Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның пайда болуы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
616.96 Кб
Скачать

63.Рыноктық инфрақұрылым.

Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз- рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы.

Рыноктың инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі- көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік-есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.

Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: жәрмеңке, биржа, аукцион.

Жәрмеңке- белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок. Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер мен симпозиум, конгресс, семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Аукцион- рынокта сирек кездесетін өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату басты мақсат болып табылады.

Мәжбүрлі аукцион- қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион- тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады.

Биржа- сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы.

64.Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.      Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.     Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.     Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған.  Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі: Qd=a-b*РР- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде  сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.          Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.1) Тұтынушылардың саны.2) Табыс деңгейі.3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.

65.Тұк және ұлттық экономика.

Трансұлттық корпорациялар – шет елдерде активтері бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-өткізу қызметтері бар мемлекеттің шеңберінен шығады.

Трансұлттық корпорациялардың құқықтық режимі әр түрлі мемлекеттерде филиалдар мен еншілес компаниялардың  құрылуы арқылы іске асырылады. Бұл компанияларда дербес өндіріс қызметі, дайын өнімді өткізу, ғылыми зерттеулерді әзірлеу, тұтынушыларға қызмет көрсету және т.б. қызмет түрлері атқарылады. Трансұлттық корпорациялардың халықаралық рыноктарды жаулап алуының ең жаңа формаларының бірі - олардың шетелдерде арнайы инвестициялық компанияларды құруы. Бұл құрылымдардың міндеті - ТҰК-ның еншілес және серіктес компанияларына инвестициялар құю, олардың аумақтық рыноктарға өнімдерінің жылжуын ынталандыру болып табылады. Мұндай тәсілді негізінен алкогольсіз сусындарды сататын Африкадағы “Пепси-Кола” және “Кока-Кола” сияқты ірі халықаралық компаниялар қолданады. Әлемдiк экономикада шын мәнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық компаниялары болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк етiп отыр. Қазіргi кезде ТҰК әлемдiк өнеркәсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн бақылайды. ТҰК-ның ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу және бәсекенi әлемдiк ауқымда жүзеге асыру; әлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық және саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады.    Iрi мемлекеттер өздерiнiң ТҰК-ларын белсене қолдайды, ал олар өз кезегiнде халықаралық қызметтен салық қаражатының түсуiн, олардың экономикалық және саяси ықпалының таралуын қамтамасыз етедi.    Қазіргi кезде ТҰК әлемдiк экономиканың негiзiн түзедi.    ТҰК-лардың дамушы мемлекеттерге терiс ықпалының мынадай негiзгi сәттерiн атап көрсетуге болады:

·        ТҰК жергiлiктi компанияларға қуатты бәсекелестiк туғызады және олардың дамуына мүмкiндiк бермей, iшкi нарықтан ығыстырады;

·        трансұлттық капиталдың күрт орын ауыстыруы ұлттық валютаның тұрақтылығын бұзып, дамушы елдердiң ұлттық қауіпсіздiгiне қатер төндiруi мүмкiн.

ТҰК-ға төтеп беру үшiн Қазақстан тәрiздi халқының саны жағынан шағын елдердегi отандық компаниялардың ұлттық экономиканың ауқымымен шамалас ауқымы болуға тиiс. Бұл мемлекеттiң оларды басқарудан және олардың қызметiн реттеуден шет қала алмайтынын бiлдiредi.

Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1] Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды. Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды.

