
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:
A - T ... O ... T1- A1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
A - Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:
... Т1 - А1 -
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.
8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
Ақша-несие саясаты-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкон-қ деңгейдегі обьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатынң басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету ж/е теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.ақырғы мақсат:1.экон-қ өсу 2. толық жұмысбастылық 3.бағаны тұрақтандыру4.төлем балансын тұрақтандыру. Аралық мақсат: 1.ақша жиыны 2. пайыз мөлшерлемесі 3.айырбас курсы. Қазақстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күні негізгі мақсаты: нақты сектордың қаржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржы жүйесін құру.
9.Ақша массасы және ақша агрегаты. Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.
Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
10.А.Маршаллдың «Экономикс принципіндегі» баға концепциясы.Бағаның құрылуындағы мәселелерді зерттеуде микроэкономиканың негізін қалаушы А.Маршалл айрықша улес косқан. Оның концепциясы б/ша баға құрылудағы негізгі факторлар болып сұраныс, ұсыныс ж/е оларға әсер ететін өндірістік шығындар, ресурстардың сиректігі , тауардың пайдалылығы, фирманың өндірістік мүмкіндіктері, уақыт интервалы ж/е т.б. аталады. А.Маршалл құнның бар екенін жоққа шығарады ж/е айырбас құны, яғни баға бар деп санады. Қысқа уақыт аралығында оған пайдалылықтың, ал ұзақ уақыт аралығында өндіріс шығын-ң әсерін маңызы зор деп атады. Бағаның төменгі шегі өндірістің шекті шығындары болып табылады. Баға шығындарының орнын толтыру үшін жеткілікті болу керек. А.Маршалл рыноктық бағаның қалыптасуын 3уакыт аралыгында қарастырды ж/е мезеттік, қысқа мерзімдік тепе-тендіктерге ажыратты. Мезеттік тепе тендік жагдайында тауар ұсынысы тұрақты, сондықтан баға сұранысқа толық тәуелді болады. Сұраныс жоғары болған баға да жоғары ж/е керісінше. Қысқа мерзімді тепе тендік жағдайында сұраныс жогары-томен, онга –солга өзгеруі мүмкін ж/е фирма бұған тауар аудармаса баға шығындардан томен тусіп кетеді де, фирма зиян шегеді. Ұзақ мерзімді кезенде ұсыныс сұранысқы бейімделеді де тұрақты баға орнайды.