
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық -құқықтық нысандары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны- кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар және басқа да кәсіпорындармен болатын қатынастарынан тұратын белгілі бір нормалар жүйесі. Кәсіпкерліктің ұйымдық құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады: жеке капиталдың немесе оны тарту мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы және т.б.
Кәсіпкерліктің мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары болады:
1. Серіктестік: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
2. Акционерлік қоғам (ашық және жабық типі);
3. Мемлекеттік кәсіпорын.
Шаруашылық серіктестіктері жарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына бөлінген заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіне ақша, мүліктік құқық немесе ақшалай бағасы бар басқа да құндылықтар салынады.
Толық серіктестік. Қатысушылары (толық серіктестер) кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік толық серіктестік болып табылады.
Сенім серіктестігі. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Бір немесе бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеуі серіктестік деп танылады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушылары серіктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен, ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Акционерлік қоғам — бұл өз қызметін жүзеге асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Бюджеттік кәсіпорындарға заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік корпорациялар мемлекеттік кәсіпорындардың кеңінен тараған түрі. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Аралас компаниялар акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады,
29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
Осы заманда батыс эк/да кіші бизнес шаруаш/ң ең ірі секторын құрайды.Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік нормасына франчайзинг мен венчурлік кәсіпкерлігі жатады. Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтердінде ірі фирмалардың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контранкт жасайды. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылу жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардын сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді ж/е қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып отырады. Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен ж/е оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады ж/е консультация жүргізеді. Олар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Венчурлік кәсіпкерлік 2-ші дүнжүз. Соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-да п.б. Венчурлік фирма Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселені шешеші:1.Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;2.халықтың материалдық ж/е қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;т.б.Орташа бизнестің рөлі аз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, н/е мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін. Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан ж/е мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.