністердің, шешімдер қабылдауға арналған ережелер мен жолдардың болуы жақсы ойластырылған миссияның өзіндік ерекшелігі болып табылады.

Мен жергілікті фирмаға мысал ретінде Uniserv компаниясын алдым.Uniserv” компаниясы комплексті қызметтерді ұсынушы ретінде өзінің жұмысын жүзеге асыра отырып, Қазақстанның батыс аймағының мұнай және газ құбырларын дамыту мен шығаруда негізгі орын алады. Кәсіпорынның миссиясына келетін болсақ:

1) Кәсіпорынның тиімді менеджмент жүйесін қалыптастыру, кез-келген деңгейдегі міндетті шешуге жалпы шешу жолдарын қолдану. Процесстік шешу жолы негізінде негізгі бизнес-процесстердің реинжинирингі. Персоналды дамыту мен ынталандыру жүйесін қалыптастыру;

2) Ұйғарылған ішкі әлеуметтік бағытталған корпоративтік саясатты және фирманың қызмет бағыттары бойынша маркетингке бағытталған функционалдық даму стратегиясын қалыптастыру;

3) Кәсіпорынның маркетингке бағытталған жұмыс сұлбасын қалыптастыру жолымен көлік қызметтері нарығындағы ұстанымын нығайту және кеңейту. Келешек мүмкіндіктер пен қажеттіліктер (жаңа өнім нарықтарына шығу және жаңа қызмет түрлерін енгізу) есебінен көлік қызметін тұтынушылардың қанағаттануына және олардың ықыласына қол жеткізу. Дифференцияланған маркетинг (әсіресе, нарықтың жоғары табысты сегменттерінде) есебінен көрсетілетін қызметтерге қол жетімділікті кеңейту, жоғары сапаны және сенімділікті ұстап тұру;

4) Табысты көбейту және шығынды оңтайландыру жолымен кәсіпорын табысын арттыру жұмыстарын жүйелеу. Ұқсас компаниялардың сипаттамалары арасындағы айырмашылықтарды өлшеу және анықтау үшін үнемі бәсекеге қабілеттілік талдауын жүргізу, айырмашылықтарды жою және зерттеу және фирмаға басқа компаниялардың үздік тәсілдері мен технологияларын енгізу жолымен бизнестегі озық позицияларды жаулап алу;

5) Өзгерістерге жылдам әрекет ету, инновацияларды қабылдай алу және инновациялық өзгерістерді шапшаң енгізу жүйесін қалыптастыру;

6) Тұтынушылар, серіктестер мен қызметкерлер арасында жағымды корпоративтік бедел мен тартымдылықты дамыту.

Егер шағын кәсіпорын өзінің миссияларын орындайтын болса ол жоғары пайда түсіруі мүмкін.

  1. Сіздің университетіңіз басқа жоғарғы оқу орындарына қарағанда абитуриенттерді ұтымдырақ тарту үшін қандай стратегиялық жоспарларды жасау қажет? Осы жоспарлар мектептердің жоспарлармен қандай байланыста болу керек? Адамның тұлға болып қалыптасу жолы бірнеше сатылардын тұрады, яғни бірнеше өмір мектептерінен өтеді. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің демекші барлығы отбасынан басталып, ары қарай балабақшаға, мектепке және толыққанды адамның көзқарасының, ойының қалыптасуы жоғарғы оқу орнында өтеді. Сондықтан жоғарғы оқу орындарының білімді, тәрбиелі азамат қалыптастыруда рөлі зор.

