Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның пайда болуы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
616.96 Кб
Скачать

3.Ақша функциясы

Ақшаның әр қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша 5қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы,дүниежүзілік ақша.1.Ақша-құн өлшемі. Құнның өлшемі қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын-алтын. Яғни, бұл қызметті толыққұнды ақша атқарады.Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес,осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның экон/қ қызметі. Ол құн заңымен анықталады. 2.Ақша айналыс құралы.Бұл қызметте тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.Тауар 1қолдан 2ші қолға ауысып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады. Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу дәне сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін.Айналыс құралы ретінде ақша қызметінің ерекшеліктері:- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;- оны идеалды ақша емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар–ақша белгілері орындайды.3.Ақша төлем құралы.Тауар айналысы ақша қозғалысымен байл/ты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен 1уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды.Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте н/се кеш жүруі мүмкін. Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады. 4.Ақша – қорлану және жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем ж/е айналыс құралы қызметі ақшалай қордың құрылуын талап етеді. Ақша қорлануының қажеттігі Т – А – Т айналымының 2актіге Т – А және А – Т айрылуымен байланысты.

4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.

Адам Смит – бұл өзінің «Исследование о природе богатства народов» еңбегінің арқасында экономика атасы атанған шотландық экономист(1776). Политэкономияның ағылшындық классик/қ мектебінің көрнекті өкілі болып т. Жер бетінде классикалық эко­номика аталарының бірі атанған Адам Смит енгізген “көрінбейтін қол” тео­риясы 170 жылдай уақыт салта­нат құрып келген еді.  Адам Смит эко­номиканың сұраныс пен ұсыныстың ара­қатынасы арқылы өздігі­нен рет­телетіндігін, оған әкімшілік ша­ра­лары арқылы араласуға болмай­тын­дығын айтқан болатын Смиттің ойынша, үкімет кәсіпкерлік адамдарға көбірек дербестік беруі керек, тек сол кезде ғана мануфактурлық өндіріс көбейеді. Ол адамдардың өзіндік экономикалық ойларының бар болғандығын солардың ақшаны үнемдеп, белгілі бір өндірісті ұйымдастырып, сонымен қатар елдің экономикасын дамытып отырғанынан аңғаруға болады,- деп айтқан.Адам Смит егер де, мемлекет кәсіпкерлерге бостандық беріп, олардың ісіне араласпаса, бұл ең жақсы шешім болар еді,- деп айтқан.Нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. Оны «көрінбейтін қол» деп, А.Смит қоғамдық мақсатқа сәйкестік пен тиімділіктің қорытындысын айтқан. Сондықтан меншік иесі меншік нарығында пайдасын ойлап, есептеп, оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өзіне керекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жаты. Ол адам мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін ең көп шамада жұмылдырады.