Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның пайда болуы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
616.96 Кб
Скачать

16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы

Толық жұмысбастылық деген мағынаның  экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да  жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Жұмыспен толық қамту  жағдайындағы  қарқынды  инфляцияға  әкеліп  соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын  жұмыссыздықтың табиғи  деңгейі деп аталады. Егерде  жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің  азаюына әкеледі.

Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер

санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп атайды.

              Жұмыссыздық деңгейі экономикалық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі, бірақ оны тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі , ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана есептейді. Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” – деген ұғымды пайдаланады. Оның мөлшері өзгермелі, оның деңгейі әр елде әр түрлі

2 пайыздан  7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден асырмау бағытында іс-шаралар жүргізуге міндетті.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау  үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

      Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты  деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық  мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

      Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар  саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан  оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.

Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бөсеке, олигополия, таза монополия.

Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, өдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.

Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист - фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны шектелген түрде бақылай алады - бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.

Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок (грек. oligos -аздаған, polio - сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі - баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.

Олигополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония табылады. Ол рынокта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырды, яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.

Таза монополия рынокта ешкандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілетін сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады (жалғыз сатып аламын). Осылардың арасынан мен монополиялық бәсекеге тоқталып өткім келді.