Бүгінгі жоғары оқу орындарының студенттері - тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ  зиялылары екені даусыз. Мамандарды тек қана кәсіби бағытта оқытып қана қоймай, оған қоса адамгершілік, әдептілік, мәдениеттілік, азаматтық тәрбиеге баулуымыз  керек. Мектептен кейінгі бала үшін келесі саты жоғарғы оқу орны. Білім ордасын дұрыс таңдау арқылы бала өзінің көптеген мүмкіншіліктерін біле алады, ашылмай жатқан таланттарын студеттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс істеуде көрсете алады. Ал әрбір студент жетістігі еліміздің жетістігі. Сондықтан жоғарғы оқу орындары мектеп ордасымен тығыз жұмыс жасау керек. Кездесу шараларын ұйымдастыру, насихат жүргізу, қызықтыру және т.б. атқару сияқты. Сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті:

-    Қазақстан Республикасы аймақтарындағы кадрлар бойынша қажеттілігін есепке ала отырып жоғарғы кәсіптік білімі бар мамандарды дайындаудың құрылымын жақсарту;

-    Негізгі білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіру бағытында жұмыс істеу;

-    Жаңа мамандануларды еңгізу арқылы мамандардың кәсіби дайындығын тереңдету;

-    Білім алушы контингенттің сапалық дәрежесін арттыру мақсатында кәсіптік талабы жоғары жастарды таңдап алудың тұтас жүйесін жасау;

-    Кәсіби іс-әрекетке жақсы дайындалу үшін ізденушінің тәжірибеден өтуін және жұмысқа орналасу жүйесін жасап шығу;

-    Білім берудің фундаменталдығын сақтай отырып соның негізінде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыздандыру;

-  Заманауи талаптарды есепке ала отырып жаңа білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындау мазмұнын жасап шығу;

-    Мамандарды дайындау мазмұнын жаңалап, білім беру процесінің қолданбалы бағытталуын және оның инновациялық компонентін күшейту;

-    Білім беру процесін ары қарай ақпараттандыру, кәсіби бағытталған заманауи әдістерді және оқыту технологияларын кеңінен пайдалану; кафедрада бірыңғай ақпараттандыру жүйесін жасау;

-     Мамандарды дайындаудың сапасын, бақылау жүйесін жетілдіру;

-    Білім беру процесіне білімді компьютерлік бақылау және оқытудың электрондық кешендерін өңдеу және енгізу;

-    Білім беру процесінің ақпараттандыру-әдістемелік және кітапханалық қамтамасыздану деңгейін арттыру. 

Ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстары бойынша негізгі бағыттар:

- Кафедрадағы ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың құрамын 40 пайыздан асыру.

- Бейнелеу өнері тарихы, теориясы ондағы негізгі бағыттар туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру;

- Еліміздегі және оңтүстік өлкесіндегі белгілі график суретшілер туралы өмірбаяндық альбом дайындау;

- Кафедра оқытушыларының және студенттердің түрлі шығармашылық одақтарға мүшелікке өтуін қамтамасыз ету;

- Кафедра студенттерінің 100 пайыз ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстармен айналысуын қамтамасыз ету.

- Студенттер үшін қазақ тіліндегі арнайы әдебиеттер мен әдістемелік құралдар мен нұсқауларды және олардың электрондық нұсқаларын даярлау.

Тәрбие жұмыстары бойынша негізгі бағыттар:

- Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңының негізінде тәрбие жұмыстарының жүйесін жетілдіру;

- Білім алушыларға заманауи өркениет және қоғамның демократизациялану жағдайында еңбек және өмір сүру қабілетін, азаматтық позициясын және базалық мәдениетін қалыптастыру;

- Студенттердің шығармашылық өз-өзін дамыту үшін жағдай туғызу, олардың кәсіби және жеке дамуындағы өзіндік дүниетанымын қалыптастыру;

- Кафедрада рухани-мәдени құндылықтарды құрметтеу және студенттерді ұйымшылдыққа тәрбиелеу әрекетін ұйымдастыру;

- Заманауи жастар мәдениетінде ұлттық және этникалық тұрақты көзқарасты қалыптастыру;

- Оқу және тәрбиелеу бірлігін жүзеге асыру, болашақ мамандар дайындауда «графика» мамандығы пәндерінің тәрбиелік потенциалын пайдаланудың тиімділігін күшейту;

- Кафедрада, факультетте, оқу тобында жеке өзара әрекеттесуді және өнімді ынтымақтастықты, студенттерге заңды құрметтеуді, ұжымдық өмірдің нормаларын сақтауды, адамгершілік қатынастардың жоғары мәдениетін тәрбиелеу;

- Жастардың болашақ мамандыққа жауапты қатынасын, белсенді өмір сүру позициясын, салауатты өмір салтын сақтауын қалыптастыру.

