
- •2.Басқарудың түрлі деңгейлерінің басшыларының орындайтын жалпы функцияларының мазмұнындағы айырмашылықтар.
- •3. Ғылыми басқару мектебінің басқару ғылымына қосқан үлесі.
- •4.Басқарудың әкімшілік мектебінің негізгі тұжырымдары.
- •5.Адамдық қатынастар мектебі мен мінез-құлық ғылымы мектебінің менеджмент дамуындағы рөлі.
- •6. Ұйым ішкі ортасының факторлары.
- •8. Ұымға жанама әсер ететін сыртқы орта факторлары.
- •9. Вудворд ж/е Томпсон бойынша технологиялардың жіктелуі.
- •10. Коммуникациялық үрдістегі кері байланыс пен шуыл/ң ролі.
- •12. Тұлғааралық ақпарат алмасуды жетілдіру.
- •13. Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер.
- •15. Бағдарламаланған және бағдарламаланбаған шешімдердің айымашылығы.
- •17. Мәселені ұтымды (рационалды) шешу кезеңдері.
- •18. Ұйым миссиясы мен мақсаты.
- •19. Делегерлеу, жауапкершілік, өкілеттілік түсініктері.
- •20. Мотивацияның мазмұндық және іс-жүргізу (процессуалдық) теорияларының айырмашылығы.
- •21. Мотивацияны күту және әділеттілік теорияларының тәжірибеде қолданылуы.
- •22.Портер-Лоулер моделіндегі 5 көрсеткіштің: жұмсалған күш, қабылдау, алынған нәтиже, сыйақы, қанағаттану дәрежесі арасындағы байланысты сипаттаңыз.
- •23.Ішкі және сыртқы сыйақының айырмашылығы
- •24. Маслоудың мотивациялық теориясын МакКлеланд пен Герцбергтің теорияларымен салыстырыңыз.
- •26. Бақылау түрлері.
- •27. Тиімді бақылаудың сипаттамасы.
- •29. Бейресми ұйымдардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •32. Сендіру арқылы ықпал етудің күшті және әлсіз жақтары.
- •33. Лидерліктің тұлғалық теориясы немесе ұлы адамдар теориясы.
- •34. Лидерліктің мінез– құлық тәсілі.
- •35. Лидерліктің жағдайлық тәсілі.
- •36. Келіспеушілік түрлері.
- •37. Келіспеушіліктің пайда болу себептері.
- •38.Келіспеушіліктің функционалдық және дисфункционалдық салдарлары.
- •39. Келіспеушіліктерді шешудің 4 құрылымдық тәсілі
- •40. Келіспеушілікті шешудің тұлға аралық стильдері.
- •Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді еңгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті: ұйымдағы адами ресурстарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?
1.Басқарудың негізгі үш деңгейі.
Басқару міндетінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті үш деңгейге бөлінеді:
Менеджменттің жоғары деңгей (top management) кәсіпорынның мақсатын, стратегиясын және жұмыс жоспарын анықтайды. Жоғарғы деңгейде әдетте «жалпы» менеджмент деп есептейді. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған;
Менеджменттің орташа (middle management) деңгейі кәсіпорынның функционалды қызметін басқаруға арналған, сондықтан да ол «функционалды» менеджмент деп аталады. Функционалды менеджмент техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен, ақпарат және нарықты басқарумен байланысты.
Менеджменттің төменгі деңгейін (lover management) алғашқы буындағы жетекшілерді жатқызады. Олар кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жұмыстың орындалуын, өнім өндіру графигі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.
2.Басқарудың түрлі деңгейлерінің басшыларының орындайтын жалпы функцияларының мазмұнындағы айырмашылықтар.
Жоғарғы деңгей – басқарудың жоғарғы буыны. Жыл сайынғы анықтамалық басылымында «бұған директорлар кеңесі төрағасын, президентті, вице-президенттерді, сондай ақ бақылаушылар мен казначейлерді жатқызады». Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен және ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерін шешіп, сыртқы кәсіпорындармен байланысорнатумен шұғылданады.
Орташа деңгей – өндіріс бөлімшелері мен функциялық қызметтің ортаңғы меңгеруші басшылары, завод директорлары, олардың орынбасарлары т.б. оперативтік жұмыстарға, ғылыми зерттеулерді жоспарлаумен ұйымдастыруға, өндіруге және өткізуге есеп пен бақылауды жолға қоюға кадр саясатын жүзеге асыруға жаап береді.
Төменгі деңгей – басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар – цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, мастерлер, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары – жұмысшылар мен қызметшілерге тікелей басшылық етеді.
3. Ғылыми басқару мектебінің басқару ғылымына қосқан үлесі.
(1856- 1920). а)Міндетті орындаудың таңдаулы әдістерін анықтауда ғылыми таңдауды пайдалану;б)мақсатқа қол жеткізу үшін ең қолайлы қызметкерлерді таңдау, оларды баулып отыруды қамтамасыз ету;в)қызметкерлерді өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.г)еңбек өнімділігін арттыруда материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс қолдану.Ғылыми менеджменттің пайдалану Фридрик Уинслоу Тейлордың есңһімімен байланысты. Бетлехем стильде ғылыми менеджментті 4 стильде дамытады: 1)нормалау; 2)уақыт және міндетті зерттеу; 3)ұдайы сұрыптау және баулу; 4)ақшалай ынталандыру. Тейлор концепцияларының негізгі қағидалары: 1)Бұрыннан қалыптасқан ескі дәстүрлі жұмыс тәсілінің орнына ғылыми іргетасты құру оның әрбір элементін ғылыми тұрғыда зерртеу; 2)Қызметтерді ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру; 3)Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ұйымдастырылған жүйесін тәжірибегеенгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық. 4)Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
4.Басқарудың әкімшілік мектебінің негізгі тұжырымдары.
(1920-1950).а)Басқару қағидаларын дамыту; б)Басқару функциясын бейнелеу; в)Ұйымды басқарудағы жүйеленген әдіс. Файоль әкімшілік басқару көрнекті өкілі. Файоль өзінің негізгі «жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік» (1916) атты еңбегінде капиатлисттің әкімшілік қызметіне жалпы көзқарасын қарастырып, осының негізінде әкімшіліктің етудің кейбір қатаң міндетті принциптерін тұжырымдайды. Файоль пікірінше әкімшілік ету жан жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігі және техникалық, коммерциялық, ақша қаражаттарын іздестіру, қорғаныстың, бухгалтерінің әкімшілік салаларын қамтиды. Файоль әкімшілікбасқарудың бірқатар принциптерін ойластырып мұның өзі оның пікірінше кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Оның менеджменттерге арналған 14 қағидаларына басқарушының қызмет міндеттерін қалай орындауы тиіс екендігін көрсетеді: 1)жұмысты бөлісу, 2)билік, 3)тәртіп, 4)дара басшылық, 5)бағыт билігі, 6)жеке мүддені жалпы мүддегебағындыру, 7)ақы төлеу, 8)орталықтандыру, 9)ерархиялық тізбек, 10)Реттілік, 11)Әділеттілік, 12)Қызметшілердің тұрақтылығы және қызмет лауазымына бөлу мерзімі, 13)ынта ықылас, 14)ерекше рух. Әкімшілік функцияныталдай отырып Файоль оның 5 элементін бөліп көрсетті: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау.