
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
Индустриалды–инновациялық даму үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйені дамыту, инвестицияны қамтамасыз ету, индустриалды дамыту және техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту секілді мақсаттарға жетумен шарттасқан. Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыра отырып, ел экономикасының шикізаттық даму бағытынан арылып, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту жолымен экономика саласын диверсификациялау жолымен тұрақты даму жолына қол жеткізуді көздейді. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге жарамды және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру экономика құрылымына сапалы өзгерістер әкелетіндігімен, соның ішінде адамзат, өндіріс және табиғи капиталдарды тиімді пайдалана отырып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал ететіндігімен сипатталады. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар. Ел Президентінің халыққа жолдауында “Жаңа экономика кең тұрғыда - бұл жоғарғы технологиялар ғылымды көп қажет ететін,барлық салалар мен сегментерде инновациялармен қаныққан экономика. Шикізаттық және индустриялдық экономикадан санаткерлік ресурстаға, ғылымды көп қажетсінетін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылық барынша маңызды үрдістердің біріне айналды” деп атап өтудің маңызы зор.
2010-2014 жылдарға арналған дәл осы «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасының діттегені - ел экономикасын әртараптандыру, тезірек түрлендіру болатын. Бағдарлама үмітті ақтап келеді. осы жылдың қаңтар-наурыз айларында жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 5,6 пайызға өсті. 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларында өндіріс өнімінің өсімі 6 миллиардтан астам теңгені құрады. Биыл көлік құрастыру саласында , жеңіл өнеркәсіпте , фармацевтикада , химия саласында өсім байқалды. Еңбек өнімділігі де артып келеді. Шикізаттық емес экспорт көлемі де артып отыр. Ол 2012 ж 7 миллиард АҚШ доллары болды. Инновацияға да иек артқан салалардың шоқтығы биік. «Инновациялық грант» бағдарламасы жүзеге асып, өткен жылы 129 инновациялық грант берілді. Инвестиция көлемі де артып келеді. 2012 жылы 1 миллиардқа жуық инвестиция тартылған. Ал, елімізді индустрияландыру картасы да кемелденіпті. Ол бүгінде жалпы құны 11 триллион теңге болатын 706 жобаны біріктіріп отыр. Нәтижесінде 218 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады. Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады. Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды. Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
Икемділік дегеніміз – бұл бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бұл бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет.
23.Инвестицияға капиталдық салымдар. Мемлекеттік инвестицияларды қаржыландырудың қайнар көзі болып салық, ішкі және сыртқы қарыздар, мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық ісінен түсетін табыстар, жаңа ақшаның шығарылуы табылады. Жеке меншік инвестициялар өзіндік қайнар көздерімен бірге (амортизациялық шегерімдер, бөленбеген табыстар және т.б.), тартылған қайнар көздердің көмегімен де (несиелер және бағалы қағаздардың шығарылуы) өте үлкен ішкі қарымды иеленеді.
Инвестицияларды қаржыландыру операциялары банк арқылы (коммерциялық, инвестициялық,жинақтау) және үлкен қаржылық ресурстарды шоғарландыру мен оларды капиталдың жинақталуы үшін пайдалана алатын қабілеті бар банктік емес қаржылық ұйымдар - сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар, зейнет ақы қорлары арқылы жүзеге асырылады. Әрине, ақша ресурстардың жеткізушісі халық болып табылады.
