
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
Биржа — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді. Тауар Биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Қор Биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі.
Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады. Валюта Биржа — валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Еңбек Биржасы — жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкерлер мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекет мекеме.
Еңбек Биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т.б.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарықтық инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б. жатады.
13.Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері.Нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу механизмінің негізін бәсеке құрайды.Бәсеке - іс-әрекеттердің қандай болмасын саласында ұнамды нәтижелерге жету үшін жүретін экономикалық сайыс,тауар өндірушілердің ұтымды шаруашылық жүргізу-ң шарттары үшін,нарықтың ж-е пайданың үлесі үшін,нақты тапсырма алу үшін сайыс.Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәс-ң нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін,мемл пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бақылап отыруына мүмкіндік береді.Тұтынушы үшін олардың арасында күрестің болғаны тиімді.Өйткені, бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту,тауарлардың сапасын арттыру жолдары қарастырылады,нәтиж-де баға төмендейді.Сонымен қатар,бәсеке нәтиже-де эк-қ мүдделер қайшылығы тереңдей түседі,адамдардың э-қ жағдайларының алшақтауы күшейеді, қоршаған ортаға келтірілетін теріс әсер өседі, еңбек ету, табыс табу, демалу құқықтарының қамтамасыз етілуіне кепілдік төмендейді, монополиялық билік артады.Рыноктық жағдайға б-ы бәсеке әртүрлі нысанда көрініс табады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни рыноктық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде рынок субъектілері аралас нысандағы рыноктық типте әрекет етеді. Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де, монополия да таза күйінде қолданылмайды. Жетілген бәсеке - өзара ұқсас , көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Оның белгілері: рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз, рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ, өндіріс факторларының қозғалысы жоғары, рыноктағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ, ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.Егер жетілген бәсекенің , кем дегенде, бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген бәсеке орын алады.
Бәсекелік күрестің әдістері. Қазіргі рыноктық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу рыногынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші рыногын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да рынокта үстемдік ету жолдары бар. Жосықсыз бәсеке:
Бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпарат тарату
2.Таурлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.
3. Бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану.
4.Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.
5. Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану.
6. Құпия ғылыми-техникалық, өндірістік т.б.ақпараттарды жария ету.Барлық елдерде бәсекелестік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни, өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады.
Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері – тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып сату және лизинг. Лизинг - өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру.
14.Еңбек-құн теориясы.Құн– тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты;бір зат-ң ақшалай құндылығы н-е оған жұмсалған шығы-ң мөлшері.Құн-ң ақшалай көрінісі ж-е құн санаты-ң анықтамасы — экон-қ теория мен тәжірибе-ң негізгі мәселелері-ң бірі.Э-ка ғылымында бұл мәселеге екі түрлі көзқарас қалыптасқан.Клас-қ ж-е маркстік теорияда құн жеке адамға қатысы жоқ санат ретінде қаралып,ұсталған не жұмсалған шығын 1 орынға қойылды. Еңбек құн теориясы тұрғысынан ол тауар түріндегі затқа айналған сапа жағынан бір текті абстрактілі қоғамдық еңбек болып т-ды.Құн тек айырбас үдерісінде ғана жұртшылыққа танылған жеке еңбек өнімдеріне,яғни қоғамдық тұтыну құны бар тауарларға тән.Тауар құны-ң мөлшері рынокта еркін белгіленеді ж-е қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен айқындалады.Құн ақшаға айналдырылып бағаланатындықтан,нарықтық э-када жетекші рөл атқарады.Құн заңы — нарықтық шаруаш-ң реттеушісі,ол тауар өндірісінің,нақты және заттанған еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды. Жаңа клас-қ мектеп құнды пайдалы нәтиже деңгейімен айқындалатын және белгілі бір уақытта мұқтаждыққа айналып отырған пайдалы, қажет нәрсенің сирек кездесетіндігіне тәуелді субъективті санат деп есептейді. Құнды тек жұмсалған шығынға ғана жатқызуға болмайды деп есептейтін э-лық теорияның бұл бағытын экономистердің көбісі қолдайды. Құн мәселесін шешуге принципті жаңа көзқарасты — шекті пайдалылықты талдау көзқарасын таратушылар: ағылшын У.Джевонс пен А.Маршалл, австриялық К.Менгер, Ф. фон Визер, Э. фон Бм-Баверк швейцариялық Л.Вальрас, америкалық Дж.Б. Кларк, швед К.Виксель. Мұндай көзқарас құндылық белгілі бір затқа тән нәрсе емес, ол тек заттың пайдалылығы туралы және оның біздің мұқтажымызға қаншалықты сай келетіні туралы түсінігімізді көрсетеді деген пайымдауға негізделді. Құн теориясындағы басты жаңалық — игіліктің жиынтық пайдалылығы мен шекті пайдалылығының ара жігін ажырату. Құн теориясындағы бұл төңкеріс маржиналдық) деп аталады. Шекті пайдалылық теориясы “жаңа классикалық экон-қ талдау” н-се саяси экономиядағы 2ші классикалық жағдай деп аталды (1шісі — А.Смит пен Д.Рикардо заманында жасалған). Шекті пайдалылық теориясын таратушылар жеке-дара экон-қ талдауға салыстырмалылық қағидасын қолданды, бірақ оны жалпы шаруаш-қ жүйені талдауға қолданбады. Жалпы жүйеде еңбектің көмегімен нені өндіру керектігін айқындау үшін оның меншікті құны белгілі болуға тиіс. Бірақ еңбектің құндылығын білу үшін еңбек өнімінің құндылығын білу қажет. Бұл түйткілдің шешімі — шекті пайдалылық теориясы мен классик. Құн теориясын жинақтау, яғни екі құндылықты өзара бірлікте және бір мезгілде айқындау әдісін қолдану. Жаңа жүйені жақтаушылардың көзқарасы б-ша, құн шамасы рыноктағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігімен байланысты, ал тепе-теңдіктің өзі тепе-тең тәуелсіз күштер ретіндегі пайдалылық пен шығынның әрекеттестігі кезінде қалыптасады. Жалпы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айырбас құны не нәрсе деген мәселе төңірегінде болған екі ғасырлық пікірталас қазіргі заманғы жалпы бәсекелік тепе-теңдік теориясы шеңберінде құнының функциялық теориясын жасаумен аяқталды
15.ЖҰӨ дефляторы
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгеі туралы экономикада әр түрлі ақпарат берді.
Осы екі көрсеткіш арасындағы үш негізгі айырмашылықтары бар:
ЖҰӨ дефляторы барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ол тұтыну бағасының индексі тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді. Сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының ЖҰӨ ін алуға болады.
Жалпы ұлттық өнім дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауар ЖҰӨ дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ та сатылған «тойота» құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, моны Америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді.
Бағаның әр түлі болуында.Тұтыну баға индексі есептегенде, әр түрлі тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал ЖҰӨ дефляторы есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ тұтыну баға индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал ЖҰӨ дефляторы тауарлар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни ЖҰӨ құрамының өзгерісіне байланысты болды.