Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MARKETING WPORY.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
229.38 Кб
Скачать

16. Өнеркәсіптік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі.

Өнеркәсіптік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісінде бірнеше өзгерістер болады және бұл өзгерістер бірнеше сатылардан тұрады: Қажеттіліктерді анықтау, оны сипаттау сатысында компания қызметкерлері өндіріс мәселесін немесе мұқтажын қандай тауарды сатып алумен қанағаттандыруға болатынын ұғынады. Содан кейін сатып алушы қажетті тауар санын және оның сипаттамаларын анықтайды. Өнімнің қасиеттерін анықтаған кезінде оның өнімділік, төзімділік, нарқы, т.б с.с көптеген көрсеткіштерін қарастырады. Өндірісті жабдықтаушыларды іздестіру сатысында өнімнің қасиеттерін анықтағаннан кейін керекті жабдықтаушыны іздеу басталады. Ол үшін сауда фирмаларының анықтамалықтарын немесе компьютер мәліметтерін пайдалануға, жарнамаларды қарастыруға және сауда көрмелеріне баруға тура келеді. Жалпы сұраныс деңгейін белгілеу сатысында жалпы сұраныс деңгейін білу үшін сатып алушы жабдықтаушылардан ұсынысын беруге өтінеді. Егер де күрделі және қымбат сауда жүргізетін болса, онда әр жабдықтаушыдан ұсынысын толық жазбаша түрде алады. Ол ұсыныстарға талдау жүргізіп, керек еместерін сызып тастап, қалғандарымен ресми таныстыру өткізуді өтінеді. Жабдықтаушыны таңдау сатысында жабдықтаушыны таңдаудың алдында сатып алу орталығы оның фирмаға қажет сипаттамаларын және олардың салыстырмалы маңыздылық деңгейін анықтайды. Алынған сипаттамалар бойынша рынокта орын алған әр жабдықтаушыны бағалап, олардың рейтингін есептеп шығарады. Жабдықтаушының жұмысын бағалау сатысында жоғарыда айтылған үдерістердің бәрін орындағаннан кейін сатып алушы жабдықтаушының жұмысын бағалайды. Ол үшін сатып алушы өзінің түпкі тұтынушыларынан өнім сапасы туралы пікірін сұрауы мүмкін, немесе жабдықтаушының нашар жұмысынан шеккен шығындарын есептеуі мүмкін. Соған сәйкес қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруы немесе келісім шартқа түзетулер енгізуді ұсынуы, немесе жабдықтаушыдан мүлде бас тартуы мүмкін. Сатып алушылар жабдықтаушылардың жұмысын тұрақты қадағалап, оларға өз пікірін хабарлап тұруы керек.

17.Маркетингтегі тауар түсінігі және оның құрылымы.Тауар дегеніміз рынок жүйесіндегі негізгі әрекет етуші *тұлға* десек те болады.Өйткені ол өндірушінің экономикалык пәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады.экономика теориясында тауар экономикалык категория ретінде белгіленген,баска да теорияларда тауарды арнайы айырбас жасау үшін өндірілген еңбеек өнімі деп аныуктады.Маркетингтің максаты мен аткаратын кызметтері тауар категориясына айрыкша екпін береді.Өйткені тұтынушылардың кажеттеріне бағытталған тауардың касиеттеріне ерекше көңіл бөлінеді.Осыдан келе тауар дегеніміз адам кажеті мен мұктажын канағаттандыруға арналған нәрсе,сол нәрсеге адамның назарын аудару,оны сатып алуға,колдануға,тұтынуға ынталандыру,сол үшін ол нәрсені рынокка ұсынады,демек маркетинг әрекеті жүргізіледі. Тауар қасиеттерінің жиынтығы мынадай көрсеткіштерімен аныкталады:

-сапа

-тауардың аткаратын кызметіне діл сәйкестігі

-бағаның сапаға және тұтыну құндылығына сәйкестігі

-тауар құжаттары:-ассортимент байлығы

18. тауардың өмірлік циклі және оның түрлері.Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі , немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршендік кезеңі дегеніміз тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады.. Тауардың өміршендік кезеңі:

