
- •1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •3.Ақша функциясы
- •4.А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •5.Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •6.Ақша жүйесінің эволюциясы
- •7.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •8.Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •11.Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •12.Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде
- •16.Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •17.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •18.Жалақының мәні және оның формалары.
- •20.Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •21.Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •22.Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •27.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •28.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •30.Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •31.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •34.Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі
- •35.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •36.Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •37.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •38.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.
- •39.Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •41.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •42.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •44.Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •45.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •46.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •47.Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және
- •49.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері
- •51.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •52.Несиенің мәні мен формалары
- •53.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •56.Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •58.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •61.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •63.Рыноктық инфрақұрылым.
- •65.Тұк және ұлттық экономика.
- •70. Ұлттық есептеу жүйесі
- •72.Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •75.Экономикалық теория қызметтері.
- •78.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •79.Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •82. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.
- •83. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
1.Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.Субъективті көзқарас кезінде ақша адмдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша –бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.
Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленеді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Ақша – бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.Ақшаның осы заманғы концепциялары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды.Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Дж. Стюарт дамытты. „Металлистерге“ сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін – айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. „Номиналистер“ ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
Ақшаның сандық теоричсының негізін қалаушылар Дж.Локк (ХҮІІ ғ. соңы), Ш.Монтескье, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық А.С.Пигу (ХХ ғ. ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты. Олардың көзқарастары келесі сұрақтарда қарастырылады.
2.Ақша реформасы, себебі, мәні және әлеуметтік салдарлары.Ақша реформасы - ұлттық валютаны нығайту, ақша айналысын реттеу мақсатында елдің ақша жүйесін қайта құру. Ақша реформасының түрлері: ақшаның көрсетулі құнын сақтай отырып, оның жаңа үлгісін шығарып, ақша белгілерін толық немесе ішінара ауыстыру; ақша өлшемін ірілендіру нысанында деноминациялау; ұлттық валютаның бағамын өзгерту; девальвация — ұлттық валютаның бағамын төмендету; ревальвация — ұлттық валютаның бағамын көтеру. Ақша реформасын мемлекетайналысқа жаңа ақша белгілерін шығару және ескі ақшаны мәжбүрлеп алу жолымен жүзеге асырады. Өндіріс түрпаты немесе қоғамдық-экономикалық формация ауысқан кезде (феодализмнің алтын стандарты капитализм тұсында банкноттық және несиелік түрпатпен ауысты), сондай-ақ соғыстар мен төңкерістердің салдарынан қираған экономиканы тұрақтандыру кезеңінде ақша реформасы сөзсіз жүзеге асырылады. Ақша реформасы толық немесе ішінара болады. Толық ақша реформасы (жаңа ақша жүйесін жасау) жаңа мемлекеттердің пайда болуына байланысты немесе бернеше елдердің ақша жүйесі біріктірілген жағдайда ұлттық акша жүйесінен тыс тұрған ақша жүйесін құру кезінде жүргізіледі (мыс., Еуропалық валюта одағы елдерінің бірыңғай ақша жүйесінің құрылуы). Iшінaрa ақша реформасы (ақша айналысын тұрақтандыру мақсатымен қолданыстағы ақша жүйесін ретке кел- тіру) кезінде әдетте ақша жүйесінің жекелеген элементтері өзгертіледі (мыс., ақша өлшемін шығару тәртібі, оның атауы, бағанын ауқымы, ақша белгілері немесе ақша-несиелік реттеу органдары өзгереді).[1]