66.Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары. Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен б\ты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір бірінен экоеомикалық жағынан оқшаулануы нәт өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну .шін шығарылатын еңбек өнім Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғышарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдықеңбек бөлінісіб\ды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шарушылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс ж\е сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де рынок те болмас еді. Тауар өндірісінің екінші шарты тауар өндірушінің жеке меншігң болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына бегілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың, табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Өндіргіш күштердің дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал саймандарды жетілдіру, сол сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосышша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок қатынасыныфң дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек. Тауар шаруашылығының пайда болуы және себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады. Еңбекбөлінісі алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған. Оның қарапайым түрі еңбектің жыныстық және жас мөлшері бойынша бөлінуі болды.ал мал шаруашылығы мен жерді игерудің басталуы алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Өндіріс құралдарының жетілдірілуі жеке дара шаруашылыққа өту мүмкіндіктерін ашты, сөйтіп бірлескен еңбек түрі біртіндеп жойыла бастады. Бұл арадан жалпы ортақ меншіктен жеке меншікке өту жағдайын айқын көруге болады.жеке меншіктің пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісімен және айырбастың дамуымен тығыз байланысты. Ең бірінші жеке меншікте мал, өндіріс құралдары болса, кейіннен жерде жеке меншікке айналды. Өндіргіш күштердің дамуымен қоғамдық еңбіктің де түрлері күрделене түсті, ол өз кезегінде еңбек бөлінісінің күрделенуі және маманданудың өсуінен көрінеді. Белгілі бір еңбек түріне машықтанған мамандану әрбір өндірушіге өз дағдылары мен білімдерін белгілі бір тауар өндірісінде үлкен пайдалалықпен қолдануға мүмкіндік береді. Адамдар бір бірлері үшін еңбек етеді, яғни ол белгілі бір қауым ішіндегі қоғамдық еңбек сипатына ие болады, яғни олардың еңбегінің өнімдері рынокта сатылуы үшін өндірушілер арасында өзара айырбасқа түседі, сөйтіп еңбек өнімдері тауар сипатына ие болады да қоғамда рыноктық экономика негізгі тауар шаруашылығы орныға бастайды. Негізінен тауар шаруашылығы құл иеленушілік, феодалдық кезеңдерде де орын алған, бірақ капитализмге дейін оның жалпыға бірдей сипаты болмаған. Тауар тауар өндірісінің қорытынды категориясы, оның «экономикалық клеткасы». Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратынжаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жаідай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігінқанағаттандвру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген жіне айырбасқа арналған заттар.

67.Тауар бағасын құрудың альтернативті теориясы. Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны  деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.   Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу алу қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас негізінде не жатыр және бір басқа тауарға айырбасталуының сандық пропорциясын не анықтайды деген сұрақты алғаш Аристотель қойды. Кейіннен әр түрлі экономистер оған түрлі жауап берді. Еңбек –құн теориясының жақтаушылар пікірлерінше айырбасталынатын тауарлардың құнын анықтайтын еңбек шығындары түріндегі ортақ негіздері болады. Шекті пайдалылық теориясын қолдаушылар пікірінше , айырбас негізінде пайдалылық жатыр. Шығындарконцепциясының өкілдері құнды шығындарға теңестіреді.   Еңбек – құн теориясы XYIII және XIX ғ. Бойы қалыптасты. Оның негіздерін құнды тауар өндірісіне кеткен еңбек арқылы анықтаған саяси экономия классиктерінің еңбектерінен табамыз. К.Маркс пен Ф.Энгельс құн негізінде қоғамдық абстрактілі еңбек жатыр деп есептеген. Маркстің ойы бойынша, тауар өндіруші еңбегі екі жақтылы. Бір жағынан бұл белгілі бір түрдегі еңбек, ол белгілі бір еңбек құралдарын қолдану, жұмысшының белгілі бір кәсіби дағдылары ме нақты нәтижесі. Екінші жағынан еңбек-бұл нақты формасына қатыссыз, жалпы жұмыс күшінің шығыны. Маркс құнды қоғамдық қалыпты өндіріс жағдайлары, еңбегінің шеберлігі мен интенсивтілігінің орташа деңгейіндегі өнім өндірісіне кететін қоғамдық қажетті жұмыс уақыты деп атады.   К.Маркс өзінің ғылыми зерттеуін тауарды талдаудан бастайды, себебі ол тауар өндірісінің қарапайым түрі болып табылады. Ол экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуді осыдан бастауы кездейсоқ емес. Тауар тым ерте де пайда болды және ол кез-келген экономикалық жүйенің экономикалық клеткасы болып табылады. «Тауар» категориясына дейін тарихта «игілік» ұғымы болған, ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді. Экономикалық әдебиеттерде «игілік» категориясы әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі, Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл (1842-1924 ж.ж) «Саяси экономика принцептері» кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген, және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Игіліктің бұл анықтамасы толық емес, себебі ол затпен ұсақ-түйекпн ғана шектеледі. Игілік қоғамдық ұдайы өндіріспен байланыстырылатын болса сирек кездесетін болып есептелінеді. Адамнығ сұранымын қанағаттандыру үшін көп уақыт жұмсалса, шектелілік дәрежесі тым жоғары болады.     Игілік экономикалық және экономикалық емес болып екіге бөлінеді. Экоомикалық игіліктер, индивидумдардың әртүрлі игіліктерге сұранымдармен салыстырғанда, әрқашанда шектеулі болған. Алғашқы рет <<экономикалық игіліктер >> ұғымын ғылыми айналымға итальян экономисі А. Пезенти (1910-1973 ж.ж) ендірді. Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, климат) бар және оларды адамдар күш-қайратын жұмсамай-ақ, қолдануына болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атайды.   Экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар жатады. Күнделікті өмірде біз <<тауар>> сөзін қолданамыз, оның мағынасына аса мән бермейміз және бұл ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе-сөз алатын болсақ <<мүлік>>, <<жақсылық>> мағынасын білдіреді. Ал экономикалық теорияда <<тауар>>  сөзі ерекше мәнге ие болады. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналған, яғни айырбас үшін немесе сатып алу-сатуға бағытталған. Қоғамдық өндірістің қазіргі құрылымы мен нарықтық қатынастарды ескере отырып, материалдық өнім ғана тауар емес, сондай-ақ материалдық емес сипаттағы қызмет көрсетуде тауар бола алады.