  • Рынокқа енгізу

  • Өсу

  • Кемеліне жету

  • Құлдырау

Рынокқа енгізу фазасында-жаңа тауарға рынок қалыптасады. Сату көлемі, маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл фазада пайда алынбайды, керісінше шығын болуы мүмкін. Өсу фазасында тауардың болашағына әсер етеді. Тауарды өткізуден түскен пайда барынша максималды деңгейіне жетеді. Мұндағы фирманың негізгі мақсаты сату көлемінің өсуін неғұрлым ұзақ уақытқа созу керек.Кемеліне жету фазасы жаңа тауар дәстүрлі тауарға айналады, сату көлемі шектеледі. Пайда көлемі төмендей бастайды. Алайда тұтынушылардың көпшілігі тауарды әлі де сатып алады. Құлдырау фазасында сату көлемі төмендей түседі. Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп, оны жаңарту мүмкіндіктерін немесе оны өндірістен шығаруды қарастыру қажет. Бір фазадан бесқасына ауысқан кезде күрт өзгерістер әдетте байқалмайды. Сондықтан маркетинг бағдарламасына дер кезінде ұтымды өзгерістер енгізу үшін сату көлемінің өзгерісіне зер сала қадағалау қажет. Тауардың өміршеңдік кезеңінің түрлері: Дәстүрлі ирегі: рынокқа тауарды енгізу, өсу, кемеліне жету және құлдырау фазалары нақты мезгілдерімен қамтылған. Классикалық ирегі:тауардың тұрақты өтімі аса тез көтеріліп және тез төмендеуімен сипатталған. Ұзаққа созылған елігу ирегі: бұл да жоғарыдағыдай тек өнімнің өтімі төмендеп барып бір деңгейде сақталады. Мерзімді немесе сән ирегі: тауар жақсы өтімін тауып, маусым мерзіміне қарай осы ирек сипатын алады. Жаңару немесе зарығу ирегі: белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тауарға қайтадан сұраныс пайда болғанын сипаттайды. Сәтсіздікке ұшырау ирегі: рынокта мүлдем табыс бермейтін тауарды сипаттайды және ол тек екі фазамен қамтылады: рынокқа енгізу мен құлдырау фазалары. Рынокқа бір мезгіл ішінде өміршеңдік кезеңіне байланысты келесі тауар топтарын ұсынған ұтымды болмақ: негізгі тобы-кәсіпорынға негізінен пайда әкелетін және өсу фазасындағы тауарлар А; қолдаушы тобы-табысты тұрақтандыруға әсері бар және кемеліне жету фазасындағы тауарлар Б; стратегиялық тобы-болашақтағы пайданы қамтамасыз етуге арналған тауарлар В; тактикалық тобы-негізгі тобын сатуды көтермелеуге бағыттылған және әдетте өсу және кемеліне жету фазасындағы тауарлар Г; зерттелінетін тобы-рынокқа шығаруға дайындық жобасындағы тауарлар Д; өндірістен алынатын тауарлар тобы-құлдырау фазасындағы тауарлар Е;

19. Тауарлық ассортимент–кәсіпорын өндіретін белгілі тауарлардың барлык түрі жиынтығы. Оған іртүрлі тауарлар кіреді. Тауар түрі функционалды айырмашылыктарына,сапасына,ьағасына карай ассортиментік топатарға бөлінеді. Өндіруші –кәсіпорын рынокка ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығы-ассортимент деп. Аталады.Тауар ассортименті мына көрсеткіштермен сипатталады:ассортимент ені,тереідәгә және салыстырмалығы. Ассортимент кұрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді,ол оңтайлы ассортиментік құрылымы мен тұтынушылардың талабан ескеріп,шикізат,каржы,техника корлары тиімді колдануға бағытталады. Ассортименттік қағиданң максаты фирманы накты тұтынушылар сұраныстарының түрлері мен курылымына сәййкеес тауарды өндіруге бағыттау болады. Ассортиментті жоспарлау жұмысы каретті аныктаудан немесе рынокты зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым калыптасканнан кейін басталады.

20. Жаңа тауарды жоспарлау кезеңдері – Жаңа тауар деп, ол қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттерімен ерекшеленіп рынокқа ұсынылған тауар. Жаңа тауарды жоспарлау ісі келесі кезеңдерден тұрады:а) идея жинау сатысы, жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Ол идеяларды фирманың қызметкерлерінен, үкімет органдарынан, бәсекелес\ң тауар\ы салыстыру арқылы жинауға болады. б) өнім бағалау сатысында іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады. Ол үшін «іріктеу тізімі» қолданылады. в) тұжырымдаманы тексеру сатысында тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен алуға деген ынтысы жоғарылайды. г) экономикалық талдау сат\а сұраны болжалданылады, шығын мен пайда есептелінеді. д) өнімді шығару сатысында идеяны нақты іс қимылға айналдыру деген ұғым е) байқау маркетингісі сатысы дегеніміз өнімді бір, н\е бірнеше таңдаған аймаққа өткізіп көру ж) коммерцияға енгізу сатысы тауар өміршеңдік кезеңінің енгізу фазасына сәйкс келеді.Жаңа тауардың маңызыдылығын мына факторлар аркылы бейнелеуге болады:-пайданы өсруге көмектеседі;-калыптаскан тауар және ассортимент топтарына карағанда ерекше касиеттері бар;-өндіріс калдыктарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін ;-тұтынушылардың демографиялык өзгеріс сипаттамаларына өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]