Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның пайда болуы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
616.96 Кб
Скачать

18.Жалақының мәні және оның формалары.

Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныс және ұсыныспен анықталады. 2. Жалақы жұмыс күші- тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар- сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.

Жалақының негізгі екі типі бар: номиналды және нақты. Номиналды жалақы ақшаға шағып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына тәуелді.

19.Жер рентасының формалары.Жерді иемдену (иелік ету)- жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі бір жер учаскесіне құқығын мойындау. Көпшілігінде жерге иелік ету жерге жеке меншіктің үстемділігімен түсіндіріледі. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайдалану қалыптасқан дәстүрге немесе заңдық тәртіпке сай жерді пайдалану. Жерді пайдаланушы жер иесі болуы міндетті емес. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемдену мен жерді пайдалану, көп жағдайда, бір-біріне сәйкес емес.

Жер рентасының орын алуының шартты жағдайы өндірістің маңызды факторы жерге деген ұсыныстың шектеулі болуы. Еңбек пен капиталға деген ұсыныстың қалыптасуында осындай шектеулілік орын алмайды, өйткені оның екеуі де еркін, ұдайы өндіріледі.Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті жер рентасы.Рыноктық экономика жағдайында жер тауарлы сипат алады, ол сатып алынады және сатылады. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:

Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %

Жер бағасын осылайша анықтау бұл теориялық тұрғыдан. Практикада жер бағасы, жер учаскесінің сұранысы мен ұсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Мысалы, жер бағасының өсуін ауыл шаруашылығы мақсатын көздемейтін жерлерге деген сұраныстың барған сайын өсуімен де түсіндіріледі. Жерге сұраныстың күрт өсуі (жалпы қозғалмайтын мүліктерге) инфляциямен, әсіресе гиперинфляциямен байланысты, бұл тиісінше жер бағасының өсуіне әкеледі.

20.Жұмыссыздық және оның түрлері.

Жұмыссыздық- еңбек рыногының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.

Еңбекке қабілетті адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.

Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: Фрикциондық жүмыссыздық, еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорынның басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады.

Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.

Маусымдық жұмыссыздық. Өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады

Циклдық жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жүмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.