Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MARKETING WPORY.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
229.38 Кб
Скачать

21.Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі

Өнімнің сапасына және бәсекеге қаблеттілігіне қазіргі әлемде барлық фирмалар көп көңіл бөледі. Бұл мәселелерге әр елдің экономикалық және әлеуметтік өмірі байланысты. Себебі сапа және бәсекеге қабілеттілігі деген ұғымы елдің, әр өндірушінің тауарлар мен қызметтерді өңдеу, өндіру, өткізу мүмкіндіктерінің жиынтығын анықтаушы көрсеткіш болады.

Сапа дегеніміз ұлттық экономиканың даму серпіні мен деңгейінен бастап әр шаруашылық бірлікте сапаны құру үдерісін басқару мен ұйымдастыруды көрсететін синтетикалық көрсеткіш. Нарықтық экономикада өнім сапасы тауар өндірушілерінің рынокта “өмір сүру” шарты болады және де олардың шаруашылық әрекеттерінің нәтижелілігінің, мемлекеттің эконмикалық жағдайының өлшемі болады.

Тауардың бәсекеге қаблеттілігі дегеніміз тауардың рыногтағы табысын анықтайтын тұтыну және құнды сипаттамаларының жиынтығы, яғни бәсекелес ұқсас тауарларды молынан ұсыну кезіндегі бір тауардың басқаларға қарағанда артықшылықтары.Тауардың бәсекеге деген қаблеттілігі дамыған бәсекелестік ранокта оның коммерциялық табысын көрсететін маңызды факторы болады. Тауардың бәсекеге қаблеттілігін тек басқа бәсекелес тауар мен салыстырып қана анықтауға болады, сондықтан оны нақты рынокқа және сату уақытына байланыстырып қарастыру қажет.

22.Фирманың тауар саясатындағы бренд ж\е брендинг – бренд, ол әйгілі тауар таңбасы болса, ал брендинг, ол тауарды әйгілі қылу процесі б\п таб\ы. Бренд атерминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ, ағылшын тілінен аударғанда ол таңба, мөр деген мағынаны білд. Сонд. Сатып алушы оны бәсекелес тауарлардан ерекше етіп көрсететін, өзіндік бейнесі ретінде түсінеді. Бренд- атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы сапасында беінген, нарықта танымал сауда маркасы. Қаз/да брендтің даму деңгейі батыс елдерімен салыстырғанда төмен. Оның негізгі себептері- тауарды өткізудегі бренд рөлін дұрыс бағаламау және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төменділігі. Отандық тауарлардың ішіндегі атақты брендттерді атау әзірше қиын болып отыр. Алайда, біздің нарықта Фудмастер, Рахат, Беккер және К, Әсем-ай және т.б. компания өнімдерінің сапалы түрі бар екенің айта кеткен жөн. Бірақ олар өз өнімінің имиджін көтеруге жеткіліксіз көңіл аударады. Кез келген тауар белгісі бренд бола алмайды, ол үшін тауар нарықта беделге ие болып, өнім жоғары сапасымен тұтынушының сеніміне кіруі қажет. Бренд құру үлкен шығынды талап етеді. Оны құруға көптеген елдерде 20-25 млн. доллар шамасында қаржы бөлсе, Ресейде орташа есеппен 4-12 млн, ал Отандық Қат орталығы, Терра инкогнито деп аталатын брендқа 2 млн-ға жуық доллар ақша жұмсады. Қазіргі заманда нарықта сатып алушылардың санасын жаулап алу үшін әйгілі тауар белгілрінің арасында қатаң күрес жүріп жатыр. Осыған байланысты отандық өндірушілерге тауар белгісі ғана емес, сондай-ақ маркетинг және жарнама құралдарын қолдана отырып, бренд жасау керек.

23.Көтерме сауда және оның түрлері.

Көтерме сауда дегеніміз-тауарды одан әрі сату үшін, немесе сатып алушының кәсіптік әрекетінде тауарды қолдану үшін тауар саудасы болады. Көтерме сауданың атқаратын мынадай қызметтері анықталады:

  • өндірушілерге тауарларын қысқа және тиімді байланыс жолымен өткізуге көмектеседі.

  • Білікті сауда кәсібі мамандары арқылы жұмыс жүргізеді.

  • өндірушіге және бөлшек сауда саласына маркетингтік және техникалық қолдау көрсетеді.

  • Тауарды дұрыс сақтау үшін материалдық негізін жасайды.

  • өндірушіге және бөлшек саудаға қаржы көмегін береді.

  • Ақаулы өнімдерді төмен бағамен өткізеді.