  1. Қазіргі ұйымдардағы жоспарлауды және 25 жыл бұрынғы жоспарлауды салыстырып бағалаңыз? Қазіргі әлемде, барлығы тез арада өзгеріп жатқанда және де дағдарыстар әр ұйымның ажыраусыз бөлігі болғанда жоспарлаудың мәні өсе ме немесе төмеңдей ме? Неге? Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негзгі функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істек, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды.

Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықта да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынға нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді.

Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып саналатыдықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.

Тағы бір атап көрсететін жайт, тұтастай экономиклық кейбір жағдайлары, мәселен экономикалық дағдарыстарды, ереуілдерді, т.б. жоспарлау тіптен мүмкін емес. Болашақтың даму барысын дәл болжаудың мүмкін болмайтындығы секілді, тұтастай рынок туралы, бірінші кезекте, бәсекелестер қызметіне тиісті маңызды деректерді күні бұрын алу мүмкін емес.

Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін, қажетті ақпараттар толық болмағандықтан, ал кейбіреуі мүлдем белгісіз болғандықтан, кейбір деректер жетіпейтіндіктен, жоспарлау сатысы көбіесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.

Осыған орай, жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдалануы, сонымен қоса жоспар жасағанд а өзгеріс енгізетіндігі ойластырылуы, ал жоспардың өзі жоспардың өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс. Сондықтан да, жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервтің көп болуы жоспардың көптігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер жоспарды жиі-жиі өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткітерін ақтық басшының билігінде, оның орындалуын үйлестіру мен бақылау да соның игілігінде.

Қойылған мақсатқа жетуді көздеу үшін жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық маңызды учаскелерін қамтитындығын тағыда атап көрсетеміз. Мұның өзі барлық кәсіпорында қолданылады.

Батыста соңғы жылдары әдетте осал орынға өткізу, қаржылар немесе жұмысшы күштері жатады.

Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (акив пен пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі, өйткені мұндайда негізгі бғыт өтімділігі – кәсіпорынның төлем қабілетін сақтау болып саналады. Әдетте, жеклеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер бойынша жасалады, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша көрсеткіштерін есептейді.

  1. Өз алдыңызға өте жоғары қойған мақсаттың мысалын келтіріңіз. Осы мақсатқа жету мәнін қалай анықтайсыз? Сонымен, «мақсат» дегеніміз не? Бұл біз нәтижесіне кәміл сеніп, табандылықпен ұмтылатын, біз үшін ең маңызды болып табылатын дүние. Алайда мақсатты дұрыс қоя білу қажет. Себебі, мақсатқа жету – бұл өз қажеттіліктеріңді жай ғана қанағаттандыру емес, бұл – өзіңді өзің жетілдіру, тұлғаның дамуы, жаңа деңгейге өту. Мақсатқа жету процессінің өзі сол мақсаттың өзіне, біздің күш-жігерімізге, қабілетімізге, міндеттерімізге, көңіл-күйімізге, сенімімізге байланысты ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Өмірде мақсат қою өте маңызды, мұны бәрі біледі десек болады. Дегенмен, өзінің таңдауымен бе, әлде немқұрайлы көзқарастан ба, кейбір адамдар өмірдің қараңғы соқпағымен адасып, тіршіліктің буырқанған толқындарына қарсылық көрсетпей, жағаның бойымен ілбіп жүре береді. Негізінен, адам өзінің қызметтік нысаны бойынша велосипедке ұқсайды. Егер ол алға және жоғары қарай қозғалмаса, тепе-теңдігінен айрылып, құлап қалады.

Егер сіз бірдеңені құмартып, қаласаңыз, оны өзіңіздің басты және айқын мақсатыңыз етіп қоюыңыз қажет. Әрі қарай еш жағдайда сәтсіздікке жол бермейтіндей етіп әрекет етсеңіз, сонда өміріңіздің өзгеріп, шынында да сәтсіздікті болдырмайтын көптеген жағдайлардың орын алғанын байқайсыз. Биік шыңға жетудің жалғыз әдісі – бұл осы шыңды мақсат етіп қою.

Көздеген мақсатқа жету үшін сіз өзіңіз таңдаған салада кәсіпқой маман болуыңыз маңызды. Ал бұл үшін нақты қызмет саласында ақпарат алу үшін көп еңбек етуіңіз қажет. Бұл орайда жай ғана білімнің болуы жеткіліксіз – нағыз маман олармен жұмыс істей білуі тиіс. Ол білімді шығармашылығында қолданып, тіпті тығырыққа тірелген кездердің өзінде ұтымды жолды тауып, басқалар көре алмаған проблемаларды көруге қабілетті.

Сіз өз ісіңізді неғұрлым жақсы жасасаңыз, соғұрлым мол табыс аласыз. Өз қабілеттеріңізді дамытудың екі негізгі жолы бар. Біріншіден, ең үздік болу жөнінде шешім қабылдаңыз. Екіншіден, үнемі өзіңізді өзіңіз дамытып отырыңыз және бұл жолда ешқашан тоқталмаңыз.

Мысалы, Сіз суретші, жазушы немесе дәрігер болуды қаладыңыз делік, және сіздің жақын арадағы жоспарыңызға банкир кәсібін игеру кірмей ме? Бірақ, бұл сіздің арнайы қаржы білімін игеруіңіздің қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Тартымды қаржы әлеміндегі қызықты оқиғалардан бас тартпаңыз. Қаржы нарығы туралы оқыңыз, банктер мен сақтандыру компаниялары қандай жаңа қызметтер ұсынатынын біліп отырыңыз

– мұның барлығы қаржылық жағынан сәтті және табысты болуыңызға көмегін тигізеді.

Ақша өз өміріңізді басқарудың қуатты құралы болып табылады. Қаражат ағындарын басқаруды үйреніңіз, табыстар мен шығындарыңызды үнемі қадағалап отырыңыз. Өзіңіздің қаржы саласындағы біліміңіз бен машығыңызды жетілдіріңіз.

Дәл бүгіннен бастап, сіз болашақ жеке қаржылық тұрақтылығыңызға апаратын жолға қадамыңызды бастай аласыз. Компьютерлік бағдарлама құрыңыз, сіздің ата-анаңыз жұмыс істейтін компанияда жазда уақытша жұмыс істеңіз, мақалаларды шет тілдеріне аударыңыз... Жастардың өзінің алғашқы ақшасын қалай табуға болатын миллион әдісті айтуға болады. Сіз мұнша қиналудың қажеті бар ма деп сұрауыңыз мүмкін бе? Жоқ, сұрамайсыз. Ол – өз қолыңмен бір іс жасау. Сөйтіп екінші Уоррен Баффет, Стив Джобс немесе Билл Гейтс болу. Немесе ... біздің күрделі де қызықты әлемімізде жай ғана табысты адам болу.

Сізге сәттілік пен табыс тілейміз!

