
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған) - өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Басты міндеті - шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі - ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.
Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру, материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлтттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші (типке) тұрпатқа өзгереді.
Экономикалық жүйенің келесідей қасиеттері бар: біртұтастылық , тәртіптілік, тұрақтылық , орнықтылық , өзгергіштік, қозғалғыштық , қарама-қайшылық .
Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі:
1) Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты:
- дәстүрлі экономикалық жүйе.
-орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).
- рыноктық экономикалық жүйе.
- аралас экономикалық жүйе.
2) Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе :
-дәстүрлі- қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және т.б. ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалып отырады.
-либералды - қоғамның дамуының тиімділігіне жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі индустриалды қоғам).
- аралас - бірінші және екінші типтің элементтерінен құралады.
3) Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:
- жабық экономикалық жүйе -шаруашылық іс -әрекетін белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырады (натуралды шаруашылық).
-ашық экономикалық жүйе - басқа елдердің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстарын үнемі ұлғайтып отырады (рыноктық шаруашылық).
Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей типтері болады:
1.Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).
2. Рыноктық экономикалық жүйе.
3. Аралас экономикалық жүйе.
79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін саларды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттің тікелей қатысу нұсқалары болуы мүмкін.
Игілік[1] – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.
Игілік табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғи игілік – табиғи процестердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, пайдалы қазбалар. Қоғамдық игілік – адам қызметінің нәтижелері. Алайда екі жағдайдың екеуінде де игілік нәрсенің әлеуметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалы маңызы болып табылады. Материалдық және рухани игілік қандай қажеттерді қанағаттандыратынына байланысты ажыратылады. Материалдық игілікке азық-түлік, киім-кешек, баспана, т.б. және өндіріс құрал-жабдықтары, ал рухани игілікке – білім, рухани мәдениеттің жетістіктері, эстет. байлықтар, адамдардың мінез-құлқынанкөрінетін адамгершілік қасиеттер, т.б. жатады
Тауар
1) қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі 2) қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны. Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. . Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері «тауар» ұғымын басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәңге ие.
Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады.
Қызмет көрсету — заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі. Дәрігер, мұғалім, актер, шаштараз, т.б. көрсететін қызмет осындай еңбек өніміне жатады. Олардың еңбегімен сатып алу және сату нысаны, тұтыну заты бола алатын бейзаттық нысандағы белгілі бір өнім өндіріледі. Алайда Қызмет көрсету ұрлана алмайды, бірақ оны өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт жағынан үйлес келеді. Қызмет көрсету бейматериалдық (жаттықтырушылардың, заңгерлердің, актерлердің, банк қызметкерлерінің, т.б.) және материалдық Қызмет көрсету (тұрмыстық техниканы жөндеу, жеке тапсырыспен киім тігу, т.б.) түрлеріне бөлінеді.
Тұтыну[1] – өндірістік, қоғамдық тұтынудың қорытынды сатысы: өнімді, игіліктерді, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қоғамдық қажеттердің қанағаттандырылуы үшін пайдалану.
80.Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары. Экон-қ цикл дег-бұл экон-да қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Дамуының себептері: автономды инвестициялардың азаюы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мунтипликатор әсерінің әлсіреуі және тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Экон-қ цикл теориясы, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экон-қ динамика теорияларына жатады. К.Маркс экон-қ цикл мәселесіне көп көңіл бөлген. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт фазасын бөліп қарастырады:. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Құлдырау тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы арқылы көрінеді. бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді; банктік берешектерді өсіреді, банктік құлдырауға және экон-ң басқа сфераларындағы кәсіпорын-ң банкрот болуына әкеледі. Құлдырау тоқыраумен алмасады. өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді. Артық тауарлар тарайды, бірақ сауданың жағдайы онша емес. Проценттік норма барынша төиендейді. Бірақ бірте-бірте өсу нүктелері пайда бола бастайды, жандану басталады. Нарықтың жаңа жағдайына бейімделген кәсіпорын тауардың өндірісін көбейтеді жаңа өндірістік құбылыс өседі, пайда, қарыз проценті , жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. өсу құлдыраудың алдындағы ең жоғары нүктеден артады, өндіріс кеңейеді, жұмыспен қамту, тауарлық сұраныс, бағалар, процент нормасы өседі. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті және сұраныстан арта бастайды, нарық тауарлар және қызметтермен асыра толтырылады. Қазіргі жағдайда экон-қ циклдың мән-мазмұны өзгерді. Ол, біріншіден, экон-қ белсенділіктің ауытқуының азаюы, яғни құлдырау фазасының қысқарып, өрлеу сатысының неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан кейін тоқырау фазасына тоқталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі; екіншіден, жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуының диапазонының қысқаруы; үшіншіден экон-қ циклға рыноктың монополиялық құрылымының, Ғылыми техникалық процестің, өндірістің ғаламдануының, экономиканы мемлекеттік реттеудің әсерінің күшейе түсуінен көрінеді.
81.Экономикалық өсудің типтері мен факторлары. Экон-қ өсу дег-бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экон-қ өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экон-ң дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың , нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Экон-қ өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экон-қ даму процесінің бір нысаны болып табылады. Экон-қ өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экон-қ өсуге жету мүмкін емес. Сонымен экон-қ өсу бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экон-қ элементтердің даму бағыты. Сонымен қатар экон-қ өсу-бұл номиналды және нақты ЖІӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экон-қ қуатының артуының негізі. Сондықтан экон-қ өсу мемл-ң экон-қ саясатының басты мәселесі болып табылады.экон-қ өсу өндіріс көлемімен сұраныс өсетін экон-ң жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Өсу факторлары-экон-қ өсудің түпкілікті элементтері. Экон-қ өсу факторлары былай бөлінеді: 1.тұрғындар. 2. капитал салу. 3.инновациялар. 4.сыртқы айырбас. Экон-қ өсуге әсер ететін факторлар тікелей(экон-қ өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды) және жанама(физ-қ қабілеттің асу мүмкіншілігіне әсер етеді) болып бөлінеді. Тікелей факторлардың құрамына бес негізгі фактор кіреді:1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру. 2.негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру. 3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру. 4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарылату. 5.қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру. Ал жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресустарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады. Экон-қ өсуді екі негізгі типке бөледі. 1.экстенсивті. 2. интенсивті. Экстенсивті және интенсивті экон-қ өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. өсу факторларын ғылыми техникалық процесс жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына н/е жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экон-қ өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті н/е интенсивті өсу қарқыны денп бөлінеді. Қазіргі уақытта экон-қ өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байл екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.