Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның пайда болуы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
616.96 Кб
Скачать

61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.

Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.

Қазіргі кезде өркениетті рыноктық қатынастарды қамтамасыз ететін жағдайларды таңдау аса маңызды. Мұндай жағдайларды екіге бөлуге болады:

1.Рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізудің қалыптасқан жағдайларын дамыту. Оның ішінде:

-әртүрлі меншік нысандарының қызмет етуін жетілдіру (жеке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік, т.б.).

-мемлекеттік реттегіштерді сақтай отырып өндірісті демократияландыру. Рыноктың кемшіліктерін мемлекет қызметтерін жүзеге асыру арқылы толтыруға болады. Ол үшін мемлекеттік басқару жүйесінің өзі демократиялық қағидаларға сай құрылуы тиіс.

-рыноктық инфрақұрылымды дамыту. Ол негізгі үш рыноктың қызмет ету дәрежесіне байланысты: 1) Тауарлар мен қызметтердің рыногы. 2) Өндіріс факторларының рыногы. 3) Қаржы рыногы.

2. Құқықтық заң актілерін қабылдау шаруашылық жүргізуді рыноктың жаңа әдістеріне сай жетілдіру. Яғни: 1) Әртүрлі меншік нысандарын иелену, пайдалану және шаруашылық жүргізуді рационалды етудің нақты шараларын енгізу. Меншік құқықтарын сақтау және заңдастыру. 2) Экономикадағы басымды салаларды жаңарту, қолдау көрсету, қайта өңдейтін салалардың дамуын ынталандыратын кешенді механизмдерді іске қосу. 3) Отандық кәсіпорындардың шетел инвестицияларын тарту мүмкіншіліктерін ұлғайту. Аралас кәсіпорындардың құрылуына мемлекеттік қолдау жасау.

Рыноктың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады.

Тауарлар мен қызметтер рыногы. Бұл топқа жатады:

-тұтыну тауарларының рыногы (азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары).

-қызметтер рыногы (тұмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет).

-тұрғын үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыногы.

Өндіріс факторларының рыногы. Оның құрамы:

- жылжымайтын мүліктер рыногы.

- еңбек құралдарының рыногы.

- шикізаттар мен материалдар рыногы.

- энергетикалық ресурстар рыногы.

- пайдалы қазбалар рыногы.

Қаржы рыногы. Оған жатады:

- капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок.

- несие рыногы.

- бағалы қағаздар рыногы.

- валюта-ақша рыногы.

Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары).

Еңбек рыногы.

Аймақтық рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық).

62.Рыноктық жүйе және оның элементтері. Нарықтық негізгі элементтері: 1. Өндіруші мен тұтынушы. 2. Сұраныс. 3. Ұсыныс. 4. Баға. 5. Бәсеке.

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалынады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдалынады. Бұл жағдайда өндрушілер мен тұтынушылардың бір- бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші—географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны- екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші эементі- бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.