
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
Меншік- адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.
Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады. Меншік субъектісі ретінде – мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға болады.
Меншік объектісі ретінде – жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары жатады.
39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
Меншік- адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.
Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып табылады. Жеке меншік дегеніміз- белгілі бір мүлікке жеке адамның иелік етуін айтамыз.
«Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату – бұл толық меншік емес.
Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.
40.Меншік типтері мен формалары. Мешік адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы қатынас. Меншік, әдетте затпен б\ты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздегідей жай зат емес, осы заттарды иемденумен б\ты адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің әр қилы тарихи типтерін анықтасақ: бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы, ұүл иеленушілік ж\е көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі; жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік типі. Меншік экономикалық тұрғыда өндіріс пен еңбектің бөліну және кооперациялану деңгейлеріне байланысты бірнеше сатыларға бөлінеді. Ұйымдастырушылық-эконоикалық қатынастардың бұл түрлері өндірістің нақты дамуы сатысын көрсетеді. Мұндағы ең төменгі саты- жеке бір адамның шаруашылық жүргізуі. Аса жоғарғы саты адамдардың белгілі бір ұйымдарға бірігуі арқылы пайда болады. Өндірісті ұйымдастырудың бір сатысынан екінші сатысына өту техникалық прогреске және алынатын экономикалық пайдаға байланысты. Мысалы, өндіріс құралдарының жетілуі, технологияның дамуы және бәсекенің күшеюі капиталдардың орталықтануы мен шоғырлануы туындатады.
Меншік типтері: а) өздеріне тиесілі мүліктерді меншік иелерінің жалпы мақсатта пайдалану деңгейі бойынша; б) жекелеген еншілес меншік иелері арасында жалпы меншікті еркін бөлу мүмкіндігі мен мүмкін еместігі бойынша анықталады.
1.Жеке өзіндік меншік- жеке азаматтардың мүлікті жеке басының табыс көзі ретінде пайдалануын білдіреді. Иемденудің бұл типі меншік иесінің экономикалық психологиясын қалыптастырады, яғни адамның шаруашылық тәсілі мен іс-әрекетінің белгілеріне әсер етеді. Жеке меншік иесінің келесідей психологиялық ерекшіліктері бар:
-Өз мүлкінен табыс алуға материалдық тұрғыдан жеке өзі мүдделі болады;
-Әдетте қоғамдық міндеттер үшін еңбек пен мүліктік шығындардың пайдасы жоқ деп есептейді;
-Өзінің жеке мүдделерін жоғары қояды;
-Жеке меншік иелері «әркім өзі үшін» мәтелді жиі ұсынады.
Жеке иемденудің екі түрі бар:
а)адамның өзінің еңбегіне негізделген меншік, мұнда меншік иесі мен жұмысшы рөлін бір тұлға атқарады, сондықтан өндірістің барлық нәтижесі жұмысшының меншігі болып табылады;
б)жалдамалы еңбекке негізделген меншік, мұнда жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылады, сондықтан меншік иесінің алатын пайдасы жалақы мөлшеріне кем болады;
2.Иемденудің екінші түрі- жалпы үлестік меншік. Ол жеке өзіндік меншіктен өзгеше, бірақ ұқсастықтары бар.
Жалпы үлестік меншіктің ерекше белгілері: а) жеке меншік иелерінің үлестерін біріктіру негізінде құрылады; б) ол жалпы мақсатта, ортақ бақылау мен басқару арқылы пайдаланылады; в) мүлікті ортақтасып пайдаланудың экономикалық нәтижелері ұжымдық шаруашылыққа қатысушылардың арасында әрқайсысының үлесіне қарай бөлінеді.
Жалпы үлестік меншікке қатысушылардың экономикалық-психологиялықерекшеліктері келесідей:
-Олардың жеке дербес мүдделері ұжымдық мүдделермен үйлеседі;
-Әрбір меншік иесі ортақ мүліктегі өз үлесін арттыруды көздкйді;
-Меншік иелері кәсіпорынның тұрақты және табысты болуы үшін мүдделі;
-Әрбір қатысушы өз әл-ауқатының жалпы табыстардың көлеміне тәуелді екенін түсінеді;
-Жеке экономикалық мүдделер ұжымдық меншік мүдделерімен тығыз байланысты.
-Жалпы үлестік меншіктің нақты нысандары суретте көрсетілген.
Шаруашылық серіктестік- жарғылық капиталы қатысушылардың үлестеріне бөлінген, пайда табу мақсатында әрекет ететін коммерциялық ұйым.
Акционерлік қоғам- жарғылық капиталы акциялардың белгілі бір санына бөлінген коммерциялық ұйым.
Өндірістік коорпоратив- бірігіп шаруашылық жүргізу үшін оның мүшелерінің мүліктік пайлық жанрларын біріктіру арқылы құрылатын азаматтардың ерікті бірігуі.
Біріккен кәсіпорын- отандық және шетелдік әріптес кәсіпорындардың капитал салымдары негізінде құрылуы.
3.Жалпы ортақ меншіктің өзіндік ерекшеліктері: а) біртұтас ұжымға біріккен заңды және жеке тұлғалар өндіріс факторлары мен нәтижелерін ортақтасып пайдаланады; б) әрбір қатысушының мүліктік үлесі анықталмайды; в) меншіктен алынатын жалпы табыс қатысушылар арасында теңдей үлесте немесе әрқайсысының ұжымдық нәтижелерге қосқан еңбектік үлесіне байланысты бөлінеді; г) мүлікті пайдалану, басқару барлық қатысушылардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.
Алғашқы қауымдық ортақ меншік- адамзат өміріндегі ортақтасып иемденудің алғашқы нысаны. Табиғатқа толық тәуелді болғандықтан, олар тек қауымдасып өмір сүрді.
Жалпы отбасылық меншік- отбасы мүшелерімен жинақталған мүліктер.
Мемлекеттік меншік- мемлекеттік меншік құқығына негізделген елдің барлық мүліктері. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік меншік тиімді бола алады, өйткені оның қызметтерімен байланысты өзіндік артықшылықтры бар: макроэкономикалық реттеуге, елдің экономикалық даму стратегиясын қалыптастыруға, ұлттық экономика құрылымын оңтайлы етуге қабілетті.
Муниципалдық меншік- жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың меншік құқығының болуы. Муниципалды меншік объектілері: су құбыры және канализация желісі, газ шаруашылығы, электрмен жабдықтау, көлік, тұрғын үй және т.б.
Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім: жалпы ж\е жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары ж\ке әдістерімен айқындалады. Екеуінің түпкі мәні ортақ, сондықтан жалпы меншік жеке меншіккеғ жеке жалпыға айнала алады.