Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның пайда болуы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
616.96 Кб
Скачать

41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.

   Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық — монополия деп аталады, ал фирма — монополист деп аталады. Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады.

Монополия бір жағынан бәсекенің, ал екінші жағынан мемлекеттің экономикалық жүйеге араласу нәтижесі болып табылады. Бәсекенің ерекшелігі, өндірушілердің  бәсекелік артықшылықтары тұрақты және ұзақмерзімді сипатқа ие болу жағдайында ол өзіне қарама – қарсы монополияға үдемелі түрде ұласады. Өз кезегінде  мемлекет әрекеттерімен пайда болған монополиялар ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларын қамтып қана қоймай, сонымен бірге жалпы қоғам өмірінің экономикалық, саяси және әлеуметтік сферасына белсенді әсер етеді.

Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.

Монополия типтерінің ішіндегі негізгілерінің біріне табиғи монополия жатады, менің пікірімше  табиғи монополия  бір кәсіпорында белгілі – бір өнімнің өндірісінің шоғырлануының алдын – алуға бағытталған шаралар жүйесі экономикалық мақсатқа сай болмаған жағдайда пайда болады. Табиғи монополия өнім шығарылымы көлемінің өзгерісі жағдайында өндіріс құралдары көлемі өсуімен шығындар төмендеген жағдайда туындайды.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:

1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған кезде пайда болады.

2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы. Яғни, шығындарды азайту мақсатында монополия пайда болады.

3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Макроэк/ка эк/ны бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Макроэк/ка теориясының негізі ретінде микроэк/ка теориясы пайдаланады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну ж/е т.с.с. ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэк/қ факторлар үй шаруаш/ры мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро ж/е макроэк/қ үрдістер өзара тығыз байл/ты. Макроэк/қ талдауды 3 кезеңге бөледі:

І кезеңде фирмалар мен үй шар/ң шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэк/қ құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі эк/қ жағдайларға байл/ты қарастырады.

ІІ кезеңде фирмалар мен үй шар/ң жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы эк/қ беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. М, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі.

ІІІ кезеңде макроэк/қ ақпаратты талдау ж/е жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэк/ка – макроэк/қ теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байл/ты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

Макроэк/қ талдау ж/е саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылар (алғашқы, «сырттан» ендірілетін ақпараттар) бірқатары бар. Егер макроэк/ка жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен н/се саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті эк/қ талдау болады. Позитивті талдауда эк/қ саясаттағы, эк/қ шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті эк/ка арқылы экономист «егер ... болса, онда ... болады» деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен ж/е сандармен салыстырылу арқылы расталуы н/се жоққа шығарылуы мүмкін. Позитивті талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды ж/е қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.

Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалырақ екенін білу үшін нормативті эк/қ талдауды пайдаланады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: «мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс», «осындай саясатты жүргізу оңды болады». Жалпы нормативті талдауды нақты эк/қ шарттардың, эк/қ саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын эк/қ талдау деп айтсақ та болады.

43.Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері. Белгілі бір мерзім аралығында ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәт/е жалпы сипаттама беру үшін макроэк/қ көрсеткіштер қолданылады. Халық шаруашылығын сипаттайтын макроэк/қ көрсеткіштер: ұлттық байлық, ұлттық табыс, баға деңгейі, процент ставкасының орташа деңгейі, жұмыспен қамтылу деңгейі.

Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды. ЖІӨ - елдің аумағында орналасқан барлық отандық ж/е шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтердің ақшалай сомасы. ЖҰӨ - тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мем/де қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.

ЖІӨ - амортизация = Таза ұлттық өнім

ТҰӨ - жанама салық= Ұлттық табыс

Жеке табыс=әлеуметтік сақтандыру жарнасы – корпорациялар табысына салық – корпорациялар пайдасын қайта бөлу – транспорт төлемдері +дивиденттер + алынған пайыздар. Қолдағы табыс=жеке табыс-жеке табыс салығы. Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандық азамат «Қазақстан темір жолы » ұлттық компаниясының 5 пайыз акциясына иегер болып, акциясынан дивидент алып отырсын. Бұл кезде Қазақстан азаматы дивидендінің жылдық сомасы ҚР-ның ЖҰӨ-н, ал Ресейдің ЖІӨ-н құрайды. Осы көрсеткіштердің жиынтығы эк/ң жалпы дамуын көрсететін Ұлттық есеп жүйесін (ҰЕЖ) құрайды. ҰЕЖ – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындардың ж/е т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды ж/е т.б. эк/қ тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады.

Макроэк/қ көрсеткіштерді өлшеу тәсілдері: 1) қосымша құн әдісі; 2) шығындар б/ша; 3) табыс б/ша. 1) Қосымша құн әдісі - өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның ж/е т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі б/ша есептеу әдісі.

2) Шығындар б/ша: Y=C+I+G+NX

Мұндағы: С –үй шар/ң тұтыну шығыстары;

I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға ж/е техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;

G – мем/ң тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;

NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.

3) Табыс б/ша: Y=W+P+R+I+T+A

Мұндағы: W-еңбекақа;P – пайда.R – рента.I – пайыз.

T- салықтар

A – амортизациялық аударымдар