68.Тауар және оның қасиеттері. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну .шін шығарылатын еңбек өнім. Ал ол тауардың айырбасталу немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан,май,сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қан. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны құқыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін.тағы бір ескертетін жайт адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз ьауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі.алайда ол тауар емес, өйткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ал осы ауаның белгілі бір бөлігін оттегі жастығына жиыстырса, ол тауар бола алады. Өйткені оны ауадан бөліп алуда белгілі бір мөлшерде адам еңбегң жұмсалады. Оны сатып алуға, сатуға болады, сөйтіп оны адам қажетіне пайдаланады. Енді қандайда болмасын еңбек өнімі тауар бола алама деген сұрақтың қойылуы мүмкін. Мысалы, шаруалардың,қала тұрғындарының өз шаруашылығында, қосалқы шаруашылығында өсірген жеміс жидегі өз отбасының, яғни жеке талғамын өтеуге пайдаланды делік. Осы өнімдер әлі де болса ауар емес. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағанттандыратындай айырбасқа түсу шарт. Сонымен, тауардың екі жақсы қасиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат; заттың пайдалылығы оны тұтыну құны етеді. Тқтыну құны тауардың пайдалылығы, адамның беггілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді.тқтыні құнының ерекшеліктері: ол негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты; тұтыну құны сол заттың шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз; тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірісті қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Жоғарыда атап өтілгендей тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті айырбас құны немесе басқаша құн болуы керек. айырбас құны ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрәнедә. Мұнда біртектес тұтыну құндары екішші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты.тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракті еңбек түрінде көрінеді.алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап кстыққа айырбасталды, яғни бір заттың құны екінші бір тауар арқылы анықталады. Айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар ақшаның бөлініп шығуына жеткізді. Құнның ақшалай нысанының пайда болуымен б\ты бүкіл тауарлы әлем екіге б\ді: тауарлар ж\е ақшалар.

69.Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуы.       Баға  механизмі және бәсеке арқылы сұраныс  пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс  пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

      Теңдік  баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда  болған баға.

      Егерде  нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

Тепе-теңдік баға Сұраныс мөлшерi және ұсыныс мөлшерi тепе-тең кездегi бәсекелестiк рыноктағы баға; тауар мен көрсететiн қызметiнiң артығы да жоқ, дефицитi де жоқ кездегi баға; өсу немесе кему қарқыны көрiнбейтiн кездегi баға. 

Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы бағаны өзгерту арқылы, немесе, өткізуге ұсынылған тауарлардың санын өзгерту арқылы жойылады. Жалпы тепе-теңдіктің бұзылуы экономикада сәйкессіздіктің тууына, қоғамдық кажеттіліктер мен өндірістің қозғалысында теңсіздіктердің пайда болуына, ақыр соңында әр түрлі қолайсыз әлеуметтік - экономикалық зардап - салдарға әкеліп соқтырады.