Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақшаның пайда болуы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
616.96 Кб
Скачать

30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.

Кәсіпорынның ағымдағы өндірісінде туындайтын шығындары – басқарушылық есептің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Өндірістік шығындар туралы ақпараттар, сол шығындарды басқаруды ұйымдастыруы үшін өте маңызды. Кәсіпорындағы өндірістік шығындарды басқарудың басты мақсаты - тиімділікті, ұтымды немесе оңтайлы баға және шығын деңгейін орнату, алдын ала белгілеген, көздеген табысқа жету болып табылады. «Шығындар дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс алуына бағытталыған шығындарының бір бөлігі,тауар өндіру немесе қызмет көрсету процесінде қолданылатын экономикалық ресурстарды сатып алуға жұмсалынатын шығыстар. Өндірістік шығындардың негізгі элементтеріне мыналар жатады:

1. материалдарға кеткен тікелей шығындар;

2. еңбек ақы шығындары.

Өндірістік шығындар және үстеме жалпы шаруашылық шығындар коммерциялық шығындармен бірге өнімнің (тауардың, қызметтің) толық өзіндік құнын құрайды.

31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алып, демократиялық мемлекет құрған уақыттан бері елде нарықтық қатынастарға көшу жағдайында әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілуде. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы егемендік алған жылдары төмен болғаны рас, бірақ, бұл мәселе тұрақтанып, соңғы жылдары бір қалыпқа келді. Экономиканы көтеретін ірі өндіріс орындары ашылып, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік туып және оларға үлкен талап қойылып институттану үрдісі жүріп жатыр. Қазіргі таңда кәсіпкерліктің институттануында мемлекеттің тарапынан қолдау жасаудың маңызы зор. Бүгінгі таңда кәсіпкерліктің институттануын әлеуметтік ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесі тек экономика саласының ғана емес, сонымен қатар басқа да әр түрлі ғылым саласы өкілдерін толғандырар проблемаға айналды. Бұл мәселе төңірегінде саясатшы, психолог, тарихшы, философ, әлеуметтанушы ғалымдардың да еңбегі баршылық. Соның ішінде бұл проблеманы зерттеудің әлеуметтану ғылымы үшін маңызы өте зор. Себебі, қоғамның әлеуметтік кұрылымында пайда болған өзіне тән ерекшелігі бар кәсіпкерлер тобы, олардың кәсіпкерлік қызметі туралы зерттеу жүргізу бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айналған еді. Кәсіпкерлер — жаңа әлеуметтік топ, ол шаруашылықтың барлық саласыңда орын алады, экономикалық өркендеу, қоғамның тұрақтануы соның әрекетіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда біз өзіміздің нақты мұқтаждық – қажеттіліктеріміз бен қабілеттерімізді ескере отырып, әлемдік нарық жүйесіне ендік. Егеменді мемлекетретінде Қазақстан Республикасы кең көлемді саяси,әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудамыз, осы мақсатта экономиканы, еліміздің хал-ауқатын көтеру жолында кәсіпкерлікті дамытудың маңызы жоғары. Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді.  Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.

32.ҚР-дағы инфляция және жұмыссыздық проблемасына талдау

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі:

  • жұмыссыздық экономикалық шығынға әкеледі, ЖҰӨ-нің деңгейін төмендетеді;жұмыссыздық адамдар үшін табысты жоғалтуға, өмір сүру деңгейін төмендетуге, қылмыстың көбеюіне, елімнің өcyiне әкеледі;жұмыссыздықтың ұзаққа созылуынан жұмыскерлердің мамандығы жоғалады.

 Соңғы жылдары үкімет әзірлеген құжаттарда ("Қазақстан Республикасында кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күресу жөніндегі 2000 — 02 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама", "Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003 — 05 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама", ұдайы экономиканың өcyi халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, жұмыссыздықты төмендетуге, адам ресурстарына инвестицияның өсуіне мүмкіндік жасауда.  Қазіргі кезде егеменді Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдай және оның даму үрдісі халықтың экономикалық белсенділігі, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.Қазақстанда  тұрғындарды жаппай жұмыспен қамту  орталығы 1991-ші жылы шілденін 1-нен бастап жұмыс істей бастады.Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары, қарастырылған, жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмыска алудың үлесі белгіленген. Осы жылдардың ішінде кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:кіші кредиттер жүйесін енгізуге;шағын және орта бизнесті дамытуға;еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді тартуға;шарттар мен контрактар және бюджеттік сатып алулар кезіде жұмыспен қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келуге;қоғамдық жұмыстарды ең алдымен жол құрылысы мен орман отырғызуды дамытуға;жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің бәрін алып тастауға;қызмет көрсету саласын және әcipece туризмді белсенді дамытуға негізделеді.

ҚР да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары.Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан жәнге осығарн байланысты мемелкет кірічстерінің құнсыздануынан туады Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі - ақша-кредит саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын». Қазақстан экономикасында сақталып отырған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды.  Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.

Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары Инф-ң өрістеп, күшеюі э-қ жөне әлеу-к қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемл инф-ы жою ж-е ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инф кезінде мемл іс - қимылының екі нұсқасы болады: 1) бейімделу саясатын жүргізу н-е инф-ға бейімделу; Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с. 2) инф-ы төмендету н-е басу жөнінде инф-га қарсы шаралардың кешенін жүргізу. Инф-ы жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — э-қ,қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олар-ң шешушісі база-қ,өндірістік — э-қ сфера болып табылады. Сұраным инф-н жоюға ақша жөне фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэ-қ әдістермен жетугеболады.Инфляцияга қарсы саясат — инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.Дефляциялык, саясат — мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. 33.Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекеттендіру.

«жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.

Жекешелендірудің  максаты: Жекешелендiрудiң негiзгi мақсаты - мемлекетке қарасты өндiрiстiк объектiлердi, басқа да материалдық және материалдық емес активтердi мемлекеттiң өтеусiз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлiктi қайтару барысында меншiк хұқығын дербестендiру негiзiнде орталықтандырылған-жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшiн қажеттi жағдайлар жасау.

     — өтпелілік максатты алға тартып, жеке меншік топтарын кұру;

     — мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялык қүрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.

     Қазақстандағы Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші  кезеңде тұрғыңдардан қайтаруды  кажет етпейтін тұрғын-үй купонын қоддана отырьт, үйлерді (пәтерді) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезенде тұрғындар кайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120-дай болды.

Үлттык  бағдарламаға сай Қазакстан Республикасында  мемлекеттен меншікті алу мен  жекешелендіру алғашқыда екі  кезенде жұргізілді:

     — бірінші кезең     1991-1992 жылдар;

     — екінші кезең      1993-1995 жылдар;

     — үшінші кезең 1996-шы жылдан басталып, 1998-ші жылдың бірінші жартысына дейін  созылды.

     Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу  мен жекешелендірудін негізгі мақсаты  мынада:

     —  шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

     —  бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті  монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

     — шағын және орта бизнесті дамыту;

     —  шет мемлекетті озіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық-шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

     —  бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық кұрылым  жүйесін дамыту және нығайту.

     Қазақстан Республикасының ерекше меншік объектілері  жекешелендіруге жатпайды. Олар —  жер, оның байлығы, су, әуе кеңестігі, өсімдік пен жануарлар дүниесі, елдің тарихи жөне мәдени кұндылықтары.