
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
Рынок- өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.
Рыноктың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.
Ұйымдасқан және монопольдық белгілер рыноктағы аз ғана тауар өндірушілердің бірігіп, белгілі бір талаптарға, стандарттарға сәйкес қызмет ету жағдайларын сипаттайды.
“Рынок белгілі бір өнімдер сатылып-сатып алынатын нақты алаң емес, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мәмлелер еркін жасалынатын, бағалар жеңіл әрі жылдам теңесетін кеңістік”, - А. Маршалл (Принципы политэкономии . М:1984).
Рыноктың атқаратын қызметтері:
Өзін-өзі реттеу қызметі. Өндіріс пен тұтыну құрылымдарын үйлестіру, сұраныс пен ұсынысты көлемі мен бағалары бойынша тепе-теңдігін қамтамасыз ету.
Ынталандырушы қызметі. Аз шығын жұмсай отырып, көп пайда алуға мүмкіншілік беретін тиімді өндірісті экономикалық ынталандыру. ҒТП негізінде өндіріс пен жалпы экономиканың интенсивті өсуін қамтамасыз ету.
Ақпараттық қызметі. Экономикалық өмірді демократияландыру үшін экономикалық тиімсіз элементтер рыноктық тетіктер арқылы жойылып, өзін-өзі басқару қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтиды. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.
59.Рыноктың артықшылықтары мен кемшіліктері. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі. Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.
60.Ренталық қатынас теориясы. Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады
Жер рентасы 2 негізгі формада болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі де екіге бөлінеді.
- Дифферециалды рента 1 жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.
- Дифферециалды рента 2 капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.
Абсолюттік рента жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз алынатын рента.
Жерді иемдену (иелік ету) - жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі бір жер теліміне (учаскесіне) құқығын мойын-дау. Негізінде жерге иелік ету жерге жеке меншіктің үстемдігімен түсіндіріледі. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайда-лану қалыптасқан дәстүрге немесе заңдық тэртіпке сай жерді пай-далану. Жерді пайдаланушының жер иесі болуы міндетті емес. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемдену мен жерді пайдалану, көп жағдайда, бір-біріне сэйкес емес.Жаңа классикалық мектеп өкілдері ресурстың (жердің) сатылатындығы өте тиімді, қолайлы деген көзқарасты қолдайды. Өндірістің эртүрлі факторының баға дэрежелерін салыстыру (мысалы, жалақы қойылымын аренда төлемінің қойылымымен) өндірушіге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде еңбек пен капиталдың үйлесімділігі, шығындар мен тиімділік туралы маңызды мәліметтер береді.
Рыноктық экономика жағдайында жер тауарлы сипат а лады,ол сатып алынады жэне сатылады. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %
Жер бағасы теориялық түргыдан осылайша анықталады. Тэжірибеде жер бағасы жеручаскесінің сұранысы мен үсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Мысалы, жер бағасының өсуін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланбай-тын жерлерге деген сүраныстың өсе түсуімен де түсіндіріледі. Жерге сүраныстың күрт өсуі (жалпы қозғалмайтын мүліктерге) инфляциямен, эсіресе гиперинфляциямен байланысты, бүл тиісінше жер бағасының өсуін жеделдетеді.Жер рентасына байланысты ренталық қатынастар туындайды, ол: біріншіден, қоғам мен жер иелерінің, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер арасындағы жерді пайдала¬ну жөніндегі қатынастар; екіншіден, жер иелері мен жерді жалға алушылар арасындағы өндіріс жэне жер рентасын бөлу жөніндегі қатынастар; үшіншіден, жер иелері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер арасындағы жер өнімдерінің бөтенсуі жөніндегі қатынастар.
Қазіргі таңда ренталық қатынастарды жүзеге асыру аясындағы өте өзекті болып отырған мэселелер:
- жер рентасының нақты сандық анықталуы;
- жер рентасын қоғамдық мүқтаждықтар үшін пайдаланудың жэне алудың қағидаларын негіздеу;
- жер рентасын жер салығы жэне жерге жалдамалық төлем арқылы алудың нақты механизмін жасау;
- жер учаскелеріне бағаны анықтаудың эдістемесін негіздеу.