Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның пайда болуы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
616.96 Кб
Скачать

56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.

Кәсіпкерлік табысты, бір жақтан, кәсіпорынның табысын бөлудің қорытынды нәтижесі деп, екіншіден, кәсіпкерлік қабілеттердің нәтижесі болғаны үшін сыйлық төлем деп қарауға болады.

Алғашында кәсіпкерлік табыс деп, алынған қарыз капиталының процентін төлегеннен соң қызмет ететін капиталистіңқарамағында қалатын пайданың бөлшегі түсінілген болатын. Несие жүйесінің дамуына байланысты, пайданың процентке және кәсіпкерлік табысқа бөлінуі, оның (пайданың) меншікті капиталдың, немесе, қарыз капиталының әрекеттері нәтижесінен түскеніне қарамастан жалпылама сипаттама алған. Кәсіпкерлік табыс қарыз процентімен салыстырғанда алдынала көрсетілген шама емес, ол нақты кәсіпкердің іс-әрекетіне тәуелді болады.

Сан жағынан кәсіпкерлік табыс жалпы пайдадан қарыз процентін, сапықтарды және бюджетке жасалатын басқада төлемдерді алып тастағаннан соң қалған калдығы болып табылады. Қызмет етуші кәсіпкерлердің табыстарының көлемі, алу әдісі және пайдалану бағыттары жағынан әр түрлі болады. Демек, меншіктің әр түрлі формасындағы кәсіпорындарда капитал-функция мен капитал-меншіктің бір-бірінен ажыратылғанына байланысты, кәсіпкерлік табыстың қалыптасуы әр түрде жүреді. Капиталдың иесі өзінің өндірісінде өзі кәсіпкерлік қызмет атқарса, онда кәсіпкерлік табыс жоғарыда көрсетілген кесте бойынша қалыптасады. Егер капиталдың иесі және кәсіпкер бөлек адамдар болса, онда екі вариант болуы мүмкін. Капиталдың иесі өндірісті басқару және өнімдерді өткізу қызметін менеджерлерге жүктеп, оларға жалақы белгілейді. Осы жағдайда кәсіпкердің табысы капиталға меншік монополиясының төлемі түрін алады. Менеджер капитал-функция қызметін жүргізіп, кәсіпорынның іс-әрекеттерінің жүріп отыруына жауапкерлік қабылдай алады.

Капиталдың иесі капиталын басқа кәсіпкерге, оның өз жұмысын жүргізуіне, белгілі процентке (әдетте, банктік проценттен жоғары) беруі мүмкін. Әдетте, осындай жағдайда, кәсіпкерлік табыс оның өзінің жеке мүддесінің қанағаттандыруды көздегендігі болғандықтан жоғары болады. Осы жағдайда, кәсіпкерлік табыс өндіріс жүргізудегі белсенділік үшін төлем түрін алады:инновациялар енгізгені үшін, жаңа өнім өндіргені үшін, фирманы басқару туралы шешімдер қабылдағаны үшін, тәуекелдік қауіп-қатерге бас тіккен жауапкершілігі үшін және т.б.

Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады. Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, прогресті технологияны енгізеді. Пайда ресурстарды тартудың баламалы тәсілдері арасында олардың тиімді бөлінуіне септігін тигізетін тұтқаға айналады

57.Пайда теориясы және оның түрлеріРыноктық э-да пайда-ң алатын маңызы зор. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді.П рыноктық э-да қалай ж-е канша өндіру керектігін анықтайды. Сондықтан, әрбір өндірушіні қанша тауар өндіргенде ж-е оны қандай бағамен сатқанда жоғары п алуға болатындығы туралы мәселе қызықтырады.П теориясы классикалық мектептің п болу кезеңінен бастап барлық э-дің еңбектерінде жазылған.Меркан-тилистердің ең алғаш п туралы білдірген пікірі б-ша п айналыс сферасында, сыртқы саудада өнімдерді жоғары бағамен сату нәтижесінде қалыптасады. Физиократтар п-ы тек ауыл шар-да болады деп есептесе, А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық өндіріс саласында қалыптасатындығын дәлелдеді.К. Маркс п-ы қосымша құнның өзгерген түрі деп, ал қосымша құнның шығу көзі жалдамалы жұмысшының еңбегі деп есептеді. Ол қосымша қүнның п-ға айналу шарттарын және орташа п-ы зерттеді.Рыноктық э-да кез келген фирма жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарылатуға тырысады. Алайда әрбір қосымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін ескеру қажет.Егер фирма өнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан арта бастағанда п төмендейді. П-ы максималдаудың шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:MR=МС Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы максималдайтын фирмалардың іс-әрекетін салыстырайық. Бұл фирмалар іс-әрекеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі болуына байланысты.Жетілтен бәсеке жағдайында фирма рыноктык бағаға әсер ете алмайды. Өнімнің кез келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бірлігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс пен шекті шығынға тең болады. Фирма шекті табыс MR және шекті шығынға МС тең болған жағдайда, пайданы максималдайды.Шекті шығын төмендеп, сәйкесінше пайда жоғарылай бастаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай пайданы максималдаудың екінші шарты болып табылады, Жоғары п теріс шама болмауы тиіс, өйтпеген жағдайда (баға орташа шығыннан томен болса) фирма тауар өндірмейді.Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан AVC жогары, орташа шығыннан АС томен болса да өнім өндіре береді. Фирма өзінің түрақты шығындарын (қысқа мерзімді кезеңде) төмендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жабатын болса, өндірісті тоқтатпайды. Сонымен қатар, түрақты шығындарды жабуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді.Ал ұзақ мерзімді кезеңде мүндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Кейбір фирмалар саланы тастап кетеді, сондықтан салада қалған фирмалардың тауарларына сүраныс бағасы жоғарылайды. Бүл процесс салада қалған фирмалар орташа шығынын баға өтей алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса беретін болса, бағаның орташа шығыннан артық өсуіне алып келеді, салада қалған фирмалар экономикалық пайда алады, бүл салаға жаңа фирмаларды тартады. Салаға жаңа фирмалардың енуі сүранысты үлғайтады және тауар бағасын төмендетеді, фирма пайдасы азаяды. Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа фирмалардың ену процесі тоқтайды. ¥зақ мерзімді кезеңде жетілген бэсеке жағдайында фирмалардың салаға енуі жэне шығуы бағаның орташа шығынға теңесуімен анықталады (нөлдік, таза экономикалық пайда гипотезасы) яғни,P=MR=MC=AC.Таза монополия жағдайында монополист негүрлым көп өнім өндірсе, өткізу бағасы соғүрлым томен болады. Бүл жағдайда шекті табыс эрқашан орташа табыстан томен болады. Монополия жағдайында орташа шекті табыс қисығы сәйкес келмейді, өйткені MR<AR. Монополист шекті табыс шекті шығынға тең болғанда MR=MC пайдасын максималдайды, бірақ жетілген бәсеке жағдайында әрекет ететін фирмадан айырмашылығы шекті шығын бағадан томен МС < Р болады.Алайда жетілген бәсекелі салалардың нөлдік пайда гипотезасы монополист үшін жарамайды. Салаға жаңа фирмалардың енуіне тосқауылдар болатындықтан, монополист қысқа және үзақ мерзімде үстеме пайда алады. Пайда-ң қалыптасуы-ң басты себебі - монополист-өндіруші жетілген бәсеке жағдайына қарағанда өнімді азайтып ж/е тауарды жоғары бағамен сата алады.Жоғарыдағы түжырымдарды талдай отырып, мынадай қорытынды шыгаруга болады: біріншіден, жетілген бәсеке жагдайында пайданы максималдайтын фирма тек бір айныма-лыны - өнім көлемін бақылай алады. Екіншіден, таза монополия жагдайында пайданы жоғарылататын фирма бір мезетте екі айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз өнім өндіріп, жогары багамен сата алады және өндіріс масштабының үлғаюы есебінен шығындарды азайтып, баганы төмендете алады.