  1. Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет? Кез келген компанияның қалыптасу кезеңінен бастап кейінгі өмір сүру аралығында көздейтін негізгі мақсаты: нарықта өз орнын табу, ұтымды тауарларды өткізу, молынан табыс табу, шығындарды азайту болып келеді. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін көптеген факторларға назар аудару керек. Соның ішінде басты рөлдердің бірін менеджерлер командасы ойнайды. Компаниядағы менеджерлердің рөлі қашан да жоғары болды және белгілі себептермен әлі күнге дейін өз орнын жоғалтпады. Осы жерде сұрақ туындауы мүмкін: кімді менеджер ретінде санаймыз деген. Бұның жауабы әрине компания командасының кез-келген білікті, тез шешім қабылдай алатын, әрбір жасаған іс-әрекетіне жауап беретін мүшесі өз алдына жеке басшы болып келеді. Бірақ бұл қызметкерлердің барлығының ортақ көздейтін мақсаты, мүдделері болады. Мақсатқа жету барысы бірнеше стратегиялар арқылы жүзеге асырылады: 1.Еңбекті бөлу.Еңбектің мақсаты – сапа жағынан мол жұмысты орындау.Бұған назар мен күш жұмсалған мақсаттар көлемін қысқарту арқылы жетеді.

2. Міндет және жауапкершілік.Жауапкершілік – міндетке қатысты құрам. Міндет қайда берілсе, сонда жауапкершілік болады.Іздеу мен  резервтерді жүзеге асыратын – нормалар мен кестелер.

3. Тәртіп.Қызметтің нақты регламентациясымен,бақылаумен,мақтаумен,әділ санкциялармен және т.б.көмегімен жеткен келісімдерді сипаттайды.

4. Біртұтастық.Жұмысшы тек бір ғана тікелей басқарушыдан бұйрық алу керек.

5. Бағыттардың біртұтастығы.Бір мақсат шеңберіндегі әрбір топ бір жоспармен бірлестірілген және бір ғана басқарушысы болу керек.

6. Жеке қызығушылықтардың жалпыға бағынуы.Бір жұмысшының  немесе жұмысшылар тобының қызығушылықтары үлкен  масштабтары ұйымның немесе компанияның қызығушылықтарынан үстем болмау керек.

7. Қызметшілерді мадақтау.Жұмысшылардың сенімділігін,қолдауларын қамтамасыз ету үшін олар өз қызметіне әділ қойылған  еңбекақы алулары керек.

8. Орталықтандыру. Орталықтандыру және орталықтандырмау арасындағы дұрыс пропорция туралы сұрақ туындайды.Бұл мәселе – жақсы,мүмкін болатын нәтижелерді қамтамасыз етуді анықтау өлшемдері.

9. Скалярлы алқа – бұл ең жоғарғы басқарушылардан бастап төменгі звенога дейінгі жетекшілердің тізім.Олардың бизнес қызығушылығына шығыс әкелетін келіспеушіліктері,қолдаулары да болуы мүмкін.

10. Тәртіп.Барлығына да орын бар және барлығы өз орындарында.

11. Әділдәк.Қызметшцлермен әділ қарым - қатынас жасау.Бұл әділдік пен қайырымдылық сәйкестігі.

12. Қызметшілер үшін жұмыс орынының қалыптылығы.Кадырлардың жоғарғы ағымдылығы  ұйымның  тиімділігін төмендетеді, өз орнында тұрған тікелей жетекші орынын тез ауыстыратын  талантты менеджерден артық болып табылады.

13. Бастама(инициатив).Ол ұйымға күш және энергия береді.

14. Корпоративті одақ – бұл қызметшілер мен фирма жетекшілерінің үйлесімділігінің нәтижесі болып табылатын күш.

  1. Мысалы, сіз шығындарды азайтуға бағытталған жаңа стратегияны жүзеге асыруға тағайындалған орта деңгейдегі менеджерсіз. Бірақ сізге бағыныштылар сенімсіздікпен, қарсылықпен, ал кейде ашық түрде жаугершілікпен қарайды. Осы жағдайды сіз немесе сіздің компанияңыз қандай жолмен түзетер едіңіз? Сіз қандай бағытта жұмысты бастар едіңіз? Дау-жанжал жағдайы туындағанда басшы не істеуі керек? Мұндайда тікелей кеңес беру өте қиын, оның өзі нақты жағдайға байланысты. Алайда, көпшілік басшыларда әрекет етудің белгілі бір стилі қалыптасады. Мұның өзі басшының мінезіне, тәрбиесіне, тәжірибесіне, дау-дамайды шеше алатын тәжірибесі мен іскерлігіне байланысты. Психологтар дау жанжалды жағдайды шешудің бірнеше тәсілін ажыратып, оны екі категорияға бөледі: құрылымдық және жеке адамдар арасындағы.

