
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
70. Ұлттық есептеу жүйесі
Макроэк/қ көрсеткіштердің жиынтығы эк/ң жалпы дамуын көрсететін Ұлттық есеп жүйесін (ҰЕЖ) құрайды. ҰЕЖ – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындардың ж/е т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды ж/е т.б. эк/қ тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады.
Макроэк/қ көрсеткіштерді өлшеу тәсілдері: 1) қосымша құн әдісі; 2) шығындар б/ша; 3) табыс б/ша. 1) Қосымша құн әдісі - өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның ж/е т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі б/ша есептеу әдісі.
2) Шығындар б/ша: Y=C+I+G+NX
Мұндағы: С –үй шар/ң тұтыну шығыстары;
I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға ж/е техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;
G – мем/ң тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;
NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.3) Табыс б/ша: Y=W+P+R+I+T+A
Мұндағы: W-еңбекақа;
P – пайда
R – рента
I – пайыз
T- салықтар.A – амортизациялық аударымдар
71.Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері. Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады. Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.
Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:Qs=a+b*Р
Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:1) Өндіріс шығындары.2) Салық мөлшері.3) Технология.4) Субсидия.
72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.
Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім б.т. оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).
ЖҰӨ-ді елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны ретінде анықтайды.
Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент.
Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады.
ЖІӨ-ді фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқ. өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. М, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады.
Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.
Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады.
Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.
Таза экономикалық табыс – бұл көрсеткіш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді.
ЖҰӨ мен экон/қ тұмыс арасында тікелей байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экон/қ тұрмыс жоғары болады.
73.Шығындар түрлері және олардың жіктелуі. Шығындар – бұл кәсіпорынның өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай үш түрге бөлінеді:
- өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
- өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Бұл жаңа немесе ерекше өндірілетін өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
- өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждықтарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Шығындар практикалық маңызы жағынан тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығыдарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары т.б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болатын шығындар. Олар: еңбек ақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия т.б. Тұрақты шығындар өндірілмеген өнімге де төленуі тиіс, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін. Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрге бөлінеді: сыртқы және ішкі. Сыртқы шығындар бұл ресурстарды жеткізішілерге ақшалай түріндегі төлемдері, шикізаттар төлемдері, материалдар т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстары өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді, жерді, ғимараттарды, еңбектері үшін кәсіпорын ресми төлемейі.
74.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.
Экономикалық теорияның пәні – адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» атты еңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпен байланысты қызмет түрлері деп түсіндірген. П. Самуэльсон көптеген мысалдар келтіріп, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген. Ол экономикалық теорияның бірнеше анықтамаларын берді.Олар:
адамдар арасында ақшалай келісім-шарттар мен айырбасқа байланысты қызмет түрін зерттейтін ғылым;
әртүрлі тауарды өндіру үшін және оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін қажетті шектеулі ресурстарды пайдалану туралы ғылым;
адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым;
байлық туралы ғылым.