
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
52.Несиенің мәні мен формалары
Несие сөзбе-сөз аудармада сенім деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп ж/е сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім-бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады. Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайттарды айту керек:несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы.несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болады.Коммерциялық несие төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның обьектісі-тауарлық формадағы құралдар. Мақсаты-тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету. Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады. Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Халықаралық несие-бұл ссудалық капиталдың халықаралық экон-қ қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы н/е ақшалай нысаны болады. Үкімет, банктер, жеке фирмалар несие берушіде, несие алушыда бола алады. Мемлекеттік несие-мемлекет несиені халыққа ж/е жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік займ облигациялары болып табылады. Тұтынушы несие-жоғары поцентте(30%) көбіне анықталған мерзімге(1 жылдан 3 жылға дейін) жеке тұлғаға берілді. Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы н/е банк ссуда беру түрінде беріледі. Кепілдік несие-несие кепілдеме түрінде беріледі, яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады.
53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
Өндіріс нәтижесінде қоғамда өнім немесе игілік жасалынады. Жиынтық қоғамдық өнім – бұл белгілі бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынған игіліктердің жиынтығы. Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.
Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан –жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді.
Еңбек өндіріс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамнаң мақсатты іс - әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.
Жұмыс күші – адмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адмның мақсатты іс - әрекеттері. Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды.
Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.
Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда және басқаруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек, ал ол кезегінде өндірістің төртінші факторы болады.
.54.Өндіріс және ұдайы өндіріс. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Ал игіліктер – қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттар.
Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті. Адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементі.Өндіріс бұл қоғамдық процесс. Өйткені бұнда адамдар бір- бірімен бірлесе, яғни бір- бірінсіз жұмыс істей алмайды.
Өндіріс процессінде көбіне 4 стадия болады.
1 Өндіріс
2 Бөліп- тарату
3 Айырбас
4 Тұтыну
Бөлу- өндірілген өнімдердегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі.Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы.Өндірістің үздіксіз қайталанып отыруы – ұдайы өндіріс деп аталады.Оның өзі екіге бөлінеді:Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.
Ұдайы өндіріс процессі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады, және мына схема бойынша айналыс жасайды: өндіріс заттарын сатып алу-- өндіріс процессі ---- өндірілген товарларды өткізу. Бұл айналыс қайта-қайта қайталанып капитал айналысын құрайды.
55. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары. Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері өндірісте қолданылатын ресурстардың сиректігімен шектелінеді. Олар қоғамның дамуы мен бірге сақталынып қана қоймай, сонымен қатар өсе түсуде. Бұл шектеулі табиғи ресурстардың сарқылуына, жаңа тауарлар мен қызметтердің өндірісті дамытуға жаңа серпілістерінің төмендеуіне әкеледі.Өз ретінде тауарлар мен қызметтердің сапалық сипаттамасы өзгеріп , тұтыну тауарлары мен инвестицияларға деген қажеттілік өседі. Бірақ, ресурстар шектеулі болғандықтан, қоғам таідау жасауы қажет. Таңдау жасай отырып, қоғам біреуінен бас тартуы қажет, куткен нәтижеге жету үшін құрбандыққа бару керек.