
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
Адам қоғамның дамуының негізгі материалдық өндіріс құрайды. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса, онда адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.
Материалдық өндірістің саласы - халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету - т.б.) екіге бөлінеді.
Қaзipгi қоғамдық өндіріс құрылымына материалдық өндіріс салаларынан басқа, материалдық емес өндіріс салаларда бөлінеді. Оларда ерекше материалдық емес игіліктер жасалады, сондай-ақ материалдық емес қызмет көрсету - денсаулық сақтау, білім, ғылым және басқалары бар бұлар бұрын өндipicтiк емес салаға жаткызылған. Ғылыми зерттеудің көрсеткеніндей, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет материалдық өндipic тиімділігіне үлкен әсер етеді. Солайда тікелей емес, қоғамның басты өндіргіш күші - адам арқылы жанама түрде әсер етеді. Бүгінде қaзipгi қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр: а) өндірістің тиімділігін арттыру; ә) өндірістің эколгиясын сауықтыру; б) гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға 6ip қалыпты жағдай жасау.
35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
1990 ж. Қазақстан Республикасы өз егемендігін
жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.1990 ж. желтоқсанында қабылданған “ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы ” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 ж. арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарды. Қазіргі таңда ҚР-ғы жұмыс жасап отарған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
1.Бірінші кезең. 1988 – 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру, алғашқы коммерциялық банктер құру,
2.Екінші кезең. 1992 ж. аяғы 1993 ж. – рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық бір қатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
3.Үшінші кезеңі. 1993 ж. қараша айынан бастап осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетпен банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидадаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді [8; 22-23].
Елімізде қабылданған банктік заңдылыққа сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады:
І деңгей ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банкі ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
ІІ деңгей Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) – екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзіндегі екінші деңгейдегі банктер немесе коммерциялық банктер жүйесі деп атайды [2; 4].
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары болып саналады. Мемлекеттік банк Республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледі. Коммерциялық банктер өздерінің акционерлік жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекттік емес құрылым немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарды құрылуы мүмкін: мемлекеттік – жеке, мемлекеттік – кооперативтік, жеке – кооперативтік [7; 181].
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметтер мына кестеде берілген:
Осы кестеде көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарына мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған) саны – 2. Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны – 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуғын алады.