
- •2.Басқарудың түрлі деңгейлерінің басшыларының орындайтын жалпы функцияларының мазмұнындағы айырмашылықтар.
- •3. Ғылыми басқару мектебінің басқару ғылымына қосқан үлесі.
- •4.Басқарудың әкімшілік мектебінің негізгі тұжырымдары.
- •5.Адамдық қатынастар мектебі мен мінез-құлық ғылымы мектебінің менеджмент дамуындағы рөлі.
- •6. Ұйым ішкі ортасының факторлары.
- •8. Ұымға жанама әсер ететін сыртқы орта факторлары.
- •9. Вудворд ж/е Томпсон бойынша технологиялардың жіктелуі.
- •10. Коммуникациялық үрдістегі кері байланыс пен шуыл/ң ролі.
- •12. Тұлғааралық ақпарат алмасуды жетілдіру.
- •13. Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер.
- •15. Бағдарламаланған және бағдарламаланбаған шешімдердің айымашылығы.
- •17. Мәселені ұтымды (рационалды) шешу кезеңдері.
- •18. Ұйым миссиясы мен мақсаты.
- •19. Делегерлеу, жауапкершілік, өкілеттілік түсініктері.
- •20. Мотивацияның мазмұндық және іс-жүргізу (процессуалдық) теорияларының айырмашылығы.
- •21. Мотивацияны күту және әділеттілік теорияларының тәжірибеде қолданылуы.
- •22.Портер-Лоулер моделіндегі 5 көрсеткіштің: жұмсалған күш, қабылдау, алынған нәтиже, сыйақы, қанағаттану дәрежесі арасындағы байланысты сипаттаңыз.
- •23.Ішкі және сыртқы сыйақының айырмашылығы
- •24. Маслоудың мотивациялық теориясын МакКлеланд пен Герцбергтің теорияларымен салыстырыңыз.
- •26. Бақылау түрлері.
- •27. Тиімді бақылаудың сипаттамасы.
- •29. Бейресми ұйымдардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •32. Сендіру арқылы ықпал етудің күшті және әлсіз жақтары.
- •33. Лидерліктің тұлғалық теориясы немесе ұлы адамдар теориясы.
- •34. Лидерліктің мінез– құлық тәсілі.
- •35. Лидерліктің жағдайлық тәсілі.
- •36. Келіспеушілік түрлері.
- •37. Келіспеушіліктің пайда болу себептері.
- •38.Келіспеушіліктің функционалдық және дисфункционалдық салдарлары.
- •39. Келіспеушіліктерді шешудің 4 құрылымдық тәсілі
- •40. Келіспеушілікті шешудің тұлға аралық стильдері.
- •Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді еңгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті: ұйымдағы адами ресурстарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?
32. Сендіру арқылы ықпал етудің күшті және әлсіз жақтары.
Ықпал- жеке бір адамның, келесі бір адамның мінезіне, басқалармен қарым-қатынасына, сезіміне т.б. өзгеріс енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал етудің құралдары ретінде: өтініш, құлаққа сыбырлау немесе ең соңғы сатысы қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана идеяларының көмегімен ықпал ету мүмкін.
Сендіру – басқа адамға ықпал ету үшін өз көзқарасын ұтымды түрде жеткізе алу, яғни басшы өз бағыныштысының белгілі бір қасиетіне сенеді де оған билік береді.Сендіруді тиімді ұйымдастыру үшін басшы бағыныштының сеніміне ие болуы керек және оның интеллектуалдық деңігейіне байланысты міндеттерді лайықтап қоя білуі қажет.Сендіру арқылы ықпал етудің күшті жақтары: сендіру арқылы ықпал ету кезінде ұйымдардағы адамдар берілген тапсырманы дәл, тиянақты, бұлжытпай, тиімді орындайды, бұл жұмысты басшының бақылауынсыз жасайды, себебі жұмысшының жеке басының қабілеттілігі осы жұмыстың тиімділігі бойынша – барлық басқару деңгейлерінде насихатталып жарияланады.Сендіру арқылы ықпал етудің әлсіз жақтары: өте нашар немесе бәсең екендігі белгісіздігі, екіұштылығы, сонымен бірге ықпал етудің бұл түрі тек бір– ақ рет әсерін тигізеді.
33. Лидерліктің тұлғалық теориясы немесе ұлы адамдар теориясы.
Бұл тәсіл көшбасшылықты жүйелі түрде зерттеудің алғашқы талпыныстарының бірі. 1900-ші жылдардың басында көптеген ғалымдар келесі сауалға өз назарларын аударды: адамның қандай қасиеттері оны ұлы көшбасшыға айналдырады? Мысалы: Наполеон Бонапарт, Абрахам Линкольн, Махатма Ганди және т.б. Бұл теория «ұлы адамдар» теориясы деген атау алды. Ол бойынша адамдар нағыз көшбасшы болып қалыптаспайды, олар көшбасшы болып туады. Бұл теория бойынша басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталған, егер адамдар бұл қасиеттерді өз бойларынан таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші бола алар еді. Бұл ерекшеліктер мынадай: интеллект пен білім деңгейі; әсерлі сыртқы келбет; адалдық; дұрыс бағыттағы ақыл; экономикалық және әлеуметтік білім; өзіне деген сенімділік.
Лидерлік - бұл жеке адамдар немесе бір топ адамдарға әсер ету, қабілеті және олардың белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс процесі болып табылады.
Бихевиорист ғалымдар лидерліктің анықтамасының мағынасын тиімді қолданудың 3 тәсілін атап көрсеткен:
1. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл.
2. Жағдайлық тәсіл
3. Тәртіптілік тәсіл
Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталады.
Бұл ерекшеліктер төмендегідей:
1. Интелект білім деңгейі
2. Әсерлі сыртқы бейне
3. Адалдық
4. Дұрыс бағыттағы ақыл
5. Экономикалық және әлеуметтік білім
6. Өзіне деген сенімділік