Көтерме сауданы ұйымдастырудың үш нұсқасы болады: өндірушілік көтерме саудасы, коммерциялық көтерме саудасы және сауда агенттері мен брокерлер арқылы көтерме сауда.

Өндірушілер көтерме саудасы. Егерде өндірушілер өз көтерме саудамен айналысса, барлық сауда қызметтерін өздері атқарады. Мұнда сауда олардың өткізу кеңселері, немесе дербес бөлімшелері арқылы жүргізіледі. Өндірушінің өткізу кеңсесі өндірістің өзінде, не рынокқа жақын жерде орналасады және тауар қорын жасамайды. Ал оның дербес бөлімшесінде өнімді сатумен қатар, тауарды сақтау үшін қоймалар жасалады.

Коммерциялық көтерме сауда. Коммерциялық көтерме саудамен шұғылданатын ұйымдар тауарды қайта сату үшін сатып алады. Демек ол ұйымдарға тауарға деген меншік құқығы ауысады.

Бұл ұйымдар көрсететін қызметіне байланысты толық немесе шектелген жұмыстарды атқарады. Толық қызмет көрсететін коммерциялық көтерме сауда ұйымдары тауар ассортиметін белгілі жерде жинайды, сауда несиесін қамтамасыз етеді, тауарды қоймаларда сақтау мен және жеткізумен шұғылданады, зерттеу және жоспарлау жұмыстарын жеткізуге көмектеседі. Ал шектеулі қызмет көрсететін коммерциялық көтерме сауда ұйымдарының атқаратын жұмыстары шамалы болады. Олар зерттеу және жоспарлау жұмыстарына араласпайды және несие бере алмайды.

Агенттер мен брокерлер арқылы көтерме сауда.Агенттер мен брокерлер әртүрлі көтерме сауда жұмыстарын орындайды. Алайда оларда тауарға деген меншік құқығы болмайды. Тағы бір ескертетін ерекшелігі-олар сыйақысын сату көлеміне байланысты пайызбенен алады. Агенттер мен брокерлерді пайдаланудың өзі үш артықшылық береді: шектелген ресурстарымен өндірушілер өтімді ұлғайтуға мүмкіндік алады, өтімге кететін шығындар алдын ала пайызбенен белгіленіп, шығындар үнемделеді, сауданы жоғары шеберлікпен жүргізетін мамандар арқылы дұрыс дамытуға болады.

24.Тауарларды тарату арналары, түрлері, деңгейлері.

Тауарды өткізу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделі шешімдерді қабылдауды талап етеді, өйткені ол маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін тікелей әсер етеді.

Тарату арналары дегеніміз-ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту үдерісінде қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.Тарату арналарының жұмысы өзінің атқаратын қызметтерімен сипатталады. Маркетингте тарату арналары көптеген қызметтер атқарады:

1.өндірілген өнімді тарату және өткізу қызметін.

2.өндіріс үдерісінде қажет шикізат және материалдар сатып алу қызметін.

3.маркетингті зерттеулер жүргізу жұмысын.

4. тұтынушылармен және түпкі сатып алушылармен байланыс құру келіссөз жүргізу жұмыстарын.

5. сауда келісімдерін дайындау және жасау, олардың сапалы орындалуын бақылау жұмыстарын.

6. тауарды тұтынушыға қарай тезірек және тиімді жылжыту

Тарату арналарын оны құрастыратын деңгеймен сипаттауға болады.

Арна деңгейі тауарды иеленеген түпкі тұтынушыға жеткізу жұмысына қатысқан деледардар санымен анықталады. Арна ұзындығы арадағы деңгей санымен анықталады. Тарату арналарын түрлері:

Нөл деңгейлі арна-тауарды тікелей тұтынушыға сататын өндірушіден құрылады.

Бір деңгейлі арна-өндіруші мен тұтынушы арасында бір ғана делдал қызмет жасайды. Тұтыну арналары рыногынде ол әдетте бөлшек саудамен айналысады, ал өнеркәсіп тауарлары рыногынде брокер не агент ретінде қызмет көрсетеді.

Қос деңгейлі арнада екі делдал әрекет жасайды. Тұтыну тауарлары рыногынде олар көтерме және бөлшек саудамен шұғылданады, ал өнеркәсіп тауарлары рыногынде дистрибьютор және дилер ретінде қызмет көрсетеді.

Үш деңгейлі арнада үш делдал әрекет етеді. Бұл жағдайда көтерме және бөлшек саудалар арасында ірі көтерем саудадан тауарды сатып алып делдалдар ұсақ көтерме саудасын жүргізеді.

Маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын компаниялардың алдында туындайтын күрделі мәселесі-ол осы арналардың өзіне тиімді деңгейін таңдап алу болып табылады.

25.Бөлшек сауда және оның түрлері.бөлшек сауда ол дег\з, дара тұтыну үшін түпкі тұтынушыларға тауарды сату мен қызмет көрсету жөн\і іс әрекет. Б.сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқ\ы. Тұтынушыларға тауар жылжыту үрдісінде шаруашылықтық байланысты тұйықтырушы буын бөлшек сауда болып саналады.

Бөлшек сауда бірнеше функциялар атқарады:

• тауарлы рынокта конъюнктураны зерттейді;

• нақты тауарларға сұраныс және ұсынысты анықтайды;

• ассортимент құруда тауарларды талдап және анықтайды, оларды сұрыптайды;

• тауарларды қабылдау, сақтау, маркировкалау операцияларын өткізеді және оларға баға бекітеді.

Жабдықтаушыларға, тұтынушыларға көлік-экспедиторлық, пікір берушілік, жарнамалық, ақпараттық және т.б. қызметтер көрсетіледі.

Қызметтеу деңгейі бойынша бөлшек дүкендер:

  • өзін-өзі қызметтеуші;

  • тауарларды тәуелсіз таңдаушы;

  • қызметтеу циклы шектеулі;

  • қызметтеу циклы толық болып ажыратылады.

Бөлшек сауда тұтынушыларды қызметтеудің ерекшеліктеріне сәйкес мына түрлерге бөлінеді: стационарлы, жылжымалы және арнайы салып беруші. Бөлшек сауда кәсіпорындары: ұсынылатын тауар ассортименті, сату бағасы, сауда қызметтеу сипаты, сауда кәсіпорынның иелігі, оларды шоғырландыру принципі бойынша жіктеледі. Бөлшек саудада маркетингтік шешімдер көбінесе бөлшек кәсіпорынның өзіне тартып тұруын көтеру мақсатында қабылданады. Кәсіпорынды құрудың алғашқы кезеңінде-ақ маркетингтік сратегияларды дайындаған жөн. Тұрғызу орнын таңдау барысында сол ауданның мәртебелілігін, оның әлеуметтік келбетін, сатып алу қабілетін бәсекелес дүкендер барын бағалау қажет. Потенциалды сатып алушыларды бағалағанда олардың осы дүкенге аяқ басу ықтималдығын және жиілігін, сатып алуының орташа мөлшерін ескеру абзал. Бөлшек саудадағы маркетингтік зерттеулердің басты бағыты – сатып алушылардың мінез-құлқын зерделеу; оларды қанағаттандыру деңгейі; сауда залындағы сатып алушының мінез-құлқы; оның нақты тауар, қызметтеу деңгейі туралы пікірі, тұрақты сатып алушылардың үлесін анықтау.

26.Kоммуникацияның мәні мен түрлері.коммуникация дегеніміз тауарлар,кызметтер туралы хабарландыру,оларға деген тұтынушының сенімін күшейту үшіе колданылатын әдіс тәсілдер. Тұтынушыларға тиімді әсер ету үшін коммуникацияның келесі әдістерін пайдалануға болады:жарнама,арнайы сату,өтімді ынталандыру және коғаммен байланыс.Коммуникацияның әр элементіне сәйкес ерекше тәсілдер мен әдістер колданылады.коммуникация элементтерін дұрыс колдану аркылы рынокта тауарды ұтымды жылжытуға болады.тек кана төменде аталған шарттарды сактау нәтижесінде коммуникация жүйесініің әсерлі нәтижесіне жетуге болады:көзделген шаралар жүйелі түрде орындалуы тиіс;коммуникация кешенін құру кезінде тауардың ерекшеліктері және оның өміршеңдік кезеңдері есепке алынуы тиіс.Коммуникация түрлері - Коммун\я дег\з, ол маркетинг\к кешен\ң ең соңғы элементі б\п таб\ы. Марк\к коммун\я, ол тұтын\а ықпал ету мақсатында тауарлар мен қызметтерге сұраныстықалыптастыру мен ынталандыруға бағ\н әрекет жиынтығы. Маркетингтік коммуникациялар – бұл жарнама, өткізуді ынталандыру, насихаттау, тікелей сату| паблик рилейшнз. Жарнама – бұл белгілі спонсордың атынан қаржыландыру көздерін көрсете, тауарларды жылжытудың қандайда болмасын ақылы түрі. Өткізуді ынталандыру – тауарды (қызметі) сатып алуды немесе сатуды қолдаудың қысқа мерзімдік ынталандыру шаралары. Насихаттау – тауарларға сұранысты олар туралы коммерциялық маңызды деректерді ақпараттық басылымды құралдарында немесе радио, теледидар, сахнада жағымды көрсетімдер арқылы жарнамалай және ақысыз ынталандыру Тікелей сату – тауарды сату мақсатында бір немесе бірнеше сатып алушылармен жүздесу барысында ауызша ұсыну. Паблик рилейшнз - фирманың жағымды бейнесін (имиджін) қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