Қақтығыстарды басқару – ұйымдағы әлеуметтік - өндірістік процесстерді реттеудегі құрама бөлігі. Бұл антикризистік басқарудың бір шарты, оларды өндіру үшін қажетті болып саналады:

  • Менеджерлердің қақтығыс жағдайының туындау себебі;

  • Қақтығыс процесінің даму механизмін түсінуі;

  • Қақтиығыстарды шешу әдістерін практикада қолдана және басқара білу.

Қақтығыстарды басқаруда келесілер жатады:

1.«Қақтығыстардан қашу», бұл адамның дау-жанжалдан алыс болуы, яғни стресске ұшырамау үшін.

2.Қарсы күрес, конкуренция – бұл өз көз-қарасынды қандай да болсын бағамен қабылдау басқа қатысушылардың пікірін сынға алмау

3.Дау-жанжалды азайту, бұл жағдайда басшы қақтығысты ескермейді, ұжымдағы жақсы қарым-қатынасты қолдауға тырысады. Ол қақтығыстарға қарсы тұруға келесі ескертпелермен шақырады: «біз барлығымыз бір топпыз», «бұл үлкен мәселе емес» және тағы басқа.

4.Қақтығысты келісім арқылы шешу, бұл шешім қабылдаушы әр жаққа ұтымды болады. Келісімге (компромисске) қабілеттілік - бұл өте құнды қасиет, қақтығыстың тез шешілуіне мүмкіндік береді. Бірақ, келісімдік өте тез және жай шықса, бұл қабылданып отырған шешім сапасына әсер етеді және арифметикалық міндет немесе есеп болып шешіледі: бір затты бірдей бөлу, «әділеттілікпен».

5.Дау – жанжал себептерін түсіну үшін қақтығысты еңбектестікпен шешу, яғни көз – қарастағы ерекшеліктер мен өзгешеліктерді мойындау және өзге де көз – қарастармен танысуға дайындылық, барлық жақтарға тиімді шешім қабылдау.

Қақтығыстарды шешу үшін – кез келген әдістерді қолдануға болады. Басшы мен өзге жұмысшылар тобының нақты жағдайға тәуелді болу керек, ашып айтқанда себептері, қақтығыс нәрсесі, қатысушылардың жеке бас өзгешеліктері. Қақтығыстарды шешу әр жағдайда іске жеке қаралады.

  1. Есеп: Тиімді жобаны таңдаңыз. Жоба А: табыстылығы П= 13 млн. теңге болу ықтималдығы 0,3; табыстылығы П= 16 млн. теңге болу ықтималдығы 0,4; табыстылығы П= 9 млн. теңге болу ықтималдығы 0,3. Жоба Б: табыстылығы П= 15 млн. теңге болу ықтималдығы 0,2; табыстылығы П = 10 млн. теңге болу ықтималдығы 0,6; табыстылығы П = 14 млн. теңге болу ықтималдығы 0,2.

Жоба А

Жоба Б

П=13 млн

Ықтималдық: 0,3

П=15 млн

Ықтималдық: 0,2

П=16 млн

Ықтималдық: 0,4

П=10 млн

Ықтималдық: 0,6

П=9 млн

Ықтималдық: 0,3

П=14 млн

Ықтималдық: 0,2

Шешуі:

Жоба А=13*0,3+16*0,4+9*0,3=13

Жоба Б=15*0,2+10*0,6+14*0,2=11,8

Жауабы: Жоба А тиімді