24.Инфляция:мәні, себептері, түрлері.Инфляция термині латынша аударғанда inflatio ісіну дегенді білдіреді.Тұнғыш солт.Америкада 1861-1865 ж азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалар-ң көбейіп кету процесін білдірген.Инф өндіріс процесі-ң бұзылуы,шару-қ салалары-ң бір-бірімен үйлесімсіз дамуы ж-е мемл-ң эмиссиялық саясаты мен комерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.Сұраныс инфл-ы негізінен ақшалай факторларға б-ы туындайды,яғни айналыстағы ақша массасы өссе,сонын нәти-е төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады.Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өнд-ң оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс э-қ өнд-ң мүмкіндіктерін жоғарылатып,бағаның көтеруіне әкеледі.Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды.Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп,жалақыны қайта индекстеуді талап етеді.Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындардың өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады.Нәтижесінде инф-қ серіппе пайда болады,бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді.Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясын бір-бірімен тығыз байланысты және оларды ажырату мүмкін емес.Дүн.жүзі тәжірибеде инф мынадай шартты түрлерге бөледі: 1.эк-ы қамтитын аумағына байл-жергілікті,ұлттық, әлемдік.2.қозғалыс қарқынына байл-біркелкі, үздіксіз,сатылы.3.даму қарқынына байл-жылжымалы инф, онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 %-дан аспайды; қарқынды инф-онда бағаның өсуі орта есеппен 10%-дан 50%-ға жетеді.Ұшқыр инф-онда бағаның өсуі жылына 100%-дан асады. Инф-ң тауар бағаларының өсуінен көрінуіне байл ашық және басыңқы деп бөледі. Ашық инф бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. ашық инф рынок механизмін едәуір бұрмалағанымен оны толық бүлдіре алмайды. Ал басыңқы инф бағалар реттелетін экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнім сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда көрінеді. басыңқы инф ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын төмен ұстап отыруды мемлекеттің қолдауы нәтижесінде пайда болды. Инф-ға осы елдегі саяси жағдай да әсеретеді. Ақшаның саси жағдайдағы өз бағамын төмендетуін саяси атмосфераның қалыптасқан валюта рыногындада анықталады. Инф-ға әсер ететін бірінші топтағы ақшалай фактолары: ақша айналысының бұзылуы, халық шаруашылығындағы несие ақша-ң көртігі, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалай емес факторлар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі; шаруашылық механизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемл-ң экон-қ саясаты және т.б. бұл екі топта бір-бірімен тығыз байл, тауарлар мен қызметтің бағасын өсіріп инф-ға әкелед
25.Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Капиталдың пайда болуының объективті алғы шарттары тауар өндірісінің белгілі бір дәрежеге жетуі және тауар-ақша қатынастарыың дамуы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, капитал көпес және өсімкор капиталы түрінде өзінің өмір жолын ақша түрінде бастады. Әрбір жаңа капитал тауар нарығында еңбек нарығында немесе ақша нарығында болсын, тағы да ақша түрінде көрініп, тек белгілі бір процестер арқылы капиталға айналады. Капиталға түрлі ғылыми көзқарастар әртүрлі анықтамалар береді. Олар негізінен үш бағыттан құралады: 1) заттай иемесе натуралистік конценңиясы; 2) ақшалайі немесе монетаристік концепңиясы; 3) «ақша капиталы» теориясы. Натуралистік концепциясы тұрғысынан алғанда капитал деп өндіріс құрал-жабдықтарын немесе дайын өнімдерді айтады. Мысалы, А. Смит капиталды жинақталған еңбек, ал Д. Рикардо капитал деп өндіріс құрал-жабдықтарын айтады. Альфред Маршаллдың теориясыида капитал деп өндірістің алғы шарттарын құрайтын заттарды, Джон Кларк капитал деп босалқы өндіргіш игіліктерді, еңбек өзара бірігіп өндірістің бастапқы негізін құрайтынын, Пол Самуэльсон капитал деп ірі фабрикалардың өндірістік жабдықтарын, қоймалардағы дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттарды қарастырады. Мұндай көзқарастар қазіргі Батыс экономистерінде де кездеседі. Мысалы, Колумбия университетінде (АҚШ) профессоры Дьюи «Капиталға өндірісте пайдалы рөл атқаратындардын барлығы жатады» деп, яғни оған: өндіріс құрал-жабдықтарын, пайдалы қазбаларды, тұтыну заттарын, жұмыс күшін т.б. жатқызады. Монетаристік теория тұрғысынан алғанда капитал дегеніміз процент әкелетін ақшалар. Қазіргі кездегі монетаризмді жақтаушылар капитал деп ақшаны және оны алмастырушы несие ақшаларды айтады. Несие мен ақшаның қызметіне баса көңіл аударуға себеп Джон Кейнс теориясы болды. Дегенмен, кейбіреулері капиталды табысты алуға байланасты капиталды түсіндіреді. «Адам капиталы» теориясы XXғ. 60 жылдарында адам факторының ҒТР жағда йында күшеюімен байланысты қалыптасты. Оны жасаған неоклассикалық теорияның өкілдері: I.Беккер, Дж.Минцер, Т.Шульц және т.б. болды. Олардың пікірінше, өндірісте өзара әрекетесетін екі фактор бар: «табиғи капитал» - оған өндіріс құрал-жабдықтары жағады, және «адам капиталы» - оған қолдаланған білім, іскерлік, өндіретін нақты табыстар ...
26.Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:
d=A> - A
Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.