27. Тауар таңбасы,оның мәні және аткаратын кызметтері. Тауар –бұл қажеттіктерді қанағаттандыра алатынның және рынокқа назар аударту, алу, пайдалану немесе тұтыну үшін ұсынылатындардың барлығы (физикалық нысандар, қызметтер, тұлғалар, ұйымдар, идеялар).Тауар таң\ы дег\з, ол басқа тауарлардан он айыру үшін, қабылданған тәртіпке сәйкес тіркелген тауарға берілген белгі. Ол сурет, біріккен әріптер н\е цифрлар түрінде болуы мүмкін.Таңба\қ ат дег\з, ол атаулы тауардың таңбасы, таңба\қ белгі дег\з, суреттеп белг\н тауар таңба\ң бөлімін айт\ы. Тауар таңбасын белгілеудіің 4түрі бар:1.фирмалык атау.ол –соз,әріп, сөздер немесе әріптер тобы.2.фирмалык белгі-символ,сурет,ерекшеленетін түс немесе белгілеу.3.сауда бейнесі-дербестендірілген тауар таңбасы.4.сауда белгісі-фирмалык атау,фирмалык белгі,тауар бейнесі. фирма тағбалык белгілеудің 3әдісін колдануы мүмкін.1.өндірушінің маркасы немесе жалпы ұлттық марканы колдану.2.фирма тауарын өз таңбасын коятын делдал-ддистрибьютер немесе дилерлерге сату.3.өндіруші өнімінің жартысын өзінің таңбасымен,ал калғанын делдал таңбасымен сату.

Тауар белгісі 1883 жылы Париж конвент\а бекіт\н өндірістік меншік\ң түрі деп қар\ы. 1981 жылы Мадрид конвен\а тауар белг\ң тіркеу\е өзегр\р енг\н бол\н. «Тауар белг\і, белг\ң қыз\т көрсет\і, тауар өнд\ң аты» деген ҚР заңында да бар.Тауар белгі бар өнім, бел\і жоқ өн\е қар\а артық бағ\ы. М\ы: Соса-cola ком\ң тау\қ белгісі 3 млн.долларға бағ\н бол\н. Атқаратын орны ерекшеб\п таб\ы.Лиц\н тауар белг\і шеңбер іш\е S әріпімен белг\і.

28. Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі,оның рөлі және аткаратын қызметі. Баға бұл, тауар құн\ң ақшалай көрінісі. Сонымен қатар көп шығынды талап етпейтін марк\к кеш\ң икемді ж\е маңызды эл\і б\п таб\ы. Баға белгілеу, ол маркетинг қызметінің өте жауапты кезеңі б\п таб\ы. Өйткені кәсіпорын іс әрекет\ң көрсет\е тікелей әсер ет\і. Атқ\н қызметтері: есеп жүргізу, ынталан\у қыз\і, бөлу қыз\і, сұр\с пен ұс\ы теңес\у қыз\і, өнд\і орн\у қыз\і. Сонымен қатар көп шығынды талап етпейтін марк\к кеш\ң икемді ж\е маңызды эл\і б\п таб\ы. Баға белгілеу, ол маркетинг қызметінің өте жауапты кезеңі б\п таб\ы. Өйткені кәсіпорын іс әрекет\ң көрсет\е тікелей әсер ет\і.

Бағаның аттқаратын қызметтері: есеп жүргізу-белгңлң кажеттілікті тауардың канағаттандыруы коғамға канша шығынды крекк ететінін көрсетеді. ынталан\у қыз\і-әр түрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен аныкталады.өндірушінің табыска жету әрекеті баға аркылы ынталандырылады. бөлу қыз\і, сұр\с пен ұс\ы теңес\у қыз\і-тұтыну және өндіру,ұсыныс пен сұраныс араларындағы аракатынасына баға күшті ыкпал тигізеді. өнд\і орн\у қыз\і-баға механизмі аркылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі,өйткені әрбір салалар өнімдерінің бағасы мен пайдасы әркалай болғандыктан,капитал пайдасы жоғары салаға барынша құйылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]