Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның пайда болуы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
616.96 Кб
Скачать

82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.

Эк ой-пікірлер негізін Ежелгі дүниеден бастау алады. Ежелгі Египет, Қытай, Үндістан, Грекия ойшылдары мен философтарының еңбектерінде эк жекелеген құбылыстары мен  процестері қарастырылған. Эк теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде  құл иемдену құрылыста п.б. Эк теория ғылым болып 16-17ғғ ғана қалыптасты. Алғаш бұл теория саяси экономия деген атқа ие болды – қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым. 17ғ басында саяси экономия дербес ғылымға айналды. Алғаш рет өз алдына қалыптасқан эк ой-пікір –  меркантелизм д.а. Осы мектептің  белгілі өкілі Томас Ман ж/е  т.б. Эк ғылымның дамуындағы келесі кезең - физиократтар ілімі. Бұл бағыттың негізін қалаушы Франсуа Кене, олар қоғамдық байлықтың көзі өндірісте  екенін дәлелдейді. Ал өндірісте, олардың  тұжырымы бойынша, бір ғана сала болады: ауыл шаруашылығы. Өндірісті зерттеуге  бет бұру ғылыми саяси экономияның  жарыққа келуіне жол ашты. Бұның  өкілдері: У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо  ұлттық байлық материалдық өндірістің барлық саласында жасалынатынын  дәлелдеді. Олардың басты табысы – еңбек-құн теориясының негізі қаланды. Бұл теорины Маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді талдады. 19ғ соңы – 20ғ басында бірнеше эк мектептер қалыптасты. Маржинализм мектебінің ортаға салған мәселесі шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті-психологиялық тұрғыдан эк талдау. Өкілдері: К.Менгер, Э.Бем-Баверк, В.Визер. Келесі жаңа бағыт – неоклассикалық бағыт, негізін қалаушы – А.Маршал. Эк ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зерттеуге негізделген мектеп п.б., негізін салушылар – М.Вальрас, В.Парето, У.Джевонс. Өздерінің бүкіл шығармашылық өмірінде экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікірді ұстанған А.Хайек, Л.Мизес сияқты ғалымдар. 20ғ басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы рыноктық механизм арқылы эк-ны дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы кезеңнен бастап эк-ны қалпына келтіру мақсатында көптеген бағыттар өз зерттеулерін ұсынды. Солардың бірі кейнстік бағыт. Оның негізін қалаған – Д.М.Кейнс. Ол эк-ны дағдарысты жағдайдан шығару үшін макроэкономикалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын пайдаланып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.

83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.

Экономикалық динамиканы ж/е статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеудіұдайы өндірістік бағытта жүргізу ж/е байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынана зерттеу.Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс ж/е бос уақыт, жалпы қоғамдық өмір, ұлттық табыс ж/е басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қоладнылады.Методология – экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс. Зерттеудің нәтижесінде экономикалық үлгілер, схемалар, графиктер п.б. Эк. теорияны танып білудің әр түрлі әдістерін қолданады: позитивтік, нормативтік, факторларды жүйеге келтіру, ғылыми абстракция, эксперимент, т.б. Позитивтік әдіс эк ғылымының белгілі бір философиясын құруды, білімді тұжырымдауды, фактілерді суреттеп баяндау ж/е жүйеге келтіру негізінде эк ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибені қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Нормативтік әдіс адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Басты принципі – шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектілердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болады. Ғылыми абстракция – құбылыстардың қсиеттерінің басты, ең мәнді қасиетерін табу мақсатпен,ой-сана жүзінде онша мәнді емес жағдайлармен есептеспеу болып табылады. Талдау мен синтез әдісінің п.б абстракциялық ойлаумен байланысты. Эк құбылыстарды талдау эк құбылысты, оның жеке элементтеріне бөліп ж/е әр элементті тұтас құбылыстың қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады. Эк теорияда қолданылатын әдістердің ішінде экперимент пен эк реформа елеулі рөл атқарады. Олар жан-жақты дайындықты ж/е терең болжауды, дәлелдеуді, сынақ өткізуді қажет етеді. Тарихи ж/е логикалық тану принципінің бірлігі кең пайдаланылады. Әрбір эк жүйенің логикалық байланысы бар: 1) бір-бірімен өзара әсер ететін динамикалық қатынаста болады; 2) жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады.

84.Еңбек бағасының теориясы.. Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.

Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Еңбек ақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:

Еңбек ақы еңбек бағасы,оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныспен және ұсыныспен анықталады.

Еңбек ақы жұмыс күші-тауардың бағасы,еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды,еңбек ақы өндіріс жағдайымен де,рыноктық факторлар сұраныс,ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы еңбек ақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары,бірде төмен болатындығын көрсетеді.

Еңбек ақы екіге бөлінеді:

негізгі;

қосымша;

Негізгі - бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбек ақы. Негізгі еңбек ақының құрамына мыналар кіреді:

жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген еңбек ақы;

қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;

жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі);

кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;

ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;

мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;

түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;

жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;

Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша еңбек ақының құрамына кіретіндер:

балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;

жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем;

мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;

негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;

пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

шыққанда берілетін жәрдем ақы;

Қызметкерлер еңбек ақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінідегі жәрдемақыны алады.

Негізгі және қосымша еңбек ақылар еңбек ақы қорын құрайды. Еңбек ақы қорының құрамына еңбек ақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немес натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

Кәсіпорынның жосарымен (болжамымен) белгіленген, еңбек ақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті еңбек ақының сомасы кәсіпорындағы еңбек ақының есептік қоры деп аталады.

85.Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер. Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор.марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді.

Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі